Дәріс тезистері №1 дәріс. Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар оқу пәні ретінде



бет26/30
Дата08.04.2023
өлшемі142.98 Kb.
#471933
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Дәріс Инновация 2023

Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар
1. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технология дегеніміз не?
2. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияның мәнін ашып көрсетіңіңіз?
3. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияның тұжырымдалық ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
4. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы электрондық оқулықтың маңызына тоқталыңыз.
5. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үдерісіне ендіру кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
6. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияның қандай артықшылықтары бар?
12 дәріс. Проблемалық оқыту технологиясы
13 дәріс. Тәрбиелеу - оқыту барысында инновациялық технологияларды интерактивтік жабдықтар негізінде қолдану әдістері
Балаларға арналған интерактивтік жабдықтардың түрлері және олардың қызметі.
Интерактивтік жабдықтар озық технология жетістіктердің бірі болып табылады.
Интерактивтік - дегеніміз, өзара әрекет ету қабілеттілігін немесе әңгімелесу тәртібінде болуды, немен болса да (мысалы, компьютермен) немесе кіммен болса да (адаммен) сұхбатта болуды білдіреді. Интерактивтік жабдықтар тәрбиелеу және оқыту барысында таптырмайтын, көп қырлы қызметтерімен: слайдтар және бейнелер көрсететін, қажетті жеріне белгі қою, сызбалар сызу, сурет қою, мүмкіндіктерімен ерекшеленеді, мазмұнын, түрін, түсін және нысан көлемін басқаруға, сонымен қатар, оқыту үдерісіне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Балаларға арналған интерактивтік жабдықтардың келесі түрлері ажыратылады:
1. Интерактивтік тақта. Компьютерге қосылған сенсорлы экраны бар - интерактивтік жабдықтардың негізгі түрі болып табылады.
Компьютердегі кескіндемелерді тақтадан көрсету үшін проектор қолданылады. Компьютердегі жұмысты бастау үшін тақтаның жоғары жағына тигізу жеткілікті. Мәтіндермен, видеофайлдармен, аудиоматериалдармен жұмысты жүзеге асыру үшін арнайы бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Тәрбие және оқыту үдерісінде қолданылып жүрген интерактивтік тақта - оқу ақпараттарын айтарлықтай кеңейтуге, баланың ықыласын арттыруға мүмкіндік береді. Мультимедиалық-технологияларды (түсті, кестені, дыбысты, бейнелеу техникаларының заманауи құралдарын) қолдану әртүрлі жағдаяттарды және ортаны үлгілеуге мүмкіндік береді. Мультимедиалық-бағдарламаларға енгізілген ойын компоненттері балалардың танымдық әрекетінің белсенділігін және материалдарды меңгеруді күшейтеді. Балабақшаларда интерактивтік тақта көмегімен кез келген суреттемелерді немесе бейнелерді көруге, музыкалық сабақтар өткізуге және ертегілер айтуға болады. Сенсорлы экранды пайдалану нәтижесінде балалар өздері заттардың кескіндерін жылжытады, сурет масштабын өзгерте алады, суреттер салады, таңдайды.
2. Интерактивтік панель. Ол монитор мен арнайы құрылғыдан тұрады, рұқсат етілген ақпараттар қаламұштың көмегімен енгізіледі. Панелдің шағын мөлшері мен ішкі көру жүйесі, оны кез келген жерде қолдануға мүмкіндік береді, ал мәліметтерді экранда қажетті көлемде үлкейтіп көрсетуге болады. Панелді тігінен, жазықтыққа, тіпті еңкейтіп орналастыруға болады.
3.Интерактивтік үстел. Бұл көлденең қалыпта орналасқан компьютерге қосылған, сенсорлы басқару элементтері бар, шағын сенсорлы экран.
Балаларға арналған интерактивтік үстел - бұл суреттер, ойындар, әріптер, сандар және басқа да көптеген ақпараттар. Көңіл көтеру және оқыту құралдары, мысалы, фотоальбом немесе интерактивтік карта, үстел ойындары немесе үйрету материалдары болып табылады. Үстелде жұмыс істеу бала бір мезгілде бөліп, көрсететін немесе нысандарды өзі қозғалтатын, экранда сурет салатын немесе
жазатын, сонымен қатар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып басқа балалармен өзара әрекеттесетін баланың жеке қажеттілігіне бағдарлануымен ерекшеленеді.
4. Интерактивтік еден. Заманауи сандық және жобалық технологияларды пайдалана отырып кез келген үй-жайдың еденінде тамаша видео құруға, интерьерді түбегейлі жандандыруға болады. Балабақшалардағы интерактивтік еден тамаша сиқырлы ойыншықтардың немесе балаларға арналған қызықты ойын-сауықтардың орнына қызмет етуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет