Дәрістемелер кешені дәріс Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласы


Тұрмыстық қызмет орындарының шараларды ұйымдастыруы және жоспарлауы



бет12/24
Дата20.02.2023
өлшемі160.97 Kb.
#469796
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
ДӘРІСТЕМЕЛЕР КЕШЕНІ

4 Тұрмыстық қызмет орындарының шараларды ұйымдастыруы және жоспарлауы
Қызмет көрсету - бұл, маркетинг принциптері мен әдістерінің негізінде әрекет ететін арнайы бөлімше. Қызмет-бір жақтын екіншісіне ұсына алатын кез-келген қызметі немесе байлығы. Кәсіпорынның қызметінің жұмысына экономикалық, жоспарлаушы, техника-өндірістік, зерттеу, өткізу және волюталық-қаржылық сипаттағы барлық кешендік жұмыстар жатады және оның персоналының жоғары теориялық және практикалық дайындық деңгейін талап етеді.
Тұрмыстық қызметтің калыптасуына бірқатар факторлар және кәсіпорын жағдайлары әсер етеді. Анықтаушы факторлар кәсіпорынның мақсаттары болып табылады. Техникалық-экономикалық көзқарастан қызмет үшін келесілерді қамтамасыз ету қажет:
-минимум байланыстырушы проблемалармен басқару және міндеттерді орындау;
-ұйым жұмысының қозғалысын, жұмысшылардың мотивациясын және олардың шығармашылық потенциялын жүзеге асыру.
Тұрмыстық қызметке әсер ететін ортаның жағдайлары екі топқа бөлінеді: сыртқы және ішкі. Сыртқы жағдайларға келесілер жатады: ресурстар саны мен мөлшері, өткізудің сыртқы арналары, бәсекелестік, құқықтық нормалар, тұтынушылардың саны мен құрылымы және тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі, саяси және қоғамдық қатынастар. Ішкі жағдайлар құрамына жататындар: қызмет саны мен түрлері, кәсіпорын көлемі мен оның жасы, өткізу арналары, жұмысшылардың біліктілік деңгейі, қаржылық потенциял.
Республика кәсіпорындарының қызметіне маркетинг жүйесі мен әдістерін табысты еңгізуге келесі факторлар кедергі жасайды:

  • экономиканың көптеген салаларындағы экономикалық дағдарыс пен өндіріс құлдырауы;

  • толық рынок қатынастарының болмауы және бәсекелестіктің дамымауы;

  • қаржы-несие жүйесінің және заңдардың тұрақсыздығы;

  • кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі және олардың айналым құралдарының жеткіліксіздігі;

  • рыноктың экономикалық емес реттеушілерінің болуы;

  • қызметтердің төмен бәсеке қабілеттілігі, ресурстардың болмауы және т.б.

Республика кәсіпорындары мен фирмаларының қызметінде тиімді пайдалану тек олар қызмет ететін сыртқы және ішкі орталарының белгілі жағдайлары болғанда ғана мүмкін, оларға жататындар: толық рыноктық қатынастарды және сатып алушы рыногын құру, бәсекелестік ортаның болуы, қызметтердің бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы, қызмет өндірісінің тұрақтандырылуы және өсуі.
Кәсіпорындар арасындағы өзара экономикалық қатынастардың қаржылары болмағандықтан материалдар мие құралдарды жабдықтаушылармен күрделі натуралды қатынастармен қамтамасыз етіледі.
Сервистік кәсіпорында қызметті атқаратын сәйкес қызметтерді құруды талап етеді. Қазіргі жағдайларда ірі кәсіпорындарда, фирмаларда, банктерде көптеген қызмет құрылған.
Қызмет аясы қазақстандық кәсіпорындардың талдауы көрсеткендей, рынок жағдайларына әркез сәйкес келмейтін басқару құрылымдарын сақтап қалу жағдайында құрылған. Кейбір кәсіпорындардың тек бөлім атаулары ғана ауысқан. Өндірістік-өткізу кезіндегі қызмет кәсіпорындарында олардың іскерлік белсенділігі мен ұйымдастырылуының философисының, мақсатты бағыттылығының әртүрлілігінен мұндай пікір заңсыз.
Кәсіпорын ұжымының мақсаты тұтынушылардың мұқтаждарын, қажеттіліктерін, мүдделерін қанағаттандыру, ал өндірістік-өткізу кезінде қызмет өндірісінің бағдарламасын орындау болып табылады. Осыдан келіп ұжымдағы мамандардың ролі, мәртебесі және артықшылығы әр түрлі. Егер бірінші нұсқада жоғары мәртебелі орында менеджерлер, маркетологтар, экономистер болса, екіншісінде технологтар, цех басшылары, басқа бөлімшенің басшылары.
Жалпы тұрмыстық қызмет ең бірінші қағидалары ол тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады,ең маңызды ережелерінің бірі ол тұтынушыға әр дайын қызмет көрсету;және оған қызмет көрсету кезінде:қызмет көрсету фирмасын жақсы таныстыру қажет; дөрекі сөйлемеу қажет;әр дайын сыпайлық таныту қажет; тұтынушы қызметке разы болуы қажет;қызмет көрсетілмеген жағдайда да тұтынушы жақсы қызметке әсер қалдыру қажет;
Тұрмыстық қызмет әдістері тікелей және жанама болып болінеді.Тікелей әдістері ол тұтынушыға бет пе бет кездесу арқылы жүзеге асады.Мысалы шаштараз қызметтері.Ал жанама әдісі болып тұтынушымен делдалдар арқылыф қызмет көрсету.


Бақылау сұрақтары:
1. Жоспарлаужәне негізгі кешенді жоспарлау
2. Тұрмыстық қызмет көрсетудің негізгі талаптары
3. Қызметтердің жеке түрін жоспарлауға жататындар
4. Қызмет көрсету орындарында жүргізілетін шаралар


Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. И.М. Шатаев. Основы организации бытового обслуживания населения. Учебник для вузов:- М.: Легкая индустрия, 1980
2. Фомин А.Е. Прблемы управления обслуживанием населения. М.: Легпромбытиздат,1987




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет