Дәріс:Қан және қаналмастырғыларды құю Инфузия және трансфузия. (тезистер)



бет3/5
Дата09.10.2023
өлшемі30.55 Kb.
#480194
1   2   3   4   5
5 Дәріс Инфузия және трансфузия

Қолданатың қанның түрлері.
Гемотрасфузия үшін келесі қандардың түрлерін қолданады:
-Донор қаны – қан орталықтарында алдың ала жиналып сақталған қан. Оны науқастарға сәйкестіктерін анықтағаннаң кейін тамыр ішіне жібереді.
-Аутоқан(өзінің қаны) – ағза қуыстарына жиналғаң қанды операция кезінде жинап, қайталап науқастың өзіне құйяды(реинфузия).
-Плацентарлық қан – нәрестенің туғаннаң 2 мин. кейін планцета бөлігінің кіндік тамырларынаң асептикалық жағдайда жиналғаң қан.Бір планцетадаң 50-150мл. қанды жинап стандартты сарысулар және γ глобулиндерді дайындайды.
-Өліктің қаны - жедел жүрек жетіспеушілік,электрожарақат,бас ми, жүлың жарақаттарынаң кенеттен өлген адамдардың, өлгеннең 6 сағаттаң кешікпей алынған қан. Қанды мойынның ірі көк тамырынаң алады. 2,5-3,0 литрға дейін болуы мүмкін. Өліктің қаны усыз және қолдануға жарамдылығы дәлелденді.
Жасушалық компоненттер.
Замануи гемотерапияның негізгі принципы – қан плазмасының ақуызды факторларының немесе қанның жасушалық элементерінің тапшылығын толтықтыру.Қазіргі уақытта қанның бөлек компонентердің құю, тұтас қанның құюынаң артықшылығы және қаупсіздігі туралы біртұтас көзқарас бар.
Эритроцитарлық массасы – консервленген қанның негізгі компоненті,70-80% эритроциттерден түрады.Эритроциттердін санның көбейтеді және гемопоэзды белсендетеді.
Лейкоцитарлық массасы – ағзаның жасушалық иммунитетін көтереді.
Тромбоциттер концентрациясы – қан ұйю жағдайың қалыптастырады.
Плазма – қан плазмасындағы белсенді компонентердін емдін әсерлерін қолдану ретінде пайдаланады.
Қан препараттары.
Альбумин – донор қанынаң жасалады.5,10,20% ертіндлер 50,100 және 250мл флакондарда шығарылады.Қанның онкотикалық қысымың көтеріп,суды сақтау,соңымен бірге шокқа қарсы әсері бар.
Фибриноген – құрамының көбі фибриноген. Қан ұюың жақсартады.
Фибринолизин – қанның қанұюына қарсы жүйесінің физиологиялық компоненті. Тромбоз және тромбоэмболия жағдайында қолданылады.
Қан құюға көрсеткіштер.
Қазіргі уақытта тұтас қанның құйюына келесі көрсеткіштер негізделеді:
-гиповолемиялық шок дамуымен өтіп жатырған массивті қан жоғалту
-ашық жүрекке операция орындау
-алмасу транфузиялар(нәрестенін гемолитикалық ауруы)
Қан құюға қарсы көрсеткіштер.
Қан құюға абсолютті қарсы көрсеткіштерге келесі жағдайлар жатады:
-жүрек-тамыр жүйесінің декомпенсациясы
-жедел ревматизм
-белсенді туберкулез
-инсульт
-тромбоэмболиялық ауруы
-бүйрек пен бауырдың жедел ауруларымен жетіспеушіліктері
-өкпенің ісінуі
Гемотрансфузия алдында орындалатың шаралар.
Гемотрансфузия трансплантация операциясы болып есептеледі. Сондықтан қан құйар алдында барлық қажетті шараларды орындау қажет.
-ретципиентің қан тобын анықтап сыртқатнамада көрсетілген қан тобымен салыстыру
-доныр канын флаконнан алып қан тобын анықтап флокон итекеткасында көрсетілген қан тобымен салыстыру
-қан тобын анықтау стантарты сарысулардың екі сериясымен жүргізу
-ретципиентпен донордың жеке сәйкестігін анықтау,бұл үшін Петри табақшасына ретципиентің сары суымен донордың эритроцитерін қосып араластыру. 5 минуттан кейін қортындылау: агглютинация болмаса жеке сәйкестік табылған, агглютинация болса жеке сәйкестік табылмаған болып есептеледі
- ретципиентпен донордың резус сәйкестігін анықтау
- ретципиентпен донордың биологиялық сәйкестігін анықтау
-қан құю хаттамасын толтыру
Қан жарамдылығын анықтау.
Әрбір қан құю алдында донор қанынның жарамдылығын анықтау қажет. Консверленген қан тұнғанан кейін 3 қабатқа бөлінеді: түбінде күрең қызыл түсті эритроцитер, ортасында
Ақшыл сұр түсті лейкоциттер, бетінде ақшыл сары түсті мөлдір плазма.Егерде қан плазмасында ұйыңдар, көпіршіктер болса немесе оның мөлдірлігі жоғалып қызғылт түске боялса қан құюға жарамсыз болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет