міндетті мерзімді аттестаттау
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының талаптары негізінде жұмыс беруші қызметкерді ҚР еңбек заңнамасына, еңбек және ұжымдық шартқа сәйкес қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға; қызметкерлерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары туралы және кәсіптік аурулардың пайда болу ықтималдығы жөнінде ескертуге; жұмыс орындарындағы және технологиялық процестерде кездесетін қатерлердің алдын алуға қатысты шешімдер қабылдауға, сондай-ақ өндірістік және ғылыми-техникалық прогрестерді ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге; өз қаражаты есебінен қызметкерлерді құрал-саймандармен, техникалық құжаттамалармен және еңбек міндетін орындауы үшін қажетті басқа да құралдармен қамтамасыз етуге тиіс.
Мекемелердегі жұмыс орнын аттестаттау еңбекті қорғауды ұйымдастыру жұмыстарының бірі болып саналады. Жұмыс орнын аттестаттау мекеменің құқықтық-ұйымдастырушылық түріне және меншік түріне қарамай барлық ұйымдарда жүргізілуі керек. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 183 бабына сәйкес және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28 желтоқсан 2015жыл №1057 бұйрығымен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау Қағидалары негізінде мекемелердегі барлық жұмыс орны еңбек жағдайы бойынша міндетті түрде аттестаттаудан өтуі тиіс.
Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау деп өндірістік нысандарда, цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызметті айтады.
Еңбек заңнамасына сәйкес пайдаланудағы өндірістік нысандардың жұмыс орындарын соңғы аттестаттаудан өткен сәтінен бастап, ең аз дегенде 5 жылда бір рет аттестаттау мерзімі белгіленеді. Ал кезектен тыс аттестаттау өндірісті қайта конструкциялау, жетілдіру жағдайларында және жаңа техникалар немесе технологиялар қолданысқа енгізілген кезде өткізіледі.
Аттестаттау негізінде жұмыстың ауырлығы мен қауырттығын, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігінің және жеке
Достарыңызбен бөлісу: |