Дәріс тезистері №1 дәріс. Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар оқу пәні ретінде


Монтессори технологиясының мақсаты



бет18/30
Дата08.04.2023
өлшемі142.98 Kb.
#471933
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Дәріс Инновация 2023

Монтессори технологиясының мақсаты:
- Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу.
- Өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру.
- Балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.
Монтессори педагогтың міндеті:
- Балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу.
- түстерді айыра білуге үйрету.
- Ұсақ моториканы дамыту.
- Алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру.
- Зейінін тұрақтандыру.
- Тәртіпке үйрету.
Негізгі сабақ түрлері:
- Материалдармен жұмыстың жеке көрсетілімі.
- Топтық сабақ
- Жаңа ұғымдар туралы сабақ.
Монтессори әдістемесінің принциптері:
Автор баланың жан – жақты дамуы үшін ең алдымен мыналар қажет деді:
1 Баланың білім алуы мен танып білуіне жағдай жасалған арнайы орта;
2 Баланың әрекеттерін сырттай бақылаушы және оған көмекші рөлін атқарушы тәрбиеші;
3. Жеке тұлғаны дамытушы жылы аймақ.
Монтессори педагогикасының негізгі принципі:
Баланы өз – өзін тәрбиелеуге, оқытуға, дамытуға ынталандыру.
«Маған өзім істеуге көмектес». Монтессори топтарында балалар арнайы әзірленген қоршаған орта- Монтессори материалдары көмегімен өздігінен оқиды. Монтессори материалдарында өзін –өзі бақылау мүмкіндіктері қамтылған, бала өз қателіктерін өзі көріп, өзі соған бейімделеді.
Монтессори сатылары:
1 Монтессори әдісінде үш сатылы оқыту түсінігі бар. Балалардың жаңа білім алып, сөздік қорын толтыру үшін осы әдіс сабақта қолданылады.
I cаты – білім алу сатысы. Бұл жерде балаға жаңадан білім беріледі. Тәрбиеші балаға белгілі бір заттың түсі, қасиеті туралы түсініктер береді.
2 cаты – практикалық білім алу сатысы. Бұл кезде бала іс жүзінде білім алады. Тәжірибе арқылы I-сатыда алған білімдерін пысықтайды.
3 cаты – тексеру сатысы. Бұл сатыда жаңа сөздер белcенді емес сөздік қордан белсенді сөздік қорға айналады. Ескеретін бір нәрсе, тәрбиеші баланың біліміне сенімсіз болса, онда бұл сынақтар жүргізілмейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет