Дәріс12. Тақырып: Кешенді-механизацияланған жұмыстарды ұйымдастыру үшін үйымдастыру-технологиялық құжаттар



бет2/3
Дата19.05.2022
өлшемі46.43 Kb.
#457597
1   2   3
12 ЛЕК КАЗ

Түрлі жүмыстардъщ өндірісі үшін нормкомплектілер. Кез келген жұмыстарды орындау үшін құрылыс машиналарынан басқа олардың сапасын бақылау мен қамтамасыз ету үшін түрлі құралдар, қондырғылар, жабдықтар, аспаптар қажет. Аз ғана заттардың жетіспеушілігі жұмыс уақытының жоғалуын ұлғайтады, жұмыс сапасын төмендетеді, еңбек өнімділігін құлдыратады. Жұмысшы звенолар мен бригадаларды бар қажетті нәрселермен қамтамасыз ету үшін инвентарьдың комплектісі (нормкомплект) болуы керек. Нормкомплект деп рационалды таңдалған және құралдардың комплектіленген жиынтығы, белгілі бір жұмыс түрін заманауи тәсілдермен қол еңбегінің минималды шығыны,жұмыс уақытының шығыны кезінде, номалар талаптарыны сай келетін сапада жұмыс орындауға қажет көмекші қондырғыларды айтады.
Нормкомплектілер құрамын Оргтехстрой тресттері рационализаторлар мен зерттеушілердің ұсыныстарын ескере отырып дайындайды. Нормкомплектінің документациясының мазмұны: жұмыстардың аты мен мағынасы; техника- экономикалық көрсеткіштер (ауысым кезіндегі жұмысшының жұмыс көлемі, еңбек шығындарының үнемділігі, жылдық экономикалық тиімділік).
Өлшемдеріне байланысты нормкомплектілерді құралдар жәшіктеріне қояды, контейнер-жәшіктерде, жылжымалы вагончиктарда сақтайды. Нормкомплектілерді дайындау мен комплектілеуді құрылыс мекемелерінің шеберханалары мен мамандандырылған зауыттарда жүзеге асырады.
Мелиоративті-құрылыстық жұмыстардың сапасын бақылау ұйымы.
Мелиоративті объектілердің сапасын жоғарылату олардың ұзақ уақыт жарамдылығы мен сенімділігін ұлғайтады, игеру мен эксплуатация кезінде шығындарды азайтады, капиталды салымдардың тиімділігінің артуына үлес қосады.
Құрылыс сапасына қойылатын талаптар нормативті құжаттар жүйесімен (СНиП, СН, ВСН), стандарттармен (ГОСТ, ОСТ), техникалық жағдайлар (ТУ,РТУ), инструкциялар, нұсқаулар, ұсыныстармен (бірегей, ведостволық, жергілікті), сонымен қатар жобалық документацияда бар ұсыныстармен регламенттелген және анықталған.
Құрылыс стадиясында жеке жұмыстардың, құрылымдардың және объектілер мен жүйелердің тәсілдері мен бақылаудың дамыған жүйесі қызмет етеді. Құрылыс ұйымдарының күші мен қызметтерінің көмегімен жүргізілетін ішкі бақылау болады, және сонымен қатар сыртқы бақылау да болады.
Құрылыс ұйымдарының жағынан жұмыс сапасын бақылау мен бағалау сәйкес бөлімшелердегі бас инженердің жетекшілігімен келесі қызметтермен жүзеге асырылады: геодезиялық, құрылыс зерттханасы, техникалық инспекция, сапа
бойынша инженер, қоғамдық бақылау.

Тексеріс мақсаты - нормативтердің талаптары мен жобаның мәліметтеріне сәйкестігін орнату. Бақылауға мыналар қарасты:


Кеңістіктегі объектінің орналасу қалпы (пландық және биіктіктік);
Құрылымның геометриялық өлшемдері;
Барлық қолданылатын алғашқы материалдардың қасиеттері мен сапалары (экелінген, жергілікті, өзі шығарған материалдар);
Құрылысдардағы, конструкциялардағы, детальдардағы материалдардың қасиеттері мен сапалары (үйме құрылымдардағы, үймелердегі, сүзгілерде, құрылымдардың бетон мен темірбетонды бөліктерінде, қорғаныштық гидроизоляция, сүзгіге қарсы қондырғылар және т.б.);
өңдеу сапасы мен эстетика элементтері.
Барлық бақыланған элементтер нормалар бойынша жіберілген қателіктер шегінде ғана нақты дәлдікпен орындалуы керек. Жіберілетін шекті қателіктерден асатын қателіктермен жасалған жұмыстар қайта жөндеуге тиіс деп саналады, оларды брак деп санап қайтадан жасалуы тиіс.
Орындалған жұмыстардың сапасы үш баллды жүйеде бағаланады: өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық. Қанағаттарлық бағасына (5) аса жоғары шеберлікпен жобаға сәйкес және барлық нормативтер мен талаптарға сай келетін, жіберілетін қателіктері минималды болатын, бірінші көрсетуде-ақ өңдеу сапасы жоғары болған жұмыстар мен объектілер лайық. Жақсы бағасына (4) жобаға және нормативтерге сәйкес толық орындалған, жіберілетін қателіктері орташа және жұмыстарды бірінші көрсетуде-ақ тапсырған жұмыстар мен объектілер лайық. Қанағаттанарлық бағасын (3) жобаға сай келетін, жіберілетін қателіктері шектен аспайтын, бірінші көрсетуден өтпей, жұмыстарды бірнеше рет қайта жасап шыққан объектілер мен жұмыстар алады.
Жұмыстар мен жеке құрылымдарды элемент бойынша бағалау кезінде сапаның орташа өлшенген балын формула бойынша шығаруға болады:

Мұнда М}, М2, М3 - жұмыс түрлерінің немесе конструктивті элементтердің саны, 3, 4, 5 бағаларына сәйкес қабылданған.


Орташа балды кешенді көрсеткіш бойынша да анықтауға болады:

Мұнда а}, а2, а3 - әр жұмыс түрінің немесе объектінің бағаланып жатқан жұмыстардың жалпы құнына қатысты пайызбен көрсетілген шекті салмағы.
Жұмыс сапасын бағалауды орындаушыларды, ұжымдар мен құрылыс ұйымдарының мадағын, абыройын ескере отырып жүргізеді.
Құрылыстағы өндірістік бақылаудың жалпы схемасы 138-суретте көрсетілген. Бақылаудың мақсатына келіп түсетін барлық материалдар мен қондырғылардың түрлерін ГОСТ-қа, техникалық паспорттарға, жобада көрсетілген нұсқаулар мен талаптарға сәйкес бағалау жатады.
Операциялық бақылауды процесс кезінде немесе әр құрылыс процесі біткеннен кейін қателіктерді табу үшін, брактың пайда бол себебін табу мен оны жою үшін

орындайды.


Тиімді және әрекет ететін бақылау операциялық бақылаудың схемасының негізінде жүзеге асады. Мүндай схемелар барлық орындалатын жұмыс түрлеріне жасалуы қажет. Олардың қүрамында әрекет ететін СНиП-тер мен нормативтьерге нүсқаулар болуы керек, бақыланатын көлемдер тізімі, оларды өлшейтін жерлер мен схемалары, жіберілетін қателіктер шегі, қолданылатын материалдар сапасына қойылатын талаптар(81-кесте).
Материалдар мен жүмыс өндірісінің сапасын сандық бақылауды қүрылыс зертханалары жүргізеді. Шеткі қүрылыс аудандарында қажет болса зертханалық посттар күрады.
Жеке жұмыстардың, сатылардың және құрылымдардың қабылдаушы бақылауын жұмысшы қабылдау комиссиялары тапсырыс берушінің техникалық бақылауы мен сапа бойынша инспекцияның қатысуымен жүргізеді. Бұл сатыда негізгі орынды жасырын жұмыстрады бақылау алады, яғни келесі операциялар мен жұмыстарды орындау кезінде тексеріске, бақылауға көрінбейтін жұмыстар. Мұндай жұмыстарға орнатылған форма бойынша акт жасалады, онда бұл жұмыстардың СНиП талаптарына сай орындалғаны бекітіледі, олардың тексерілгені және келесі жұмыс түрін орындауға рұқсат берілетінділігі жазылады. Жасырын жұмыстардың мысалы ретінде: Барлық құрылымдардың түрлеріне негіз дайындау, сонымен қатар бөгеттердің үймелері мен канал жанындағы дамбалардың негіздерін тазалау, траншеялардағы құбырлардың үйме алдындағы монтажы, дренажды сүзгілер мен горизонтальды құбырлы дренаждардың траншеяларды үю алдындағы төселінуі, гидроизоляциялық жұмыстар және т.б.
Жасырын жұмыстарға актілер жасауда тапсырыс берушінің өкілі міндетті түрде қатысуы керек. Барлық актілерді құрылыстың журналында тіркейді және қабылдау комиссияларына береді.
Жұмысшы қабылдау комиссияларын тапсырыс беруші тапсырыс берушінің өкілдерінен тағайындайды, генподрядты және субподрядты құрылыс ұйымдарынан, техникалық инспекциялар мен бақылау қызметтерінен, тапсырыс берушінің және басқа да қызметтер өкілдерінің кәсподақтарынан тағайындайды. Мұндай комиссияның мақсаты - нысанның эксплуатацияға және Мемлекеттік комиссияға көрсетілімге тапсыруға дайындығын анықтау.
Мемлекеттік қабылдау комиссиялары эксплуатацияға тек толығымен аяқталған нысандар мен жүйелерді қабылдайды. Мұндай комиссиялардың құрамын министрліктер мен ведомстволар тағайындайды, олар құрылысқа қаражат бөледі.
Бұл комиссиялардың мақсаттары мен жұмыс тәртібі СНиП және сәйкес министрліктердің инструкцияларымен анықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет