Дәріс тезистері №1 дәріс. Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар оқу пәні ретінде



бет7/30
Дата08.04.2023
өлшемі142.98 Kb.
#471933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Дәріс Инновация 2023

3 дәріс. Дамыта оқыту технологиясы.
Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр баланың өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, тәрбиешінің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, баланың білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үдерісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үдерісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде және т.б.
Әлемдік педагогиканың көбінесе жүгінетін - Л.С.Выготскийдің идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л.С.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген жоғарғы оқу орындарында оқытылады.
1. Дамыта оқыту технологиясы (Д. Б. Эльконин В. В. Давыдов) әрбір баланың индивидуалды танымдық іс-әрекетін дамытуына, өзін тұлға ретінде тануына, оқыту үдерісінде өзін-өзі анықтауға бағытталған.
Қазіргі таңда дамыта оқыту тұжырымдамасы шеңберінде мақсаттық бағдарлары, мазмұны және әдістемесімен ерекшеленетін бірқатар технологиялар дайындалған. В. В. Давыдовтың пікірінше, дамыта оқыту ұғымы астарында түсіндірмелі-иллюстративті тәсілдің (тип) орнына келетін жаңа, белсенді әрекет тәсілі (тип) ұғынылады. Дамыта оқыту технологиясы баланы қоршаған ортамен өзара әрекет ететін дербес субъект рөлінде қарастырады. Бұл әрекет ету қызметтің барлық сатысын: мақсаттарды анықтауды, жоспарлау және ұйымдастыруды, мақсаттарды іске асыруын, қызметтің нәтижелерін талдауын қамтиды. Дамыта оқыту тұлғаның барлық біртұтас жиынтық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Дамыта оқыту бала дамуының жақын аймағында жүзеге асады.
«Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек», - дейді Л. С. Выготский.
Ол бала дамуында екі деңгейді атап көрсетті: 1) Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері. 2) Бала дамуының жақын аймағы - баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері. Дамудың қол жеткен аймағы бала өзі істей алатын істерінен ынтымақтастықта істей алатын істерге өту мүмкіндігі. Дамыта оқытудың басты белгісі дамудың жақын аймағын құруы, психикалық ішкі үдерістерінің қозғалысқа келтіруі, туындауы болып табылады.
Бала тұлғасын дамыту оқытудың мақсаты ма, әлде мақсатқа жетудің амалы ма (құралы ма) деген сауалға нақтылы түсінік берілмеген және тұлға дамытудың өзіне тән түрлі-түрлі көзқарастары бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері және көптеген ғалымдар оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтардың айтуы бойынша, әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Бала тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
Сондықтан, мектепке дейінгі ұйымның мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін бала тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Бұдан шығар түйін: дамыта оқыту - білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашақты болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне (сезімділік, зерде, ерік, құндылықтар, білімділік және жеке тәжірибе, т.б.) оң өзгерістер енеді.
Даму дегеніміз - материалдық және идеялық объективтілердің қайтымсыз, нақты бағытталған, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде тұрады.
Біздің ізденісіміз прогрестік дамуды көздейді, оған жетелейтін - өнімді іс-әрекет. Өнімді іс-әрекет жан-жақты ізденудің нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Мұндай жағдайда екінші бір жаңа, бұрынғыдан өзгеше мағлұматтар (өнімдер) туындайды. Дамыта оқыту идеясы өнімді іс-әрекет арқылы іске асады.
Ал бүгінгі мектеп оқушысы мұғалімнің баяндауын мұқият тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мәліметті өз бетінше оқып-танып, әртүрлі зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап және дайын ережелерді, нұсқауларды басшылыққа ала отырып, әр түрлі іс-әрекет жасайды. Мұндай оқу-танымдық әрекет-ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады.
Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі бойынша Мәскеудің психология институтының зертханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі- дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі профессор Эльконин Борис Данилович болып табылады.
Профессор Б.Д.Элькониннің пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп-білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүние және оны тану үдерісі баланың сол үдеріспен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі - дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни дамыта оқытудың педагогикалық не баламалық психологиясын емес, дамытушы білім берудің жүйесін қалыптастыру.
В.С.Лазарев бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет, педагогтарды ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет.
Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді Ю.В.Громыко қолайлы деп санайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту теориясын толық қолдануға мүмкіндік бар.
А.Б.Воронцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да жай мектеп мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.
Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер-жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда Мәскеу, Санк-Петербург, Харьков т.б. қалаларда Давыдов пен Элькониннің, Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі оқу-тәрбие үдерісінде қолданылып жүр. Брақ, біздің елде, әсіресе, қазақ мектебінде бұл игі іс әлі айтарлықтай қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жатады. Осының нәтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін «осылай істе» деген ұстаным бойынша танымал және тәжірибелік міндеттері шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүргені жасырын емес.
Әлемдік тәжірибеде бірнеше түрлі өзара балама мектептер баршылық. Мысалы, дәстүрлі мектеп түлектерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. Ал қызығу мен қажеттілікке негізделген «еркін тәрбие» мектептеріндегі білім беру үдерісі оқушылардың еріктері мен танымдылық дамуын шектейді, мұнда психиканың механикалық еске сақтау қызметі дағдылар мен ебдейліктер игерілмейді. Сондықтан, болашағы мол болып көрінетін дәстүрлі оқыту элементтері мен балама оқыту әдістемесінің үйлестірілген түрі керек. Мұнда тасада қалдырмайтын мәселе - қайсысынан қандай элементтер, қандай негізде таңдалынып, қандай қатынаста құрастырылатындығы (1-сурет).
Оқушы тұлғасының дамуына айтарлықтай ықпал жасауды дәстүрлі мектеп іргесінде іске асыру - қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Яғни, мемлекеттік білім беру стандарты бойынша, базистік оқу жоспарына негізделген, сыныптық - сабақтың ұстанымын сақтайтын, бірақ үнемі өзгерістегі, заманға қарай икемделудегі білім беру жүйесі және психологиялық - педагогикалық жетістіктерге ашық мектеп болуы керек.
2,3 суреттерде Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі ашылды.
Оқушы тұлғасының дамуына максималды себепкер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан:
1. Оқыту үдерісінде таңып-білуге арналған материалға және оны игеру уәжіне оқушының қызығуын тудыру.
2. Мұғалім білім беру мазмұнын өңдеп жоспарлағанда оқыту үдерісін оқушы есептің шешуін табу, не басқа оқу мәселесін шешу барысында өзінің өзекті даму аймағына сүйенетіндей етіп, ал нәтижесі оның жақын даму аймағына әкелетіндей етіп жасау керек. Басқаша айтқанда, оқыту үдерісі оқушының өзіне берілген есепті шешу барысында оны шешуге қабілеті, білімі жеткендіктен оны ұжымдық талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі қажет.
3. Оқуының тиімді даму жолдарын ашу олардың әрқайсысының «жеңістік жағдаятын» алдын ала ескеру қажеттілігі туады, яғни, оларға өз күштерімен шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шыңды басып өтуші, меншікті жеңісті иеленуші рентінде сезінеді.
4. Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.
5. «Сырттағы» білімді «іштегі» білімге алмастыруға арналған іс-әрекеттер тізбектерін алдын ала болжау қажет. Бұл нәтиже топтық талдау, пікірталастар жіне т.б. жеткізеді.
6. Дамыта оқыту үдерісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында жетуі керек (7-кесте).
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім - сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық уақытта дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйретеді.
Осындай негізде құрылған іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты: қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үдерісі (әрекет, операциялар), нәтижесін шығару.
Сонымен, жалпылап айтқанда, оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
- оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
- оқыту үдерісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;
- оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту;
- оқу материалын игеру және іс-әрекеті жете ұғынуға талпындыру;
- белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру;
- көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
- оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
- оқу үдерісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
- оқыту барысында әртүрлі шапшаңдықпен және әртүрлі көлемді (стандартқа сәйкес) оқу материалдарын игерудің мүмкіншілігін арттыру;
- дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;
- жаттығу сабақтарын сапалы ұймдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау, және т.б. дамыту жаттығулары).
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар:
- мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобына мұғалімдер мен оқушылардың кұш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;
- оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы (өзара сыйлау, түсінісу, әрекеттестік ұстанымы);
- оқыту үдерісінде репродуктивті және шығармашылық іс-әрекеттер оқушылардың жеке бас ерекшеліктері, уақытша жағдайы, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;
- оқыту деңгейінің анықталған бірізділігі болуы (оқыту жолдарына байланысты, нәтижелеріне байланысты, білім беру стандарттарына сәйкес, т.б.);
- оқу материалдарының бөлек-бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген курстардың да болуы (табиғаттану, әлеуметтік ғылымдар, қоршаған орта және т.б.);
- оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандырушы көздеген әртүрлі әдіс-тәсілдердің кең қолданылуы (диалог-сабақтар, ғылыми жоба қорғау сабақтары, пікірталас, іскерлік ойын сабақтары, т.б,);
- Оқушылар әжептеуір уақыт аралығында мысалы, бір не бірнеше жыл белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды топтар қалыптасып уақытша бір не бірнеше сабаққа қызметтесуінің мүмкіндігі және жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;
- балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактылы, логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі;
- үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей екендігін естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үдерісінде әрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі;
- оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйлесімді қосылуы;
- оқушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;
- оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы.
Осының барлығын іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, танымгер, өз ісіне құштар, яғни демократиялық әлеуеті жете дамыған мұғалім қажет.
Балабақшаның алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер ғалымдардың пікірінше, балаларды дамыта оқыту, яғни баланың оқу әрекетін қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет