Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 №1-дәріс. Тақырыбы: Психология ғылымының жалпы мәселелері


§2. Тұлғаның психологиялық денсаулығы



бет37/51
Дата12.11.2022
өлшемі0.79 Mb.
#464642
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
Дәрістер тезистері

§2. Тұлғаның психологиялық денсаулығы
Психологиялық денсаулық – жеке тұлғалық көрсеткіш, жеке тұлғаның ерік-жігеріне, қажеттілік талабын және тұтыну сұранысын негіздеуіне, ақыл-ойының даму деңгейіне, қара басының қамы үшін өз денсаулығының құндылығы мен маңызын түсіне білуіне байланысты. Қоршаған сыртқы табиғи орта мен әлеуметтік ортаның қолайсыз жағдайларын жеңе білген, өмір үшін арпалыста қиындықтарға төзіп, мақсатына жете білу үшін жеке тұлғаның саулығы жақсы болуы керек. Денсаулықтың жеке тұлғалық (психологиялық) компоненті адамның ілгерілей дамуына, өзінің биігірек қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылысы психикалық денсаулық белгісі ретінде қарастырылады. Психологиялық денсаулық белгілерінің бірі – адамның өз міндетін біліктілігіне, қабілеттілігіне деген сеніммен тиімді әрі жоғары деңгейде орындау үрдісін толық қадағалай алуы болса, екіншісі – өзінің шиеленісу, зорлану деңгейін қалыпты күйде ұстау, тәуелсіз тіршілік ету мүмкіндігін сақтау үшін ақпаратты жедел өңдеп, шешім қабылдай алуы, қиын жағдайлардан тез шыға алуы. Жан толқынысы эмоциялары қуатына қарай екі түрде байқалады: көңіл-күй; аффект, стресс (күйзеліс); көңіл-күй – эмоционалдық көрініс ұзаққа созылатын жағдай. Психологиялық тұрғыда Дені сау адамда әдетте көңіл-күй көтеріңкі, ашық болады.
Эмоциялық толық денсаулыққа жету шарттары. Эмоциялық дені сау күйге адам туғанда ие болып туылады, өмір бойы сол күйді сақтауға үйренеді.
А) Өзін-өзі тану, даму мен өсу барысында жетіледі. Адамның қайталанбас ерекшеліктері: жасы, жынысы, тегі, діні, мамандығы, қабілеті. Қызыға орындайтын ісі, адамдармен қарым-қатынас ерекшеліктері өмір бойы жетіледі. Дегенмен, қарқынды қалыптасу уақыты – жастық шақ.
Б) Эмоциялық оң күй – адамдардың өзара сұхбаттасуы. Сұхбат кезінде, біріншіден, ұстаған жақ өз ойы мен сезімін анық, тура, түсінікті етіп жеткізе алуы қажет. Екіншіден, қарсы жақтың ойы мен сезімін түсіне, сыйлай білуі қажет. Айта білу мен тыңдай білу қатар жүрсе ғана тіл табысу жүзеге асады.
Жанға жайлы адами қарым-қатынастар жасай білу психикалық денсаулықтың басты оң көрінісі. «Жақсыда жаттық жоқ», «Ақырет күні көмек көршіден» деген нақыл сөздер де текке айтылмаған. Әуелі туған-туысқаныңа, достарыңа жан жылуын бере біл. Содан соң барлық адамға жылы жүзбен амандасу, қал-жағдайын сұрау, қолдан келер көмегіңді аямау адамдар арасындағы сыйластық пен сауап негізі. Сырлас дос, сыйлас жолдас, сенімді серік таба білу үшін ішкі ойларың мен жан сырыңды тілдесіп отырған жанға ол түсінеді немесе түсінбей қалады-ау деп бүкпесіз айта білу, тілегіңді ашық білдіру қажет. Өз қадіріңді алдымен өзің дұрыс бағалап, сезініп, өзіңді бағалау ұстанымдарын әрдайым жетілдіріп, жаңа сапалы деңгейге көтеріп отырған жөн. Сұхбаттасып, сыр ашуда досыңның кемшілігін бетіне басып, қатесін түзеу ойыңнан аулақ бол. Достық көңіліңді ауызша ғана емес, ісіңмен қиындық пен қуанышты кездерде көрсете білсең ғана қиын кезде сырласып, қайғыңды бөлісетін, қуанғанда қуанышыңды бірге көтерісетін жан жолдас таба аласын. 
Қажеттілік түрлері, сатылары. Қажеттілігі қанағаттандырылған тұлға сергек, қуанышты, болашаққа ықыласты, ал, қажеттілігі өтелмеген жан ашушаң, депрессия билеген (түңілген) агрессияға бейім келеді. Мысалы: классификациясы бойынша қажеттіліктің қалыптасу сатылары: физиологиялық қажеттілік, оның белгілері – «Үш арсыз – ас, күлкі, ұйқы», жалпы бас амандығы. Қауіпсіздікке қажеттілік – қорғаныс, тәртіп, тұрақтылық, денсаулық, қартайған кездегі қамқорлыққа зәрулік. Сәбилерде осы қажеттілік басым болады. Әлеуметтік қажеттілік – сүю немесе сүйікті болу, дос табу, отбасын құру, әйтеуір, біреуге керекті болу. Өз басының қадіріне жету, өзін-өзі сыйлауға қажеттілік – бұл жоғарғы сатыдағы қажеттілік, жеке тұлғаның өзінің дербес жетістіктерін жұртшылық пен қоршаған ортаның тануын тілеуі. Жеке тұлғаның өзін-өзі кәдеге жаратуға және дамуға қажеттілігі, тіршіліктегі, әлемдегі өз орынын ой елегінен өткізу, өзінің мүмкіндігін барынша толық жүзеге асыру. Міне, бұл ең жоғарғы саналы қажеттілік болып табылады. Әрбір адам өз өмірінде сан алуан қиыншылықтар мен ауыртпашылықтарды, демек, күйзелістерді кездестіруі мүмкін. Оларға қарсы тұрып, қажымай, қайсарлық көрсетіп жеңе білу – үлкен өнер. Адам өмір қиындықтарына төселіп, шыңдалып жетіледі. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша барлық аурулардың 45 пайызы күйзеліске байланысты екен. Сондықтан, күйзелісті болдырмау, оның алдын алу, егер кездесе қалса оған қарсы тұра білу, өкінішке қарай, әркімнің қолынан келе бермейді.
Стресс (күйзеліс) – ағылшынның stress (ыза буу, булығу, кернеу) деген сөзінен шыққан. Стресс дегеніміз – ойламаған жағдайда адамның басына түскен қасірет-қайғыдан, үрей-қорқыныштан, күтпеген жайсыз оқиғаға байланысты немесе төтенше күшті әсерленуден адамның бойында пайда болатын шектен тыс тітіркену және оған жауап ретінде туындайтын көңіл-күй, сезім толғанысы (күйіну, ашыну, күйзелу, күйгелектік жағдай, ерекше шексіз қуану және т.б).
Стресстер жиі қайталанса организмде бұрынғы қалпы орынына келмейді, адам бойында дәрменсіздік белең алып берекесіздік, абыржу, тағдыр алдында әлсіздік бұлты қоюлана түсіп, қажып, мүжіледі. Соның әсерінен кейде әртүрлі психикалық аурулар пайда болуы мүмкін. Созылмалы стресс адамның көңіл-күйінің бұзылуына, жұмысқа деген қабілетінің төмендеуіне, сылбырлықтың пайда болуына, ұйқысының бұзылып, адамның созылмалы шаршау синдромына (ойдың шаршауы, физикалық әлсіреу, сезімталдық, эмоцияналдық, жүйке қызметінің бұзылуы және т.б.) әкеп соғады.
Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар:
1. Адамның өмірлік мағынасы
2. Бақытты өмір сүру
3. Психологиялық денсаулық туралы түсінік
4. Күйзеліс
5. Қажеттілік түрлері, сатылары. 

1

12-13

11 дәріс. Тақырыбы: Кәсіби өзін-өзі анықтау.
Жоспар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет