Дәріс тезистері №1 дәріс. Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар оқу пәні ретінде


Монтессоридің «еркін тәрбиелеу» педагогикасы



бет21/30
Дата08.04.2023
өлшемі142.98 Kb.
#471933
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Дәріс Инновация 2023

Монтессоридің «еркін тәрбиелеу» педагогикасы
Итальяндық дәрігер және педагог Мария Монтессори алғаш рет өзінің жүйесін ақылы кеміс мектепке дейінгі жастағы балаларға қолдануды 1907 жылы бастады. Ол қиындығы бар кішкентай балаларға ересен еңбек сіңірмей - ақ білім мен дағдыларды, сондай жоғары деңгейде меңгеретіні соншалықты, олар, тіпті, дені сау құрдастарымен теңесіп, кейде асып түсетін ерекше дамытатын ортаны жасай алды. Қазір М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі – әлемнің көптеген елдерінде ең танымал жүйелердің бірі.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар
1. М.Монтессори технологиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
2. М.Монтессори технологиясының тұжырымдамалық негізіне не алынады?
3. М.Монтессори технологиясындағы тәрбиеші мен баланың іс-әрекеттерін ашып көрсетіңіз.
4. Мектепке дейінгі ұйымдарда М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері сипаттаңыз.
5. М.Монтессори сатыларын атаңыз.
6. М.Монтессори аймактарының мәнін ашық көрсетіңіз.
7. Монтессори тобындағы шеңбердің мәні неде?


9 дәріс. Жобалау технологиясы.
Тақырыбы: Жобалау технологиясы
Тәжірибеде мектепке дейінгі білім беруде жобаның орындалуы мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуына байланысты болады. Әсіресе берілген жобаға деген қызығушылық пен ықыластың тұрақтылығы. Балабақшада жобалау әдсін қолдану тиімді. Мысалы: Қыс мезгілінде балалардың бойында табиғатқа, қоршаған ортаға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту, еңбекке баулу мақсатында жоба жұмыстарын жүргізуге болады.
Жобалау технологиясының мақсаты - белгілі бір теориялық немесе тəжірибелік мəселелерді шешу арқылы нəтижеге қолжеткізу, оны көзбен көру, санада сəулелендіру, көңілге тоқу жəне оны жүзеге асыру. Балалардың өздігінен дербес
əрекет етуіне жағдай жасау (жеке, жұппен жəне топпен жұмыстар). Жобаның мазмұндық бөлігінің құрылымын жүйелей алу.
Жобалау кезеңдері:
І кезең – дайындық кезеңі: Барлық топтар балабақшаның терезе жақтауларында жүйектер отырғызады, көкөніс дәндеріне тәжірибелер жасайды. Таңдалған тақырыпқа сай мақалдар, жаңылтпаштар, көкөністер туралы өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, т.б. көркем әдебиет үлгілерін таңдайды, бақша ойындары жайлы картотекалар, дидактикалық ойындар құрастырады.
ІІ кезең – зерттеу жұмыстары: Балалар көкөністердің өсіп-өнуін бақылайды, зерттеулер мен тәжірибелер жасайды. Өсімдіктер туралы түсініктері қалыптасады. Көкөністер тақырыбында иллюстрацияларды, суреттерді қарайды. Тақырыптық оқу қызметінде дидактикалық ойындар ойнап, әңгімелер айтады.
ІІІ кезең: Балалардың зерттеу барысында пайда болған іс-әрекеттерінің нәтижесі қорытындыланып, нәтижеге анализ жасалынады.
Экологиялық жобаның қорытындысы: Жоспар бойынша жобаның соңғы уақытында комиссия мүшелері құрылып, барлық топтардың жасаған жоба жұмыстарын қорытындылап, баға беріледі. Барлық топтар жасаған жұмыстарын корытындылау барысында тақырыптық жобаның тұсау кесерін жасайды. Көрме ұйымдастырады. Жасаған жұмыстарына презентациялар дайындап, педагогикалық кеңесте қорғайды. Жасаған жұмыстарына есеп береді. Комиссия мүшелерінің шешімімен жобаны жоғары деңгейде жүзеге асырған тәрбиешілер мадақталанады.
Жобалау әдісі – мектеп жасына дейінгі баланың ұстап көрсем, білсем деген құштарлығын қанағаттандырып, алғашқы білім-білік дағдыларын, өз ісіне деген жауапкершілігін арттырады. Табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастырып, адамгершілік сезімдерін тәрбиелейді.
Жобалау технологиясының ерекшелігі – баланың алдағы іс-әрекетті жобалай алуы мен оның субьекті бола білуі.
Жоба – ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезеңді процестер мен алдын-ала жоспарланған тәжірибелік іс-әрекет арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс.
Жобалау әдісі түсінігінің негізгі тезисін танып жатқанымыздың барлығын не үшін қажет екенін және бұл білімді қайда және қалай пайдалану керектігін білеміз.
Жобалау әдісі – мәселені жете зерттеу арқылы,нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі – барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды. Жобалау әдісі – жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады.Ол оқытудың мазмұндық бөлігін тапсырма жиынтығы арқылы балалардың зерттеу іс-әрекетін болдыруға себепші, оқытылатын мағлұматтарды қандай да бір іс-әрекет немесе продукция ретінде алып шеберлік пен дағдыны дамытады.
Жобалық іс-әрекеті біріккен оқу танымдық іс-әрекеттің ортақ нәтижесіне бағытталған, ортақ мақсаты, қиыстырылған әдісі, іс-әрекет тәсілдері бар, балалардың шығармашылық және ойын іс-әрекеті.
Педагогикалық жобалау – қандай да бір мәселенің шешімін көрсететін жоба жасау үрдісі.Ол оқу үрдісі жағдайында орындалатын және оның тиімді жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған іс-әрекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет