Дәрістемелер кешені дәріс Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласы


Мекемелердің дамуы және оларды тиімді орналастыру қағидалары



бет14/24
Дата20.02.2023
өлшемі160.97 Kb.
#469796
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
ДӘРІСТЕМЕЛЕР КЕШЕНІ

2 Мекемелердің дамуы және оларды тиімді орналастыру қағидалары
Экономикалық әсер, жаңа техникамен технологийның экономикалық тиімділігі деген түсініктерді нақты ажырата білу керек.
Экономикалық әсер - бұл ғылыми техникалық қызметтің нәтижесі, ол тиімділік теориясында алынатын пайда көлемімен байланысты болады. Тиімділік ретінде шығындардың төмендеуі болады.
Экономикалық тиімділік - экономикалық тиімділікпен оны туындатқан шығындардың қатынасын анықтайтын көрсеткіш.
Экономикалық әсермен экономикалық тиімділікті есептеу үшін келесі екі көрсеткіш пайдаланылады:
Жаңа техникаға кеткен капиталды шығындардың өтелу мерзімі:

мұнда, Тө - капиталды шығындардың өтелу мерзімі, жыл;
Кенг – енгізілетін машина, құралдар, заттардың құны, тг;
Энг- жаңа техниканы енгізуден жылдық тиімділік, тг;
Жаңа техникаға кеткен шығынның тиімділік коэффициенті ( өтелу мерзіміне қарама – қарсы көрсеткіш) :

Соңғы көрсеткішті жаңа техникаға салынған капиталдың рентабельділік коэффициенті деп жиі атайды.
Жаңа техниканы енгізудегі капиталды шығындар Кен келесідей көрсеткіштерден құралады: енгізілетін машинаның бағасы (Б), қосалқы бөлшектер, құралдар (Қ), машинаны жеткізу және бекіту шығыны (Ст); қосымша айналым қаражаттары (Қайн) :
Кен=Б+Қ+Стайн
Егер жаңа техниканы енгізген кезде ескі техникамен алмастырылса, онда оны өткізуге сатқанда немесе басқа кәсіпорынға сатылғанда алынған сомма Кенг алынып тасталады, ол инвестиция көлемін азайтады.
Әдетте, жаңа техниканы салып алу және енгізуге кеткен капиталды шығындарды жаңа техника өндіретін тауар бағасынан, немесе осы тауарлардың өндірістік шығындарын төмендету арқылы алынатын қосымша пайдамен өтейді.
Сонымен тиімділік келесі түрде есептеледі:
- өндірілген және өткізілген тауар бағасының шегерімі.
Энт =(Бжаңаескі)
мұнда, Бжаңа, Бескі - жаңа және ескі құрал бірлігінің бағасы, тг.
ӨӨК - өткізілген өнім көлемі, дана.
- шығындардың шегерімі.
Энт=(ӨӨҚескі-ӨӨҚжаңа) х ӨӨК
мұнда, ӨӨҚескі, ӨӨҚжаңа - шара енгізгенге дейінгі және енгізгеннен кейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны, тг.
Кенг мен Энт салыстыру жаңа техниканың өтелу мерзімі мен жаңа техникаға кеткен қаражаттың 1 теңгесіне келетін қайтаруды есептеуге мүмкіндік береді.
Ұйым өзімен бірге мақсаттар немесе жалпы мақсаттар үшін үздіксіз қатынастық функцияларға негізделетін, анықталған шекарасы бар, үйлескен саналы әлеуметтік құрылымды көрсетеді.
Сервис ұйымы өзінің сатып алушыларына қызмет көрсету үшін жұмыс істейді. Бұл олардың бағдарламаларының және саясаттарының негізгі миссиясы болып табылады. Әрекет жүйесі қызметтің өңделген пакетін және маркетингтік, қаржылық және адамдық ресурстарды жеткізілу жүйелерінің біріктірілуін қарастырады. Ұйым үшін комплексті, формализация және нақты орталықтандырылған және децентрализацияланған байланыс тән.
Кешенділік ұйым аумағындағы дифференция дәрежесінде қарастырылады. Формализациялау тұсында жұмыскерлердің мінез-құлқын анықтайтын алдын ала өңделген және дайындалған ережелер мен процедуралар түсіндіріледі. Кейбір ұйымдар минимальды стандартты директиваларды қолданады. Басқаларында жұмыскерлердің нұсқауларындағыдай ,барлық ереже түрлері бар. Орталықтандырылу мен децентрализациялаудың арақатынасындағы байланыс ұйымдағы басқарма қабылданған шешіммен және өндірудің деңейімен анықталады. Кейібір ұйымдарда шешім қабылдау процесі тым орталықтардырылған, мәселені шешумен жоғарыдағы жетекшілер айналысады. Басқа жағдайларда қабылданған шешімдер децентризделінеді, иерархиялық басқару бойынша жауаптылық төменгі деңгейден анықталады. Орталықтандырылу және орталықсыздандырылған қабылданған байланыс ұйымдастыра орнатылған ьасқару құрылымының түрін және сипатын анықтайды. Адамдардың бірігуі және өздерінің қызметтерін жүзеге асыру үшін әрбір сервис ұйымының өзіндік тағайындалған миссиялары бар. Миссия - бір жақты ұғым емес. Ұйым миссиясының мағынасын төмендегідей анықтауға болады:

  • өзімен бірге ұйымның барлық жоспарланған шешімін негіздеуден, мақсаттары мен тапсырмаларын анықтау үшін;

  • ұйым қарама- қарсылықсыз, анық, салыстырмалы мақсаттарды ұстануда сенім туғызады;

  • жұмыскерлердің таңдап алған бағыттағы күш-жігерін шоғырландыруға көмектесуден, олардың әрекеттерін біріктіреді;

  • ұйымға сырттай қатысушылар түсіністік пен қолдауды талап етеді.

Сервис ұйымдарының мақсатты әрекеттерінің сипаттамалық түрлері:

    • көрсетілетін қызметтер;

    • нарықтық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлі;

    • ұйым мақсаты (өмір сүру, өсу, табыстылық);

    • технология (инновациялар, үрдістері);

    • философиясы (базалық көзқарастар, құндылықтар, мотивациялар);

    • ішкі концепциясы (әлді жақтары, бәсекеқабілеттілік дәрежесі, өмір сүруге әсер етуші факторлар);

    • сыртқы бейнесі, имидж (әріптестер , тұтынушылар және тұтастай қоғам алдындағы міндеттері ).

Интеграция – бұл бірлік күшінің барлық жүйедегі ұйым бөлімшелері үшін олардың тапсырмалары мен мақсаттарын орындау процесі. Бұндай бірліктегі жетістікке жету үшін басшылық ұйым құрамына барлық бөлімшелердегі координация және интеграциясын енгізу қажет. Интеграцияның маңызды шарты- мақсатты бірлікті қалыптастыру. Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорны, олардың жұмыскерлер еңбектерінің көпсалалы сипаттамаларымен ерекшеленеді. Барлық әр алуан өндірісті және қызмет көрсетуді іске асыруды технологиялық түрде бір өндіріске біріктіруге болмайды, сондықтан да әрбір тұрмыстық сала топтарына қызмет көрсету үшін ерекше өндіріс қажет (шеберхана, тігін ательесі, бригада және т.с.с.).
Сервис сферасындағы жұмыскерлер еңбегі негізінен еңбектің және кооперациялық белгілері барлығы анық қалыптасқан шығармашылық сипатта жүреді, сондықтанда технология және еңбек ұжымы өзара байланыста, ал өндіріс ұйымының рөлі тұтынушыға қызмет ету және қызмет көрсетуде үнемі жоғарлауда. Бұл процесс кәсіпорынның сыртқы ортадағы динамикалық және белгісіздік сипаттарына байланысты қазіргі уақытта күшеюде. Сервис сферасындағы кәсіпорындар үшін нарықтық типтегі ұйымдастырушылық моделді қалыптастыру күрделі міндет болып табылады, себебі бұл кәсіпорынның бәсекелестік позициясын күшейтуге, пайда алуға және тұтынушыларға жоғары сапалы қызметтер көрсетуге әсер етеді.
Өндіріс пен қызмет көрсетуді ұйымдастыруға арналған ғылыми еңбектерде, ұйымдастырушылық қатынастарды кәсіпорынның ішкі ортасының элементі ретінде қарастырады. Сонымен бірге, қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен өндірісті ұйымдастыру процестерінің арасындағы байланысты да қарастырады. Ұйымдастырылатын қызметтің мақсаты- әрбір жұмыс орындарындағы жоғары өнім өндіру жұмысы үшін қажетті шарттармен қамтамасыз ету және кәсіпорын барлық өндіріс элементтерін кеңістік және уақыт категориялары бойынша үйлестіруге негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет