Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар



бет27/39
Дата09.03.2024
өлшемі208.12 Kb.
#494798
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Білім беру психологиясы ДӘРІС МАЗМҰНЫ

2- сұрақ бойынша қарастырылатын мәселе. Оқушының гендерлік әлеуметтенуі.
Балалар жыныстық, рөлдік мінез-құлыққа қалай үйренеді? Осы сұраққа жауап беру үшін психологтар әлеуметтенудің негізгі механизімін анықтады.
Ол-саналы немесе санадан тыс игерілу әдістері мен әлеуметтік тәжірибенің қайта өңделу механизмі.
Бала мінез-құлқының жанұяда бір адамға ұқсауы бұл еліктеушіліктің нәтижесі. Яғни бала ата-анасының біреуіне көп еліктесе мінезі еліктеген жанға ұқсайтын болады. Берілген механизмнің дәлелін мектепке дейінгі балалардың ойындарынан көруге болады. Мысалы: кішігірім жанұя ойынын ойнағанда бала ойында қызының шешесінің, тәтесінің рөлін ойнауы мүмкін. Осындай әрекеттердің нәтижесінде баланың жанұяда не көгенін білуге болады. Бұл еліктеушілік механизімі.
Сонымен қатар, психологтар баланың жанұя мүшелері бейнеленген суреттеріне фигуралардың, түстердің қолданысына, өзін және өз ата-анасының қалай салынғанына қарап жас буының мінез-құлқын анықтайды.
Бала мінез-құлқының бұзылуы ата-ана бұрыс тәрбиесінен болуы мүмкін. Мысалы: ата-анасы нәрестенің ұл болуын күтеді, ал туылған қыз бала болса, олардың бнрген тәрбиесі өздері күткендей ұл балаға тән болады, осылайша қыз мінез-құлқы өзгеше қалыптасады, немесе мұндай мәселе тағы да мынадай жағдайда кездесуі мүмкін. Мәселен: бала тәрбиесімен бір ғана әкесі не тек анасы айналысқанда, анығырақ айтқанда қыз тәрбиесімен әкесі, ұл тәрбиесімен анасы айналысса жоғарыда айтылған мәселенің тағы бір келеңсіз жағдайы қайталанбақ.
Ер және қыз бала психологиясында ата-ана нені ескеру керек?
Бірінші кезекте олар өзінің ер адам мен әйел затының қандай болу керек екені жайлы жеке түсініктеріне сүйенеді. Қоғамда көбінің ойынша ер адамға, салмақтылық, ұстамдылық, биіктік, төзімділік қасиеті тән деп есептесе, ал әйел затын нәзіктік пен жұмсақтықтың символы ретінде біледі. Осы көзқарасқа дәлел ретінде ғалымдар мынадай зерттеу жұмысын жүргізді: Жас аналарға 6-айлық баланы көрсетеді. Бір тобына балаға көгілдір ползунки кигізіп ұл бала ретінде көрсетсе, ал екіншісіне - күлгін көйлек кигізіп қыз бала ретінде таныстырады. Қорытындысында ата-аналар ұлды әлді, баяу, әлсіз деп бейнелейді. Иә, бұл зерттеу жұмысынан көптің көзқарасы ұқсас және анық екені түсінікті болды.
Ата-ана бірінші балаға дайындықсыз тәрбие береді, ал екіншісі дүниеге келгенде олардың берер тәрбиесі сәл де болса ұлғайған түрде болады. Яғни баланың жанұядағы реті де маңызды екені айдан анық болып тұр. Саллоуэй теориясының негізгі мәні – баланың жанұядағы өз орны үшін күресінде жатыр. Осы мақсатпен ғалым 6560 адамның биографиясынмен танысып зерттеген. Нәтижесінде жанұядағы бірінші балалар өз-өзіне сенімді, өзінің жетістікке жететініне күмән тудырмайтын, басқарғанды ұнататын жандар болып келеді.
Психологтар тағы бір ерекше қызықты атап көрсетеді: егер жанұя үлкені мен кішісінің жынысы бір болатын болса онда үлкеніне қарағанда кішісі пысықтау болып келеді.
Міне осылайша, баланың өз жынысы жайлы көп ақпарат алуына, өз жынысына қарай мінез-құлқын қалыптастыруында жанұя көп себебін тигізетін алғашқы және негізгі орта екенін білдік.
Сонымен қатар, болашақ ер адам мен әйел затының қалыптасуында балалық шақта ойналған ойындар мен ойыншықтардың да рөлі маңызды. Мысалы: бала «дәрігердің, емделушінің, шофёрдің, ананың, қызының» рөлін ойнағанда балалар үлкен өмірге қадам баса бастайды. Олар осы ойын арқылы болашақ өмірдегі әр адамның өз орнын және қарым-қатынасын түсіне бастайды, сондай- ақ қуыршақпен ойнау қыз балаға ананың рөлін игеруге көмегін тигізеді. Қазіргі уақытта қуыршақты «Барби» деп дәстүрлі атап жүр, кейбір психологтардың пікірінше бұл дұрыс атау екен, себебі «барби» деген атау әдеміліктің, ханшайымның символы емес пе, міне қыз бала жастайынан барбимен ойнағанының арқасында әдемілікке еліктей алады.
Ал бала кезінде мұндай ойындарға қызықтаған баланың болашақта өз қатарларымен, жалпы айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуі қиынға соғады. Баланың гендерлік қалыптасуына өз қатарларының әсерін ғалым- психологтар аз зерттеді.
Осы мәселеге зейін қойған И.С. Кон мынадай тұжырымдама жасайды: өз қатарлары, сондай-ақ қарама-қарсы жыныстағы құрбы-құрдастары баланың гендерлік әлеуметтенуінің негізгі әмбебап факторы болып табылады. Бала өз құрбы-құрдастарының ортасында өзін белгілі бір жыныстың өкілі ретінде көрсетеді және жанұядан алған үлгі- тәрбиесін сол ортада қолданады. Егерде баланың дене бітімі кішірек яғни әлсіздеу болса онда оның өз қатарларындағы ұл балалармен тіл табысуы қиынға соғады, бірақ олардың қыз балалар арсында орны ерекше болады, сондай-ақ дене бітімі толықтау қыздар қыздардан қарағанда ұл балалармен тіл табысқыш келеді.
Дәл осы құрбы-құрдастардың балаға әсері кей жағдайда баланың өзі таңдаған өмірлік жолын, өз көзқарасын өзгертуге ықпалын тигізуі әбден мүмкін. Сондықтан оқу процесінде педагог оқушының психологиялық және гендерлік ерекшеліктерінде есепке ала отырып сабақты ұйымдастыруы тиіс.
Қортынды:
Сонымен дәрісімізді қортындылай келе, талқыланған материалдың практикада қолданысын ұсынамыз.
Мысалы, мінез акцентуациясының экстраверттік және демонстративті түрі бар балаларға белгілі бір ұйымдастырушылық әрекеттерді қажет ететін тапсырмаларды берген жөн. Конформды типке оқу-қоғамдық іс-әрекеттерде экстравертке көмекші болғаны қолайлы. Тұрақсыз типке әр түрлі бағытта орындалатын тапсырмаларды беру керек. Тапсырманы өз бетінше орындауға, осылайша бірте-бірте бастаманы дамытуға мүмкіндік берген жөн..Эмоционалды тұрақсыз және интроверт жасөспірімдерге бірлескен командалық жұмыс берген дұрыс.
Ритмді және лабилді жасөспірімге тасырма беру кезінде оның қазіргі жағдайын ескеру қажет. Көңіл-күй көтерілген кезде жасөспірімді қоғамдық жұмысқа тарту ұсынылады. Ал құлдырау кезінде қоғамдық жұмыстарға қатысуды біршама шектеген жөн,.Бірақ оны одан толығымен алып тастамаған жөн. Бұл әдіс жасөспірімді қажетсіз уайымдардан, әлеуметтік өмірдегі сәтсіздіктерден сақтайды және оның нәзік психикасын қорғайды.
.

ТАПСЫРМА


  1. Сіздер алдыңғы психология курстарынан темперамент және мінез туралы түсініктеме алдыңыздар. Қарастырырылатын типтердің темперамент типтерімен байланысын тауып анализ жасап схемасын беріңіз.

  2. Практика барысында сыныбыңыздағы оқушылардың типтер бойынша мінез ерекшеліктерін анықтаңыз. Өзіңіз қай типке жататын едіңіз?

  3. Сабақ түсіндіру барысында қандай типтермен жұмыс жасау сізге қиындық тудырды?

  4. Конфликтілі оқушымен бет-бет келіп қалсаңыз қалай шешер едіңіз.?Алгоритмін беріңіз.

  5. Ер бала мен қыз баланың психологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз.




1

11



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет