10 – дәріс тақырыбы:
Электр тогының адам организміне әсері.
Өрт қауіпсіздігінің негіздері
Қазіргі кезде қай өндіріс саласы болмасын электр энергиясын кеңінен қолданады. Ол көп пайдасын тигізе отырып, адам өмірі мен денсаулығына орасан зор қауіп те төндіреді. Басқа қауіп көздерінен электр тогының ерекшелігі оны құрал-жабдықсыз анықтай алмаймыз.
Электр қауіпсіздігі дегеніміз – адамдарды зиянды және қауіпті электр тогынан қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған техникалық іс-шаралар жүйесі.
Электр қондырғыларымен жұмыс істегенде, қауіпсіздік техникасының ережелерін орындап отыру керек. Ол ережелерді бұзу құрал-жабдықтардың бүлінуіне, адамның қауіп-қатерге ұшырауына әкеліп соғуы мүмкін. Электр тогы соғып зақымдалу көп жағдайда ток жүріп тұрған нәрселермен жанасудан болады, атап айтқанда кернеу көзіне қосылған электр желісінің, машиналардың, приборлар мен аппараттардың залалсыздандырылмаған бөліктерімен жанасқанда орын алуы мүмкін. Адам организміне ең күшті әсер ететін ток жиілігі 50 Гц –тік айнымалы ток болып табылады. Мұндай токтың шамасы 5-10 мА болғанда адамның бойы қалтырап, сіңірлері тартылады, қатты ауру-шаншу байқалады. 90-100 мА ток 3 секунд әсер еткеннің өзінде-ақ адам өліп кетуі ғажап емес.Токтың адам организміне әсер етуі тек оның шамасына ғана байланысты емес, сонымен қатар қанша уақыт әсер еткеніне және адам денесінде қандай жолдармен өткеніне де байланысты болады.
Электр қауіпсіздігін техникалық құралдар мен әдістермен қамтамасыз ету
Мұнай газ кен орындарындағы жұмыс барысында ток өткізгіш бөліктерге оқыс тиіп кетуден қорғану үшін төмендегідей әдістер мен құралдарды қолдану қажет:
қорғаныс қалқаншалары;
қорғау қоршаулары (уақытша немесе стационарлы);
ток өткізгіш бөліктерді қауіпсіз орналастыру;
ток өткізгіш бөліктерді изоляциялау (жұмыс ретіндегі, қосымша, екі еселік, күшейтілген);
жұмыс орнын изоляциялау;
аз кернеулілік;
қорғаныс сөндіргіші;
ескерту дабылдағышы, блокировкалау, қауіпсіздік белгілері.
Изоляцияның бүлінуі салдарынан жоғары кернеулі металл ток өткізбейтін бөліктерге жанасқанда токқа тартылып (түсіп) қалу қауіпінен қорғану үшін төмендегідей тәсілдер қолданылады:
қорғаныс жерге тұйықтау;
нольдендіру (зануление);
потенциалды теңестіру;
қорғаныс желілерінің жүйесі;
қорғаныс сөндіргіші (отключение);
ток өткізбейтін бөліктерді изоляциялау;
тораптарды электрлік бөлу (электрическое разделение сети);
аз кернеулілік;
изоляцияны бақылау;
жеке қорғаныс құралдарын пайдалану.
Аталған құралдар мен әдістерді нәтижесінде тиімді (оптимальный) қорғаныс болатындай жеке немесе бір-бірімен үйлестіре отырып пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |