4-дәріс тақырыбы:
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың классификациясы
мен олардың әсерлерін талдау
Өндірістік факторлардың адам ағзасына әсері
Өнеркәсіптің өндіретін заттарының зиянды әсерінен жоғарғы тыныс аурулары, тыныс алу мүшелері аурулары (бронхит, өкпе қабыну, ангина, тұмау, асқазан жарасы, жүйке аурулары) пайда болады.
Адам ағзасына улы заттармен қатар шу, діріл, температураның өзгеруі де жағымсыз әсер етеді. Мұнай көмірсутектері құрамының жоғары болуы қандағы өзгерістермен бірге тыныс алу, жүйке, ас қорыту және иммунді жүйенің бұзылу қауіпін тудырады.
Жұмыс аймағы ауасының 1500мг/м3 концентрациясының 50% ластануы тыныс алу функциясын күрт нашарлатады, ал 2800-9800мг/м3 концентрацияда адамдарда өкпе ісіну нәтижесінде газ алмасу процесі бұзылады, көздің кілегей қабықшасын тітіркендіреді. Уланған кезде жоғарыда көрсетілген белгілер айқын байқалады.
Адам денсаулығы үшін әсіресе көміртегі және азот аса қауіпті тотықтар болып табылады. Олар мидің белсенді орталық функциясының тежелу құбылысын тудырады, карбоно-гемоглобин пайда болады, нәтижесінде оттегінің ұлпаға тасымалы бұзылады, бұл өлімге апаруы мүмкін. Мұндай улануға мұнайшылар, бұрғылаушылар, машинисттер, лаборанттар және автокөлік жөндеу қызметінің жұмыскерлері техника қауіпсіздігі ережелері бұзылғанда ұшырауы мүмкін.
Азот тотығы бумен қосылыста азот қышқылын құрайды, ол өкпе ұлпасын ыдыратады, көздің кілегей қабығын бұзады, жүректің қантамыр жүйесінде қайтарымсыз өзгерістер тудырады және өкпенің қабынуына әкеледі.
Қазіргі кезде қоршаған ортаның ластану деңгейі өте жоғары, сондықтан ол адамның денсаулығына аса қауіпті. Зиянды әрекеттерді болдырмау үшін ұңғымаларды игеру, жөндеу, мұнай цистерналарын тазарту және өзге де өндірістік процестерде кешенді шараларды жүзеге асыру қажеттілігі туады.
5 – дәріс тақырыбы:
Өндірістік санитария және еңбектің гигиеналық жағдайларын зерттеу
Еңбек гигиенасы деп қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешенін айтады.
Өндірістік санитария деп зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын төмендегідей санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесін айтады:
жұмыс орнында қажетті микроклиматтың қамтамасыз етілуі;
шаңның, будың және газдың организмге зиянды әсерін жоюы;
жұмыс орнының тиісті жарықтылығын қамтамасыз ету;
радиоактивтік заттардан сауықтыру жұмыстарын жүргізу;
температурасы қалыпты жағдайдан жоғары немесе төмен жұмыс орындарында еңбектің арнайы жағдайын жасау;
санитарлық – тұрмыстық бөлмелердің болуы және оның қажетті заттармен жабдықталуы;
еңбекшілерді арнайы киімдермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;
өндіріске жаңа техниканы, технологияны енгізу және автоматтандыру, еңбекті кешенді жарақтандыруға көшу жүйелері.
Қорыта айтқанда, өндірістік санитария – еңбек гигиенасының талаптарына сүйене отырып, еңбек жағдайының еңбекшіге дұрыс және зиянсыз болуын қамтамасыз етуге бағытталған санитарлық – гигиеналық, емдеу-профилактикалық және ұйымдастыру-техникалық шараларын жасайды. Оған қоса, әрбір адам өндірісте өзінің жеке гигиенасын да сақтай білуі тиіс. Жұмыс уақытының, тамақтанудың, демалудың, тазалық сақтаудың, өзін-өзі күте білудің, тағы сол сияқты жеке гигиеналық шаралардың дұрыс орындалуы өндірісте зақымдану мен сырқаттануды болдырмаудың өте қажетті шарттарына жатады. Өйткені, жеке гигиенаның бұзылуы тек қана сол адамның денсаулығына емес, басқа да бірге жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына зиян келтіруі, тіпті жұқпалы аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан, өндірістік гигиенамен қатар әр адамның өзінің жеке гигиенасын сақтауының маңызы зор.
Өндірістік санитария еңбек гигиенасының ғылыми жағдайларын практикада қолдануға қызмет етеді және құрылымдардың, мекемелердің жабдықтарды пайдалану мен қалыпты жағдайда ұстап тұруын қарастырады. Жұмыс орнында, өндірістік ғимараттарда және мекеме аумағында еңбек жағдайларының шарттары мен талаптарын орындаумен айналысады.
Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы жұмысшылар денсаулығына кері әсерін тигізетін факторларды болдырмауға жағдай жасауға бағытталған.
Адам денсаулығына қоршаған орта температурасы, оның ылғалдылығы, қозғалу жылдамдығы және микроклиматтық жағдайлары едәуір әсер етеді.
Өндірісте жұмыс істейтіндер жұмыс уақытының үлкен бір бөлігін өндірістік ортамен тікелей байланыста өткізетіндігі белгілі. Өндірістік жағдай кезінде технологиялық процестер (ұңғыманы бұрғылау, мұнайды өндіру, дайындау, тасымалдау, жоғалту және т.б.) және басқа да өндірістік процестер кезінде ауаға зиянды көмірсутекті газдар мен будың бөлінуі, шудың, дірілдің пайда болуы, температура мен ылғалдылықтың өсуі немесе азаюы мүмкін. Бұл факторлар әртүрлі үлес мөлшерінде кездеседі, сондықтан егер олардың алдын алмаса, жеке қорғаныс құралдары болса да адам организміне зиянын тигізуі мүмкін. Мекемелердегі еңбек жағдайының кері әсерін болдырмау үшін тұрақты түрде негізгі өндірістік факторлар мөлшерін есепке алып отыру керек. Алынған көрсеткіштерді санитарлық нормалардың (СН-245-71 «Өндірістік мекемелерді жобалаудың нормалары; МемСт; ССБТ және т.б.) шекті мәндерімен салыстыра отырып еңбек жағдайларын жақсарту шараларын жүргізеді. Осылайша нормативтік шарттарға сәйкес жұмыс орындары нысандарының санитарлы техникалық күйі келтіріледі.
Адам температураның -500С және +500С-қа дейінгі өзгерісіне шыдай алады. Қоршаған орта температурасының мұндай үлкен ауытқуына адам организмі өзінің термореттеу деп аталатын қасиеті арқасында төтеп бере алады.
Термореттеу арқылы адам организмі өте үлкен ауытқуларға шыдағанымен, оның қалыпты физиологиялық күйі белгілі бір деңгейге дейін ғана сақталады. Адамның қалыпты термореттеуінің жоғарғы шегі толық тыныштықта 380-400С (ауа ылғалдылығы 30% болғанда) аралығында болады.
Физикалық жұмыс немесе ауа ылғалдылығының өсуі кезінде бұл шек төмендейді. Өндіріс жағдайларында ауа ылғалдылығының артуы жердің булануын азайтады, сәйкесінше организмде жылу бөліну азаяды.
Нормаларға сәйкес өндірістік сипаттамалар ішіндегі тиімді температура суық және ауыспалы мезгілде +17 - +190С, ауа ылғалдылығы 60-40%, оның жылдамдығы 0,3-0,4 м/с., жылы мезгілде температура +20 - +220С болуы керек. Жабық ғимараттар мен нысандарда уақытша жұмыс үшін максималды рұқсат етілетін, қоршаған орта температурасы +330С, өйткені бұл жағдайда организмнің термореттеуін қысқа мерзімде қамтамасыз етуге болады.
Санитарлық талаптарда жұмыс орындарындағы қоршаулар мен жабдықтардың қыздырылған беттерінің температурасы 450С, ал ішкі температурасы 1000С төмен емес, жабдық беттері үшін 350С-тан аспауы керек деп қаралған. Осыны қамтамасыз ету үшін жұмыс орнынан жылу сәулелері мен жанғыш газдардан қорғайтын су немесе ауа қалқандарын қолданады.
Жұмыс аумағының орналасуы деп жұмыс орнының еденнен 2 м биіктіктегі кеңістікті атаймыз. Тұрақты жұмыс орны – бұл жұмысшы өзінің жұмыс уақытының басым бөлігін (50%-дан көп немесе үздіксіз 2 сағаттан ұзақ) өткізетін жері.
Микроклиматты ауа қозғалысы жылдамдығымен, салыстырмалы ылғалдылықпен және температурамен бағалайды. Ылғалдылық және құрғақтық термометр айырмасына қарай арнайы кесте бойынша анықталады да, қанатты анемометрмен ауа қозғалысы жылдамдығы 0,5-тен 10 м/с дейін өлшенеді. Ол алюминий қалақшалы жеңіл доңғалақтан тұрады. Анемометрлі доңғалақ осін ауа ағынына параллель орналасатындай етіп орнатады және анемометр мен секундомерді 30-60 секундқа бір мезгілде іске қосады. Ауа жылдамдығын анемометр құжатындағы кестемен анемометр есебі бойынша секундомерге қатынасына қарай анықтайды (ЭА-2м ЛИОТ типті термоанемометрлер).
Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелер шығаратын электр қондырғыларын пайдаланғанда төмендегідей талаптар орындалуы тиіс:
ең алдымен электр қауіпсіздігі ережесі сақталуы қажет;
сәулелендіретін қондырғылар орнатылған жерде техника қауіпсіздік ережелері жазылған нұсқау ілініп қойылуы керек;
бұл сәулелер көзге зиянды болғандықтан, оған жарық жерден қарауға болмайды (тіпті көзәйнекпен де).
Өндірістік нысандарда қолданылатын апаттық жарық 12В болуы тиіс.
Мұнай өндіру өнеркәсібінде қауіпсіздік ережелері мен өндірістік нысандарында жалпы жарықтың төмендегідей нормалары белгіленген:
-мұнай ұңғымалары сағалары, тербелгіш станоктар, бұрандалы насостар – 13 лк;
-компрессор станцияларының желдеткіш жайлары, машина залдары-20лк;
-жайларда және сыртқы қондырғыларда бақылау-өлшеу аспаптары, шкалалары – 50 лк;
-мұнай тораптары, газ сепараторлары – 20 лк;
-механикалық шеберханалар – 50 лк;
-зертханалар – 75 лк.
Жұмыс істейтін ауысымдар санына қарай аумақтың және жеке нысандардың сыртқы жарығын бақылау не жөндеу кезінде ғана қосуға болады.
Кәсіпорындардағы санитарлық нормалар қажетті деңгейде болса, онда жұмысшылар еңбек өнімділігін арттырып, жарақаттану азаяды.
Кәдімгі люминесцентті лампаларда сынап болатындықтан, олардың жарамсыздарын сындырып, шұңқырға көму қажет. Теледидар, радио, термоэлектроөңдеу жасайтын қондырғылар да инфрақызыл және ультракүлгін сәулелер шығарады. Оның электромагнитті өрісі адам организміне зиянды әсер етеді. Олардан қорғану үшін түрлі экрандар, арнайы киімдер мен көзәйнектер пайдалану қажет.
Өнеркәсіптік кәсіпорынды жобалаудың санитарлық нормалары мен температурасы, ылғалдылық нормалары, өндірістік жайларда ауа қозғалысы жылдамдықтары реттеледі. Осы нормаларға сәйкес өндірістік жағдайларда ауаның тиімді температурасы +16-220С болып саналады. Жылдың салқын және ауыспалы кезеңдерінде 18-250С тең. Жылдың жылы кезеңіндегі ауа ылғалдығы 30-60% құрайды, оның қозғалыс жылдамдығы 0,2-0,7 м/с. Жабық жайларда, уақытша жұмыс орындарында қоршаған ортаның жоғары температурасы +330С.
Желдеткіш құрылғысы қалыпты метеорологиялық жағдай жасап, қызған ауаны өзіне тартып және бір мезгілде таза, салқын ауа беріп тұруы керек.
Жылуды нашар өткізетін не сәулелі энергияны шағылыстыратын материалдардан дайындалған арнайы киім де еңбек жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Мұнай және газ өнеркәсібі жұмысшыларының көбісі жабық емес сыртқы орта әсерінен қорғалмаған нысандарда еңбек етеді.
Техникалық талаптар бойынша мұнай газға төзімді материалдардан ұңғыманы ағымды не күрделі жөндеу жұмысшыларына арналған қыстық киім («Мұнайшы» костюмі), бұрғылау бригадаларының жұмысшыларына арналған жазғы арнайы киім, сондай-ақ арнайы жобамен дайындалған қолғаптар мен мұнай газға төзімді аяқ-киімдер дайындалуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |