Жазбаша сөйлеу адамзат тарихында ауызша сөйлеуден ертеректе пайда болды. Ол пиктографиядан дамып, уақыт пен кеңістіктен бөлек, адамдар арасындағы қарым-қатынастардың қажеттіліктерінің нәтижесі ретінде пайда болды, яғни өз ойларын олар белгілі бір сурет кескіндері арқылы жеткізіп отырды, бұл пиктография, ал кейіннен жазу пайда болып, бірнеше мыңдаған сөздер бірнеше ондаған әріпттердің көмегімен жазылды. Осы жазу арқылы адамдармен жинақталған көптеген тәжірибелер атадан балаға, ұрпақтан -ұрпаққа беріліп отырды, ал егер ауызша сөйлеу арқылы жеткізілетін болса, ол өзгерістерге еніп, қате болып немесе мүлде жойылып кетуі мүмкін. Жазбаша сөйлеу ғылым айналысатын күрделі жалпылаудың дамуында көркем өнерде үлкен роль атқарады. Жазу және оқу мектептің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, баланы алғашқа күннен бастап оқытудан-ақ , оның ақыл-ойына қозғау салып және білімдерді жеткізуі мен меңгеруінің ең басты тәсілі болып табылады. Жазба сөзі ол максималды түрде дұрыс нақты қалыптасуға алып келеді және ол логика мен грамматиканы терең білу, терең ойлану және мазмұнын дұрыс түсінуге алып келеді. Кей кездері бір нәрсені жазып алу, яғни жақсы түсіндіруіне және еске сақтауына мүмкіндік береді.
Сөз механизмі. Сөз өзінің физиологиялық негізінде қозғалыстық және есту анализаторының іс-әрекетінен тұрады. Мидың қабығында сыртқы орта тарапынан түрлі тітіркендіргіштер арасындағы уақытша байланыстардың тұйықталуынан және дыбыстық қимыл байланыстары, дауысы, тілдің және басқа да сөздің шығуын реттеп отыратын т.б. органдар уақытша тоқтап қалады. Бұл сөз екінші сигналды жүйе негізінде қалыптастады. И.П.Павловтың сөзі бойынша сөздері, бұл “сигналдардың сигналы” болып табылады. Бірінші сигналдық жүйемен сигнал беретін сөздер, қоршаған ортаның көрінісі ретінде пайда болған барлық мүмкін болған әсерлер, тікелей тітіркендіргіштер қалдырған сияқты әрекеттер тудыртуы мүмкін. Бұл вербалды қарым-қатынастың күрделі үрдісі, оның әрекеттерінің жүйелеп ену механизмдерін қамтамасыз етуіне негізделген.
Бірінші кезеңде болып сөйлеудің бағдарлануы болып табылады –мағыналы-сөздік ойды жеткізу, яғни адамның не айтқысы келгені жайлы айтылады. Бұл үшін қажетті ақпараттар алынады да , қалғандары қажетсізі қалып қояды.
Екінші этап –ол сөйлемнің синтаксисттік құрылымының құрылуы.. Осы кезде фразалардың жалпы конструкциясы, мақаланың жалпы жүйесі оның грамматикалық формасы, механизмі, сөзге керекті қамтамасыз етілген ізденістер, дыбыстардың таңдалынып алуы және оны нақты қайта жаңғыруы болжамдалады.
Сонымен ең соңғы үшінші этап - ол сөздің шынайы дыбысының кеңесе отырып орындалуы. Сол тұрғыда «айтылу» үрдісі кеңінен жайылып, коммуникатор берілген ақпаратты жеткізу үшін оны кодтайды.
Тыңдау процесінде тыңдаушы (реципиент) алынған ақпаратты естіген дыбысы бойынша, сөздің мағынасы бойынша алынған ақпаратты кодтарын ашады, өз кезегі бойынша мәнді сөздердің мағынасы бойынша коммуникатор не айтқысы келгендігін түсінеді коммуникатор не айтқысы келгендігін түсінеді. Коммуникатор үшін тыңдаушының дұрыс түсінуі, оған анық айтылғанғы, егер репициент өзі коммуникатормен орын алмастырған кезде ( коммуникативтік ролдердің ауысуы) және ол қабылдаған және айтылғандарды түсінгендігі туралы, білітіндігі жайлы өз ойларымен айтып жеткізеді Диалогиялық коммуникативті қарым-қатынастың түрі уақыт өте келе өзгеріске ұшырайды, өзара қарым-қатынастағы адамдардың құлықтары мен іс-әрекеттері сәйкестенеді, осының нәтижесінде біртіндеп өзара түсіністікке қол жетеді, онсыз біріккен іс-әрекеттің қорытындысына жету мүмкін емес. Вербалды қарым-қатынастың жетістіктерін қамтитын, сөзбен ойларды жеткізу кезінде кодтау және кодтардың толығымен ашылуы функционалды үрдісте ми орталығы мен жүйесінде сақталуы мүмкін. Егерде осы жүйелердің жұмысында ауытқулар пайда болса, онда адамның түрлі сөйлеу ауытқулары афазиясына алып келеді. Кейбір жағдайларда сөзді түсіну кезеңі сақталынады, фразаларын дұрыс құра алмауы мүмкін,ал кейде ауру әріптерді дұрыс айтқан жағдайда да, олардың мүшелерінің сөздік бұзылуы мүмкін (дезартрия пайда болады), үшіншіден айта алу мүкіндігі сақталғанымен, сөздік қабылдауды айта алу мүмкіндігі жойылады және т.б.
XIX ғасырдың ортасында екі ғалым ми ошағын ашып, ондағы жұмыс істеу кезіндегі сөздің бұзылуын байқайды. И.П.Броктың зерттеуі бойынша, ауру адамдардың миларының сол жақ жарты шарының артқы бөлігінде сөздерді дұрыс айтуының бұзылғаны байқалады. Кейінен Верник адам миының артындағы жоғарғы үшінші сол жақ жарты шарындағы қыртыстарының бұзылыстарынан сөздерді айта алмау деп түсіндірді. Бұл ми жасаушаларының бөліктерінде маторлы сөйлеу орталығы ретінде (Брок орталығы) қарастырылды және сөзді түсіну (Верник орталығы) болып табылады. Одан кейінгі психофизиологтардың еңбектерінде (А.Р.Лурия, Н.А.Бернштейн, П.К. Анохин және т.б.) анық белгілі болғандай, сөйлеудің физиологиялық негізі, тек қана қаншалықты ми ошағының оқшауланған (сөйлеу орталығы) іс-әректі ғана емес, соншалықты мида тұтастай бірлік ретіндегі күрделі ұйымдасқан ми іс-әрекеті болып табылады.Осының нәтижесінде, сөйлеудің локализациялы функциясының (яғни, қатал автоматты түрде емес, қозғалмалы) динамикасы туралы көзқарастар, сөйлеу ауытқуын түзету үшін аса маңыздылығы бар орталық жүйке жүйесінің компенсаторлық мүмкіндіктерін кеңінен қолдануына байланысты туындады.
Достарыңызбен бөлісу: |