Дәріс тақырыптары және олардың қысқаша мазмұны



бет8/13
Дата06.02.2023
өлшемі71.02 Kb.
#469207
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
ЕНБЕК КОРГАУ

6 – дәріс тақырыбы:
Қызметкерлердің қорғаныс құралдарының түрлері мен міндеттері. Қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету. Ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдалану әдістемелері

Мұнай және газ өндіретін кен орындарындағы жұмыс барысы кезінде пайда болатын қауіпті және (немесе) зиянды факторлар адам өмірі мен денсаулығына кері әсер етеді. Бұл құбылыстардан құтылу үшін еңбек пен өндірістің дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз етумен қатар, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалану керек. Жұмыскерлердің қорғаныс құралдары қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерлерін жояды немесе азайтады.


Пайдалану әсеріне қарай қорғаныс құралдары ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары деп екіге бөлінеді.
Қорғаныс құралдары:
-қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың көзі болмауы керек;
-техникалық эстетика мен эргономиканың талаптарына сай болуы қажет.
Бірінші кезекте жұмыскерлерді қорғайтын ұжымдық қорғаныс құралдары жұмыс орынында орналастырылған кезде, оның жұмысы байқалып тұратын жерде болуы керек, қажет кезінде тез арада іске қосылуы тиіс.
Егер жарақаттану қауіптілігін, улану және кәсіби аурудың алдын алу ұжымдық қорғау құралдарымен, санитарлы-техникалық іс-шаралармен, технологияны жақсартумен, механикаландыру және автоматтандыру құралдарын пайдалану негізінде мүмкін болмаса, онда жеке қорғаныс құралдары пайдаланылады.
Ұжымдық қорғаныс құралдары өндіріс аумағындағы өзінің қызметіне сәйкес жұмыс жасаушы жұмыскерлерді ғана емес, осы аумақта жүрген басқа адамдарды да қорғауы тиіс.
Ауаның, жарықтың, шудан қорғанудың, ультрадыбыстың, дірілдің, материалдар беттері мен қондырғылардың температурасын қалпына келтіру үшін төмендегідей құралдар мен іс-шаралар кешені қажет:

  • ауа температурасын бір қалыпта ұстап тұруға арналған қондырғылар;

  • ауаны айдауға және тазалауға арналған қондырғылар;

  • автоматты бақылау мен дабылдағышты қашықтықтан басқаруға арналған қондырғылар;

  • жарық көзі, жарық бергіш және жарықтан қорғағыш қондырғылар;

  • жарық фильтрлері;

  • дыбысты өшіретін, дыбысты жұтатын, дыбысты басатын қондырғылар;

  • жылуды ұстайтын, жылытатын және салқындататын қондырғылар.

Жоғары деңгейдегі ұжымдық қорғану құралдары екіге бөлінеді:

  • қоршаулы, жабулы;

  • өндіріс процесін автоматты түрде қашықтықтан бақылау мен басқару.

Жоғары кернеудегі магниттік және электр өрістерінен, статикалық электрден, электр тогының соққысынан қорғану құралдарына төмендегідей қондырғылар жатады:

  • қоршаулы және экрандағыш;

  • дабылдағыш пен басқаруды автоматты түрде қашықтықтан бақылау;

  • алдын ала қорғану;

  • қорғанысты жерге орналастыру, нольдеу, потенциалдарды теңестіру және кернеуді төмендету;

  • жайтартқыш қондырғылары;

  • қауіпсіздік белгілері.

Химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғану үшін төмендегідей қондырғылар пайдаланылады:

  • қоршаушы жабық ғимараттар;

  • дабылдағыш пен басқаруды автоматты түрде қашықтықтан бақылау;

  • желдету қондырғысы, ауаны тазарту.

Өндірістік процесс кезінде жұмысшыларды механикалық фактор мен биіктен құлаудан қорғаудың ұжымдық қорғаныс құралына:
- қоршау қондырғылары;

  • дабылдағыш, алдын ала қорғау, тежегіш құралдарын автоматты бақылау қондырғылары;

  • қорғаушы торлар;

  • қауіпсіздік белгілері жатады.

Ұжымдық қорғау құралдары технологиялық қондырғылардың құрамдас бөлігі ретінде жобаланады. Бұл жобаға машиналар мен механизмдерде және өндірістік ғимараттарда немесе мекеме аумағында пайдаланылатын қауіпсіздік белгілері мен қорғаныштың арнайы құралдары кірмейді.
Еңбек қауіпсіздігін сақтап, жарақаттануға жол бермеу үшін ГОСТР 12.4.026-2001. ССБТ. Дабылдағыш түстер, қауіпсіздік белгілері мен дабыл таңбалары. Мақсаты мен қолдану ережесі. Жалпы техникалық талаптары мен сипаттамасы. Тәжірибе әдістері» құжатына сәйкес қауіпсіздік белгілерінің төмендегідей түрлері пайдаланылады:

  • тыйым салатын белгілер - қандай да бір іс-қимылға қарсылықты білдіреді;

  • ескерту белгілері -жұмыскерлерді мүмкін қауіптен сақтандырады;

  • өрт қауіпсіздігі белгілері – болып жатқан немесе болуы мүмкін өрттерді ескертіп, сәйкесінше құтқару әрекеттерін жасауды білдіреді;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет