2.Күрделі химиялық реакциялар
Күрделі реакциялар деп – жалпы кинетикалық теңдеу бойынша жылдамдық константасы болатын реакцияларды айтады. Күрделі реакцияларға қайтымды, паралель, бейтәртіп жүретін, қосарланған тізбектің таралу реакциялар жатады.
Қүрделі реакция деп жалпы кинетикалық теңдеулердің құрамында жай реакциялармен салыстырғанда бірнеше жылдамдык константасы бар реакцияларды айтады. Күрделі реакциялар қатарына қайтымды, параллельді (қосарлы), тізбекті және басқа реакциялар енеді. Бұл реакциялардың теориялық негізі жүйеде бір мезгілде бірімен-бірі қатарынан әрқайсысына жай реакциялардың кинетикалық теңдеуін қолдануға болатын құбылыстардың жүруі деп есептелетіндігі.
Параллельді немесе қосарлы реакция деп берілген бір қосылыстан не заттан бір сәтте қатарынан екі не одан да көп өнім алынатын күрделі реакцияларды айтады.
Паралель реакциялар : А →В→С;
6НСІО3 → 2НСІ +3О2
6НСІО3 →3НСІО4 + НСІ
Қосарланған реакциялар:
Кейбір радиоактивті элементтердің де ыдырауы бірден екі бағытта қосарласа жүреді. Органикалық химияда да параллельді реакциялар жиі кездеседі.
Қосарлы реакциялардың жалпы немесе берілген жағдайдағы кинетикалық теңдеуін тауып, оны есептеу өте күрделі. Сондықтан оларды құрамына енетін жай реакцияларға жіктеп, олардың әрбір сатылы реакцияларын ескереді. Егер берілген реакция бірнеше сатылы реакциялардан тұрса және олардың реакция жылдамдығы біріне-бірі тең болмаса, онда жылдамдығы төмен болатын реакция берілгеи реакцияның жылдамдығын анықтайды.
А →В→С →Д бейтәртіп жүретін реакциялар.
Жалғасымды немесе сатылы реакция деп бірінен кейін бірі жалғасып жүретін күрделі химиялық реакциялар түрін айтады. Оған мысал ретінде берілген А затынан В қосылысы түзіліп, реакция онан әрі жалғасып, сатылай жүріп С өнімі шығатын реакцияны келтіруге болады: А→В→С. Бұл реакциялар табиғатта кең таралған. Олар екі, үш не одан да артық жекеленген сатылы реакциялардан тұрады және олардың әрқайсысы әр түрлі молекулалық та, күрделі де болуы мүмкін. Дикарбон қышқылдары күрделі эфирлерінің немесе гликольдердің күрделі эфирлерінің, дигалоген туындыларының, майлардың және т. б. гидролиздеу реакциялары, яғни суда ыдырауы осы жалғасымды реакцияға жатады. Сол секілді үш сахаридті гидролиздегенде, әуелі дисаха-ридке ыдырап, онан әрі бұл дисахарид моносахаридке жіктеледі. Оны үш сахаридті рафиноза дейді, оның гидролиздену реакциясы екі сатыдан тұрады:
1. СІ8Н32ОІ6 + Н2О→С6НІ2О6 + С12Н22О11 —дисахарид,
2. СІ2Н22О11 + Н2О→С6Н12О6 + С6НІ2О6 — моносахарид.
Кейде бір реакция өздігінен жүрмейді. Ал егер онда басқа бір реакция жүрсе, соған ілесіп, яғни соның жүруіне үйлесімді жүретін күрделі реакциялар түрі кездеседі. Мұндайларды ілесімді не орайластық реакциялар дейді. Мұндай реакцияларды жалпы түрде былай көрсетуге болады:
А + В→М, 2. А + С→N
Демек, ілесімді реакциялар екі сатыдан тұрады. Оның бірінші сатысындағы реакция ешнәрсеге тәуелсіз, өздігінен жүре береді, яғни А және В реагенттері М өнімін түзеді. Ал екінші реакциядағы А мен С реагенттері өздігінен реакцияға түспейді және N өнімі шықпайды. Ал, егер А, В және С реагенттерін бір реакторға салса, онда әуелі М түзіледі де оған ілесе екінші реакция жүріп, оған орай N өнімі пайда болады. Оған екі мысал келтірейік:
1. Н202(А)+Ғе2+(В)→Ғе3+(М)+Н20
2. Н202(А)+2НІ(С)→I2(N)+2Н20
Мұндағы бірінші реакция бойынша екі валентті темір тұздары, айталық ҒеS04 сутектің пероксидінде ешнәрсеге тәуелсіз өздігінен жүреді, яғни темір (II) сульфаты тотығып, үш валентті темір сульфатына айналады. Ал екінші реакцияны жеке бөліп алса, ол өздігінен жүрмейді. Ол тек бірінші реакция жүріп, темір (III) сульфаты пайда болғанда ғана сол реакцияға ілесе жүреді де, иодты сутек кышқылындағы иодтың тотықсыздануы темір (III) сульфатына орайлы келеді. Мүндай реакциялар органикалық химияда, әсіресе, биохимияда жиі кездеседі.
Сонымен қатар тізбекті реакциялар, бос радикалдар деп аталатын қанықпаған немесе бос валенттілігі бар аса активті бөлшектердің қатынасуымен жүретін реакциялар да күрделі реакцияларға жатады. Мұндай реакциялардағы бос радикалдар молекулалардағы байланыстар үзілген кезде пайда болатын энергияны сіңіргенде, электр ыдырағанда электромагниттік толқындар дарыған тұста және сол сияқты басқа да сыртқы энергия түрлері әсер еткенде пайда болады.
Бос радикал әр түрлі молекула топтарының валенттілік жағынан қаныққан судың — ОН, аммиактың — Н2N, күкіртті сутектің — НS сияқты бөлшектерден құрылады. Жеке атомдар да бос радикалдарға жатады. Бос радикалдарда жұптаспаған электрондар болғандықтан, олар өте активті және реакцияға белсенді араласады.
Тізбекті реакция активті молекула басқалармен әрекеттескенде бірнеше активті молекула тудырып немесе қаныққан валенттілектегі топтарды, бос атомдарды қоздыру механизміне негізделген. Әрбір активті бөлшектің, радикалдың, бос атомның жойылып не қайтадан пайда болу процесі бірнеше рет қайталанады және осы тұста тізбекті қайталанатын реакция не жалғасымды не параллельді (қосарланып) жүреді.
Радикалды-тізбекті реакцияға мысал ретінде хлордың сутекпен әрекеттесетін реакциясын қарастыруға болады: Н2 + С12 = = 2НС1. Егер бірдей молекулалық қатынастағы сутек пен хлор газдарының қоспасын қалыпты температурада, қараңғы жерде сақтаса, олардың арасында ешқандай реакция жүрмейді. Қоспаны жарыққа шығарса, реакция өте баяу жүре бастайды. Ал осы қоспаны қыздырса не оған күн сәулесін тікелей бағыттап түсірсе, реакция асқан жылдамдықпен жүріп, қопарылыспен аяқталады. Мұндағы реакцияның әуелгі басталуы күн сәулесінен қоспаға келген квант (сәуле) энергиясының немесе қыздырғандағы энергия әсерінен хлор молекуласының қозып, жеке атомдарға ыдырауымен тікелей байланысты. Осы ыдырауды диссоциалану дейді де оны былай көрсетеді:
С12 + hν→•С1 + С1•
Хлор радикалы ( • С1) сутек молекуласына кездесіп, оны қоздырады да хлорлы сутек молекуласын түзеді және осы кезде сутек радикалы (•Н) пайда болады. Енді осы жаңадан пайда болған сутек радикалы сол сәтте-ақ хлор молекуласына әсер етіп, оны қоздырады, сөйтіп тағы бір хлорлы сутек молекуласы мен хлор радикалы (•С1) туындайды. Бұл реакция осылайша жалғаса береді. Тізбекті реакциялардағы берілген реагенттердің жекеленген элементарлы актілерге жіктеле келіп жалғасымды реакциялар арқылы реакция өніміне айналуын, келесі тізбекте көрсетуге болады:
Тізбекті реакциялардың негізі, түп нұсқасы болып саналатын жеке реакцияларды, яғни элементарлы химиялық қақтығыстарды тізбекті реакциялардың буыны не тізбек буыны деп атайды. Ал, алғашқы сатыдағы активті (белсенді) бөлшектің не бос радикалдың ең бірінші туындалуы тізбектің пайда болуы деп аталады. Тізбек ұзындығы өзара байланысқан және активті бір орталық болып есептелетін бос радикалдың пайда болуына тәуелді элементар химиялық процестердегі буын санымен анықталады. Тізбекті реакцияларға қатысатын химиялық реагенттердің табиғи сипатына орай тізбек ұзындығы 2—3 буыннан бастап, бірнеше мыңдаған буын аралығында, аса кең шек аралығында болуы мүмкін.
Осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда қарастырылған хлорлы сутекті синтездеу реакциясына келсек, ондағы тізбек буынының саны жүз мыңға дейін жетеді. Мұны басқаша айтқанда, күн сәулесінен қоспаға сіңген әрбір квант энергиясының әсерінен жүз мыңға дейін хлорлы сутек молекуласы пайда болады екен. Әрине, мұндай жылдамдықтағы реакцияға бірден бірнеше квант сәулесі жіберілсе, ол тек қопарылыспен аяқталады.
Әуелде бір рет пайда болған тізбек жалпы алғанда реакцияға түсетін заттар толық таусылғанша жүруі керек сияқты болып көрінеді. Ал шынтуайтына келгенде әрбір реакциядағы тізбектің соңы болады. Өйткені, осы тізбекті реакцияларда белсенді бөлшектер мен бос радикалдардың активті орталығы бұзылып, жойылатын процестер де кездесуі мүмкін. Мінеки, дәл осындай кезеңдерде тізбек үзіледі. Бұл активті молекула ыдыс қабырғасына соқтығысқанда не екі бөлшек өзара қақтығысқанда активтілігін жоғалтқанда да байқалады.
Тізбекті реакциялар жылдамдығы активті орталық концентрациясына және тізбек ұзындығына байланысты болса, тізбек ұзындығы реакция жүретін ыдыстың өлшемі мен пішініне сәйкес келеді. Сол сияқты бұған реагент құрамындағы қоспалар да айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан да тізбекті реакциялар жылдамдығы реагент тазалығына, құрамына өте сезімтал және осы негізде бұл реакциялардың жылдамдығын реттейді.
Активті бөлшектер химиялық реакциялар жүріп жатқан процестерде екі не одан көп жаңа бөлшектерді тудырады. Демек, тізбекті реакция кезінде бір аткивті бөлшек не бос радикал жойылып, реакция тоқтап жатса, енді оның бір жерінде екі не одан көп жаңа тізбектегі, бірнеше буындағы реакциялар пайда болады. Бұл да тізбекті реакциялардың жылдамдығын үдетіп, қопарылысқа әкеледі. Оған сутек пен оттек арасындағы реакцияны мысал ретінде көрсетуге болады: 2Н2 + О2 = 2Н2О. Осы келтірілген теңдеу бұл реакцияның жалпы түрдегі, бірден-бір қарапайым және оның бастапқы мен соңғы сатысын ғана көрсетеді де ондағы реакция механизмі жайлы ешбір дерек бермейді. Қаныкқан молекулалар — оттек пен сутек арасындағы реакцияның басталуы, не осы екі газ қоспасын қыздырғанда, не электр разрядымен (ұшқынымен) әсер еткенде, не қысқа толқынды сәуле таратқанда пайда болатын бос радикалмен байланысты:
Н2 + О2 + hν=•ОН+•ОН
мұндағы бос радикалдар • ОН сутек молекуласымен ешбір кедергісіз және өте оңай әрекеттеседі:
НО•+Н2=Н2O+•Н
Реакцияның осы сатысындағы пайда болған сутектің активті атомы оттек молекуласына ықпал етіп, әуелі оны қоздырып, сосын олардың арасында реакция нәтижесінде бос валенттілігі бар бірден екі бөлшек пайда болады: олардың біреуі гидроксил тобы (•ОН) да, екіншісі оттек атомындағы бірден екі бос валенттілік (•О):
•Н + О2 = НО•+ •О•
Осылайша активті бөлшектер мен бос радикалдар әп-сәтте еселей артады да, реакция жүретін активті орталықтар көбейеді. Бұл реакцияның тізбегін былай көрсетуге болады:
Тізбекті реакциялардың механизмін активті орталықтардың пайда болуымен байланыстыра келіп, 1904 жылы А. Н. Шилов бірінші болып түсіндірді. Бұл реакциялардың механизмін зерттеу ісіне Н. Н. Семенов үлкен үлес қосты. Оған осы саладағы жемісті еңбегі үшін Нобель атындағы сыйлық берілді.
Қазір тізбекті реакциялардың механизмі, сипаты жан-жақты, нақтылы зерттелгендігі сонша олардың жылдамдығын реттей отырып, оны қопарылысқа жеткізбей, керекті тұста (сатыда) тежеп, тоқтату мүмкіндігі бар. Ол үшін реакция жүретін ортаға, онда пайда болатын активті бөлшектер мен бос радикалдарды сөндіретін, басқаша айтқанда олармен тез әрекеттесетін заттарды қосады. Мұндайда реакция жылдамдығын реттеу мүмкін. Мысалы, сутек пен хлор газдардың қоспасын алсақ, оның өте тез жүріп, қопарылыспен аяқталатынын білеміз. Ал, егер осы қоспаға үш хлорлы азоттың (NCl) небәрі 0,01% қосса, онда айтылған реакция жылдамдығы жүз мың есе төмендейді.
Қейбір заттар тізбекті реакциялардың жылдамдығын арттырады. Қөмірсутектердің тотығу реакциялары тізбекті реакцияларға жатады және олар өте баяу жүреді. Енді осы реакция жүрген кезде оған болмашы ғана азот (II) оксидін қосса, онда көмірсутектің тотығу реакциясынын, жылдамдығы едәуір жоғарылайды. Осы тұста аса маңызды бір жай бар — ол температура. Реакция жылдамдығы мен өнімін қосымша қыздырмай-ақ жоғарылату мүмкіндігінің мәні ерекше. Өйткені мұндайда, көмірсутектер аз не мүлдем ыдырайды және зиянды қосалқы реакциялар жүре бермейді.
Өндірістегі көптеген процестер, айталық спирттерді синтездеу, кетондар мен формалинді, сірке қышқылы мен дәрілерді және тағы басқаларды өндіру процестері тізбекті реайция арқылы жүзеге асады.
Соңғы кездегі ғылыми-зерттеулер көптеген биологиялық процестердің тізбекті реакциялар түрінде жүретінін көрсетіп отыр. Әсіресе өсімдіктер мен тірі организмдегі биологиялық тотығу процестері тізбекті реакция бойынша жүреді.
Сонымен, күрделі реакциялардың жіктелуі:
Достарыңызбен бөлісу: |