Дәріс:Қан және қаналмастырғыларды құю Инфузия және трансфузия. (тезистер)



бет4/5
Дата09.10.2023
өлшемі30.55 Kb.
#480194
1   2   3   4   5
5 Дәріс Инфузия және трансфузия

Қан құю әдістері.
Қан құюдың екі негізгі әдісі бар:тікелей емес және тікелей қан құю.Көпшілік жағдайда тікелей емес қан құю әдісін қолданады. Мұнда алдын ала дайндалған донор қанын тамыр ішілік жүйе арқылы ретципиентін көк тамырына жібереді.Тікелей қан құю арнайы аспаптар арқылы донормен рециепиенті қатар жатқан күйінде орындалады. Осы әдісті сирек қолданады.Себебі қауіпті асқынулар болуы әбден мүмкін.
Гемотрансфузиялық асқынулар.
Қан құйған кезінде дамыитын асқынуларды 3 негізгі топқа бөлуге болады.
Техникалық асқынулар. Техникалық сипаттағы асқынулар
Қан құю техникасындағы қателіктермен байланысты механикалық сипаттағы асқынуларға мыналар жатады:
• жүректің жедел кеңеюі;
• ауа эмболиясы;
тромбоз және эмболия;
• артериялық қан құйудан кейінгі аяқ-қолдағы қанайналым бұзылыстары..
Жүректің жедел кеңеюі
«Жүректің жедел кеңеюі» термині қан айналымының жедел бұзылуы, жедел жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі деп түсініледі.
Бұл асқынудың себебі - веноздық тамыр арнаға тез енгізілген көп мөлшердегі қанмен жүректің шамадан тыс жүктелуі. Жоғарғы куысты вена мен оң жүрекше жүйесінде қанның тоқырауы пайда болады, жалпы және коронарлық қан ағымы бұзылады. Қан ағынын бұзулуы метаболикалық процестерге әсер етеді, бұл миокардтың атония мен асистолға дейін өткізгіштігінің және жиырылғыштығының төмендеуіне әкеледі. Егде жастағы және қартайған науқастарға, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр ілеспе патологиясы бар адамдарға қанның көп мөлшерін тез құю өте қауіпті.
Клиникалық көрінісі. Қан құю кезінде немесе оның соңына қарай науқас ентігуді, кеуде қуысының қысылуын, жүректің ауырсынуын сезінеді. Ерін мен бет терісінің цианозы пайда болады, қан қысымы күрт төмендейді және тахикардия мен аритмия пайда болады, содан кейін жедел көмек болмаған кезде науқастың өліміне әкелетін жүрек қызметінің әлсіздігі бірінші орынға шығады.
Емдеу қан құюды дереу тоқтатудан, оң жүректегі қысымиды түсіру үшін азғана қан ағызу, кардиотониялық препараттарды көктамыр ішіне енгізу. Көрсеткіштерге сәйкес жүрекке жабық массаж және жасанды тыныс алдырту жасалады.
Жүректің жедел кеңеюінің алдын алу инфузиялық терапияның жылдамдығы мен көлемін төмендетуден, диурезді басқарудан тұрады.
Ауа эмболиясы
Ауа эмболиясы сирек кездеседі, бірақ өте күрделі асқыну. Бұл белгілі бір мөлшерде ауа құйылып жатқан ерітіндімен бірге енгізілгенде пайда болады. Ауа оң жүрекке, одан - өкпе артериясына еніп, оның негізгі магистралін немесе ұсақ бұтақтарын жауып, қан ағымына механикалық кедергі жасайды.
Бұл асқынудың себебі көбінесе жүйенің қанмен дұрыс толтырылмауы немесе оның герметикалық қасиетінің бұзылуы болып табылады.
Клиникалық көрініс пациенттің жағдайының күрт нашарлауымен, қозуымен, ентігумен сипатталады. Еріннің, беттің, мойынның цианозы дамиды, қан қысымы төмендейді, пульс жиі, жіп тәрізді болады. Жаппай ауа эмболиясы клиникалық өлімге әкеледі.
Алдын алу қан құю жүйесін мұқият құрастырудан және инфузияны жүзеге асыру кезінде пациенттің тұрақты бақылауынан тұрады.
Реактивті асқынулар – гемотрансфузиялық шок, пирогенді реакциялар, цитратты улану т.б..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет