I-Оαβ топ
II-Аβ топ
III-Вα топ
IV-АВо топ
А және В аглютиноген басқа өзінін антигендық әсеріне байланысты адам қанында резус жүйенін D антигені орын алады. Адам қанының 85% резус антиген(фактор) табылған 15% резус фактор табылмаған. Осыған байланысты 85% адамдар резус оң ,ал 15% резус теріс болып есептеледі.
Қан тобың анықтау изоагглютинация реакциясына сүйенеді. Изоагглютинация реакциясы аттас агглютиноген мен агглютинин зерттеген қан тамшысының ішінде кездесе қалғанда жүреді. Бүл қанның қызыл түйіршіктердін бір-біріне жабысуымен сипатталады. Сондықтан агглютинация реакциясы болған тамшыда қан іріп қалғандай болып қөрнеді, ал агглютинация реакциясы болмаған тамшыда қан тамшысы бір текті болып қала береді.
Қан тобың анықтау екі жолмен жүргізуге болады. Стандартты эритроциттерді қолданып немесе стандартты сарысуларды қолданып. Клиникалық жағыдайда көбінесе екінші әдісті қолданады. Бүл үшін төрт қан тобының стандартты сарысулары қажет. Осы әдіс бойынша зертеген қанды стандартты сарысулармен арластырып агглютинация реакциясының бар-жоғын байқайды. Арнайы планшеткада әр-бір топтың стандартты сарысуына арналған ойық қарастырылған. Соған 1:7, 1:10 қатнасында зертейтін қан мен стандартты сары су тамызлып арластырлады. Нәтижесін 5 минуттан кейін қортындайды.
Егерде агглютинация реакциясы еш-бір ойықтағы стандартты сарысулармен көрінбесі зерттеген қанды бірінші топқа жатқызамыз.
Егерде агглютинация реакциясы I және II қан тобының сарысулармен болып III қан тобының стандартты сарысуымен болмаса зерттеген қанды үшінші топқа жатқызамыз.
Егерде агглютинация реакциясы I және III қан тобының сарысулармен болып II қан тобының стандартты сарысуымен болмаса зерттеген қанды екінші топқа жатқызамыз.
Егерде агглютинация реакциясы I,II және III қан тобының сарысулармен болып қалса зерттеген қанды төртінші топқа жатқызамыз.
Резус-фактор бар-жоғың анықтау лаборатория ішінде жүргізледі. Бүл үшін анти-резус сарысулар қажет. Зертейтін қан мен анти-резус сарысуың арластырғаннаң кейін агглютинация реакциясы байқалса қан резус оң болып табылады, егер агглютинация реакциясы байқалмаса қан резус теріс болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |