Дәріс тезистері №1 дәріс. Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар оқу пәні ретінде



бет11/30
Дата08.04.2023
өлшемі142.98 Kb.
#471933
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Дәріс Инновация 2023

1. Заттық ойындар - ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жануарлар әлемін, олардың арасындағы қарым-қаынастарды т.б. зерттеп таниды.
2. Шығармашылық, сюжеттік – рольдік ойындар. Мұнда сюжет – интеллектуалдық іс-әрекеттің формасы. Мысалы, Саяхат ойындар. Бұған кітаптар, карталар, бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлкетанушылық, ізшілік т.б. саяхаттар жатады. Балалалар ойша геолог, зоолог, экономист, топограф, т.б. ролдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді, хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындарды балалар шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор. 
3. Дайын ережелері бар ойындарБұл ойындарәдетте, баланың жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең бастысы- пәнді білуді талап етеді.
4. Еңбек, техникалық, конструкторлық, құрылыс ойындарыБұл ойындар ересектердің кәсіби қызметерін бейнелейді. Бұл ойындардың барысында балалар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалды жинақтауға, өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады. 
5. Баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер.
Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жаттығу деңгейін аңғартып, одан әрі жетілдіру жолдарын көрсетеді.Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар баланың біліммен, біліктермен және дағдылармен қаруландыруға бағытайды. Оқытудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі: керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдау. Балалардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психолгиялық сипаттағы дамыушы ойындарды да атап кеткен жөн: кроссвордтар, викториналар, ребустар, криптограммалар және т.б.

Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігіне; екіншіден, ойын бағдарламаларының мақсатылығына тығыз байланысты. Ойынның мақсаты оқытудың басты мақсатымен үндес- баланың білуге, білімге деген құштарлығын ояту.


Балабақшада ойын не үшін керек ?
- Өздігінен бұл технология жаңа ұғымдарды, тақырыптарды меңгеруге ыңғайлы. 
- Жалпы технологиялық элементтерін қолдану. 
- Ойынды сабақ ретінде түсіндіру,пысықтау,тапсырманы бақылау түрінде қолдану. 
- «Ғажайып алаң», «Жұлдызды сәт», «Ақылдылар» ойындарын демалу үзілістерде ойнатуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет