Жобалаудың негізгі қызметі – бағдарламаны белгілеп, арнаулы іс-әрекеттердің жалғасуына құралдар таңдау. Жобалық әдіс – айқын іс-әрекеттер кезеңінен өтетін айдың пайда болуынан бастап жүзеге асуы.
Жоба құрылымы бойынша 3 кезеңге бөлінеді.
1. Дайындық. 2.Негізгі. 3.Қорытынды.
Жобалық іс-әрекеттің кезеңдерінің мазмұнын қарастырайық.
Дайындық (ұйымдастыру) кезеңінде не үшін дәл осы жоба таңдалды деген сұраққа жауап бере отырып,жобаның қазіргі мән-жайы, бұл жоба қандай мәселелерді шешеді және бұл жобаның нәтижесі қандай болмақ осы сұрақтарға жауап беріледі. Сонымен бірге жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеті, мәселесі, уақыты және қоры анықталады. Жұмыстық жоспар жасалады, командалар құрылымы, жауапты адамдар тағайындалады.
Негізгі кезең – жобаның жүзеге асуы кезеңі бұл кезеңде ақпарат жинап және оны анықтайды, жобаны жасақталады, жоспар бойынша негізгі іс-шаралар өткізіледі, жоспарларды бақылау және түзету жұмыстары жүргізіледі.
Жобаның жүзеге асырылуы арасында өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Бастысы бағдарламаның дәл дұрыс орындалуы емес жұмыстың тиімділігі (жобаның мақсатқа жетуі).
Қорытынды кезеңде жобаны қорғау, рефлексия, қойылған мақсат тұрғысынан алынған нәтиженің бағалануы және түзетулері енгізіліп және қорытындыланады.
Даму перспективаларын анықтау жобаның соңғы кезеңі – жобаны қорғау- әрқашан көріністі. Оған ата-аналармен кішкентай балаларды, жалпы қонақ шақыруға болады. Дәл осы кезеңде жоба эмоциялық тұрғыдан қыза түседі және осы кезде оның әлеуметтік маңыздылығын да арттыру керек.Не үшін, кім үшін жасалғанын және жалпы не үшін қажет екенін түсіндіру керек. Қорғау өте жарқын болуы керек, онда әрбір баланың, әр ата-ананың, әр мұғалімнің еңбегі көрінетіндей етіп ойластыру керек.
Мақсаттылық жобаның белгілері: (мақсат жоқ болса – жоба да жоқ).
1. Өзгеріс (оқу процесінің қажет күйге айналуы).
2.Уақытына шектеу қою ( барлық жобаның басталып, аяқталатын мерзімі болуы керек).
3. Жобаның бірегейлігі.
4. Қажет қордың шектеулігі.
Жобаға қойылатын негізгі талаптар: Шешімін іздейтін мәселенің болуы,жоба бұл байсалды ойын,баланың дербестігі және ата-ана мен баланың ортақ шығармашылығы;
Білімді қолданыста пайдалану үшін мектеп жасына дейінгі балалармен өз ықыластарымен ұсынылған кішігірім жобалар алу қажет, сонымен қатар 3 нәрсеге көңіл аудару қажет: Мектепке дейінгі баланың қызығушылығы,оның белсенділігі және оның дербестігі;
Жобалау кезінде мектеп жасына дейінгі бала рөлі өзгереді. Жоба кезінде мектеп жасына дейінгі бала оқыту субьектіне айналады. Іс-әрекет мақсатын тәрбиешімен бірге бала өзі анықтайды.Бала мәселені шешуде өзіне керекті нәрсені өзі көбірек таңдай алады және оқу мен тәрбие процесіне белсенді қатыса алады және бала мүмкіншілігінің көптігі (тәжірибе жасап көреді, жаңа нәрселерді таниды). Сонымен бірге бала тапсырманы орындауда жауапкершілік жүктей алады және уақытын бөліп пайдалана біледі, топтық жұмыстарда көбірек тәуелді болады. Жобалық іс-әрекеттерді пайдалану мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласында көптеген тапсырмаларды шешеді. Мектеп жасына дейінгі баланы орындаушы емес, іскер етіп тәрбиелеу мүмкіншілігін береді.Әр бала өзіне ұнайтын іс-әрекет жасай отырып, әр бала өзін шығармашылық тұлға етіп көрсете алады. Соынмен бірге жобалық іс-әрекет бала бақшада зерттеушілікпен зор қиюласады, өйткені балалар тумысынан зерттеушілер, олар шаршамайды, тырысады, аңғарғыш және әуес. Тек осы мүмкіншіліктерін жобалық іс-әрекетте қажет арнайы икемге пайдалану керек.
Жобада тәрбиеші қызметінің сипаты: тәрбиеші баланың серіктесі әрі оның өзін-өзі дамытудағы көмекшісі болып табылады.Тәрбиеші жобаның негізгі жетекшісі, әрі мәселені шешудегі баламалар тобы менжеке баламалардың жігер үйлестірушісі.Тәрбиеші жоба кезінде сырттай бақылайды, кеңесші әрі сарапшысы бола отырып, аз айтып балалармен көп ізденеді.Ақпарат көздерін тауып, ұсыныстар жасап отырады және жасалған жұмыстардың нәтижелерін бағдарлай біледі.
Танымның барлық әдісін біріктіруші тақырыптық жобалар балаларға өз табиғатына жақын білім жолын ұсынады.Одан басқа,әр қайсысы өз бағыттары бойынша әрекет ете отырып (біреуі мүсін жасайды,сурет салады,оқиды, кітап жазады) барлығы да берілген тақырыпты жан – жақты ашып көрсететін қыруар мағлұматтар жинап,көрнекі нәтижелерге қол жеткізеді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ересектеулері құм мен сазды қуана зерттейді,өзіндік ерекшеліктерін тани отырып,жүзуге кемелер жібереді,самалды тосады,суды түрлі түсті мұздақтарға айналдырып,ал күн көзін түрлі – түсті алауларға айналдырады,көпіршік жасап, сурет салып көреді,ал бұл арқылы балалар негізінде «Ауа қайда болады?», «Неге кемпірқосақ түрлі- түсті болады?» деген сияқты қиын сұрақтардың шешімін іздейді.
Жоба кезінде бала (қашан? қандай? қайда?)деген сұрақтарға тәжірибе жасап, пайымдайды, іздестіреді, жауап іздейді, тілдік қарым- қатынастарға түсіп, өз ойларын әр түрлі білдіреді, не үшін әрекет етіп жүргенін түсініп, өз қызығушылығы мен арманын айтады. «Біз кафе ашамыз», «Өсімдіктерге қалай әдемі болуға көмектесу керек?» деген сияқты кішігірім жобалар балалар мен ұстаздардың шығармашылық іс әрекеттерін талап етеді. Ал «Мен және басқалар», «Достар атызда өспейді», «Қалай өз өміріңнің әміршісі болуға болады?» деген сияқты әлеуметтік бағыттағы ұзақ мерзімге арналған жобалар балалар мен мұғалімдердің 3 айдан 6 айға дейінгі жұмысын талап етеді.
Мектеп жасына дейінгі оқу мен тәрбие мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты педагогикалық үрдісінің бағдарлануын, жобалануын және құрылуын болжайды. Білім беру ұйымдарында жобалау әдісі педагогтардың жобалау құзыреттілігін арттыру шарттарының бірі ретінде пайдаланылады. Жобалау әдісін пайдалану педагогтарға инновациялық идеялар қосуға мүмкіншілік жасайды.
Педагогтың жобалау құзыреттілігіне мыналар жатады: педагог жұмыстарының нәтижелерін жобалай білу; педагогикалық ықпал етудің жолдарын жоспарлау; тәрбие мен оқытуда кездесетін қиыншылықтардың нәтижелерін болжау; нақты педагогикалық тапсырмаларды бөліп көрсету, оларды шешу шарттарын анықтау; балалардың әр түрлі іс- әрекеттерін басқару жұмыстарын жоспарлау және тәрбие мен оқыту жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін, құралдарын таңдай білу.
Педагогтардың жобалау құзыреттілігін қалыптастырудағы негізгі мақсат – ұсынылған мәселе бойынша жоба жасауға үйрету.
Мектепке дейінгі білім ұйымдары педагогтарының кәсібилігін арттыру ретінде зерттеу, жобалау жұмысын дамыту.
Инновациялық іс -әрекеттің ұйымдастырылуында маңызды рөл оқу – әдістемелік ісі мектепке дейінгі ұйымның әдіскеріне беріледі. Оның іс- әрекеттерінің басым
бағыттарынының бірі педагогтардың жобалау құзыреттілігін арттыру болып табылады.
Жобалау әдісі жұмыстарын мектеп жасына дейінгі қолданысқа кіргізуді педагогикалық кадрлармен жұмыстар ұйымдастырудан бастау қажет.
Әдістемелік қызметі өз жұмысын қарапайым ликбезден,яғни барлық мұғалімдерді қарапайым жобалау әдісі мен зерттеу әдісіне үйретуден бастай алады.Сонымен бірге жобалық зерттеу жұмысынан қандай нәтиже күтетіндері туралы педагогтармен кішігірім сауалнама жүргізе отырып, жобалық іс әрекеттері бойынша әдебиеттердің библиографиялық тізімін дайындап және әдістемелік әдебиеттер таңдай біледі.
Қорытындылай келе жобалау әдісі арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады: Педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы білімдері анықталады, балаларды,ата – аналар мен мұғалімдерді кешенді сүйемелдеу қалыптары дайындалады(жоба бойынша шығармашылық топтың жоспары жасалды), әр бір педагог жеке кішігірім жобалар жасап, ақпараттық коммуникациялық технологиялар пайдалану сабақтарының конспектілері дайындалады, балабақшада даму ортасы жетіледі және кеңестер өткізіліп,педагогтарға практикалық кеңестер,ал ата- аналарға жобаны жүзеге асыру бойынша кеңестер беріледі.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Білімді тексеру мен бақылауға арналған сұрақтар
1. Жобалап оқыту технологиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
2. Жобалап оқыту технологиясының тұжырымдамалық негізіне не алынады?
3. Жобалап оқыту технологиясындағы тәрбиеші мен баланың іс-әрекеттерін ашып көрсетіңіз.
4. Мектепке дейінгі білім беруде жобалардың түрлері?
5. Жобалық іс-әрекеттің кезеңдерін сипаттаңыз.
6. Жобаға қойылатын негізіг талаптар қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |