3 Жаңа тұрмыстық қызмет түрлерін дамытуды жоспарлау
Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының басты мақсаты адамдардың тұрмыстағы қажеттіліктерін ресурстардың аз шығындарымен аса толық қанағаттандыру болып табылады.
Қызметтердің жеке түрін жоспарлау сұранымға әсер ететін экономикалық,әлеуметтік – аймақтың экономикалық даму деңгейі, сол аймақтағы бәсекелестер саны, халық санының өсуі және оның әлеуметтік құралы, халықтың шығындар құрылымы мен ақшалай табыс деңгейі, аймақтың ұлттық, демографиялық және табиғи ерекшеліктері, халықтың мәдени және жалпы білім беру деңгейінің дамуы байланысты болады .
Тұрмыстық қызметтің өндірілу көлемін жоспарлаудың бір міндеті ұзақ мерзімді жоспарлаумен қызмет көлемінің жалпы талабына сай сұранымды болжамдау мен маркетингтік стратегияны құру болып табылады. Бұл талаптар қызметтер көлеміне қызметтің жалпы көлемін жеке қызмет көрсетуге қысқа мерзімді болу үшін қажет.
Рынок және өндіріс құралдарына меншік түрлерінің алуан түрлілігі жағдайларында осы мақсатты іске асыру әрбір аймақта бәсекеге қабілетті, кәсіпорындардың функционалды тағайындалуы және мөлшерлері бойынша әр түрлі, ең кең ассортиментте қанағаттандыруға танылған, тұрмыстық қызметтерге төлем қабілетті сұранысты құру қажеттілігін себептейді.
Нарық жағдайларында тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметі маркетингтік болу керек.
Маркетинг – тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары-ның қызметін, қызметтер көрсету ұтымды (пайдалы) іс болып табылған жағдайда, тұтынушылардың қажеттіліктеріне бағындыру бойынша шаралар жүйесі. Кәсіпорындардың тапсырушылардан үстемдігін жеңу – күрделі және көп қырлы процесс, ол рынокты зерттеу жүргізумен және аймақтарда тұрмыстық қызметтер маркетингінің сәйкес қызметтерін құрумен байланысты, маңызды ұйымдастырушылық-дайындау жұмысын талап етеді.
Маркетингтің басты міндеті – даму бағыттарын және олардың болашақта өзгеру заңдылықтарын айқындау және кейіннен алынған ақпаратты мүдделі кәсіпорындар мен қызмет көрсететін, басқа ұйымдарға беру мақсатында тұрғындардың тұрмыстық қажеттіліктерін зерттеу. Қажеттілік деп адам организмінің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету және жеке тұлғаны жетілдіру үшін объективті қажетті бірдемеге мұқтаждықты түсінуге болады. Қажеттіліктер жеке, жеке тұлғаға тиесілі, адамдардың қандай да бір әлеуметтік тобына тән және қоғамдық болады. Олар жеке (биологиялық), материалдық және мәдени (рухани) болып бөлінеді. Көз алдына елестетілетін қажеттіліктер - тамақты, киімді, ұйқыны және т.б. қажет етушілік – төменгі реттік, ал әлеуметтік - тұрақты жетілуді, өзін-өзі нығайтуды, өзін-өзі іске асыруды және т.б. қажет етушілік жоғарғы реттік болып саналады.
Маркетинг саясатының негізгі бағыттары: тауар, инновациялық, баға, өткізу, сервис, жарнама саясаты.
Тауар саясаты проблемаларды талдауды және тапсырыстарды орындау процесіне амалдар жасауды, бұйымның "өмірлік циклі" тұжырымдамасын ұсыну мен жасауды, көрсетілген қызметтің жетістіктері мен кемшіліктерін айқындауды болжайды.
Инновациялық саясат жаңа бәсекеге қабілетті тапсырыстарды жасау тәжірибесін бағалаумен және талдаумен, оларды кәсіпорынның оңтайлы ғылыми-техникалық саясатын құру үшін пайдаланумен байланысқан.
Баға саясаты – көрсетілетін қызметтерге сұраныс пен ұсыныс конъюнктурасын, өндірушілер бәсекелестігін есепке алатын, қоғамдық қажетті еңбек шығындарына базаланатын, экономикалық негізделген бағаларды белгілеу.
Өткізу саясаты қызметтерді өткізудің ең жақсы нұсқасын таңдауды көздейді, ол кезде шаруашылық қызметтің максимум нәтижесіне қол жеткізіледі, яғни тұрғындардың қажеттіліктерін аз шығындармен (үлкен пайдамен) аса толық қанағаттандырады.
Сервис саясаты – бұйымды пайдалануға дайындау, соның ішінде жинақтау, сынау, реттеу, көрсету, баптау, іске қосу, алдын алу тексерістері; пайдалану процесінде пайда болатын ақауларды жою, соның ішінде ағымдағы және күрделі жөндеулер; қажетті қосалқы бөлшектерді, құрылғылар мен құрал-саймандарды үнемі жеткізу, сондай-ақ персоналды және тапсырушыны бұйымдарды дұрыс пайдалану мен қызмет көрсетуге үйрету.
Жарнама саясаты тапсырушының көрсетілетін қызметке және оны көрсететін кәсіпорынға қолайлы қатынасын қамтамасыз ету бойынша мақсатқа бағытталған қызметі болып табылады.
Маркетингті ұйымдастыру шаруашылық қызметінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызатын, берілген рынокта тұтынушылардың тұрмыстық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру бойынша кәсіпорын шеңберінде орындалатын әрекеттерден тұрады.
Бұл әрекеттер маркетингтің стратегиясы мен тактикасында, нақты қабылданатын шешімдерде өзінің көрінісін табады.
Республика кәсіпорындарының қызметіне маркентиг жүйесі мен әдістерін табысты енгізуге келесі факторлар кедергі жасайды:
экономиканың көптеген салаларындағы экономикалық дағдарыс пен өндіріс құлдырауы;
толық рынок қатынастарының болмауы және бәсекелестіктің дамымауы;
қаржы-несие жүйесінің және заңдарының тұрақсыздығы;
кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі және олардың айналым құралдарының жеткіліксіздігі;
рыноктың экономикалық емес реттеушілерінің болуы;
қызметтердің төмен бәсеке қабілеттілігі, ресурстардың болмауы және тағы басқа.
Республика кәсіпорындары мен фирмаларының қызметінде маркентингті тиімді пайдалану тек олар қызмет ететін сыртқы және ішкі орталарының белгілі жағдайлары болғанда ғана мүмкін, оларға жататындар: толық рыноктық қатынастарды және сатып алушы рыногын құру, бәсекелестік ортаның болуы, қызметтердің бәсекеге қабілеттілігнің жоғарылауы, қызмет өндірісінің тұрақтандырылуы және өсуі. Кәсіпорындар арасындағы өзара экономикалық қатынастардың қаржылары болмағандықтан материалдар мен құралдары жабдықтаушылармен күрделі натуралды қатынастармен қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорында маркетинг қызметін орындау маркетинг қызметін атқаратын сәйкес қызметтерді құруды талап етеді. Қазіргі жадайларда ірі кәсіпорындарда, фирмаларда, банктерде маркетинг қызметі құрылған.
Қызмет аясы қазақстандық кәсіпорындардың маркетингтік талдау көрсеткендей, маркетинг қызметі рынок жадайларына әркез сәйкес келе бермейтін басқару құрылымдарын сақтап қалу жағдайында құрылған. Кейбір кәсіпорындардың тек бөлім атаулары ғана ауысқан. Көптеген кәспорында қызмет ететін маркетинг қызметі функционалдық белгі бойынша құрылған және түрлі маркетингтік функцияларды орындайтын құрылымдық бөлімшелерден тұрады.
Маркетингтік және өндірістік- өткізу бейімделу кезіндегі қызмет кәсіпорындарда олардың іскерлік белсенділігі мен ұйымдастырылуының филосифиясының, мақсатты баыттылығының әртүрлілігінен мұндай пікір заңсыз. Маркетингтік бейімделу кезінде кәсіпорын ұжымының мақсаты тұтынушылардың мұқтаждарын, қажеттілктерін, мүдделерін қанағаттандыру, ал өндрістік- өткізукезінде қызмет өндрісінің бағдарламасын орындау болып табылады. Осыдан келп ұжымдағы мамандардың ролі, мәртебесі және артықшылығы әр түрлі. Егер бірінші нұсқада жоғары мәртебелі орында менеджерлер, маркетологтар, экономистер болса, екіншісінде технологтар, цех басшылары, басқа бөлімшілерінің басшылары.
Маркетинг қызметінде кәсіпорынның өндірістік және функционалды звенолары мен тұтыншылардың арасында жеке өзара байланыстары болуы мүмкін. Сонымен қатар маркетинг қызметі бұл жұмысты байланыстырады, бағыттайды және бақылайды.
Қазіргі уақытта маркетинг қызметі алдыңғы қатарлы болып келеді, себебі ол кәсіпорынның өндрістік- техникалық саясатын анықтайды және кәсіперлік қызметті тимді басқаруға әсер етеді. Бұл қызмет кәсіпорынның барлық функцияларын жүзеге асыру үшін маңызды әсер етеді, себебі:
кәсіпорын қызметінің мақсаттары мен міндеттері рыноктық мүмкіндіктерден шығады;
рыноктық жаңалық қызметтері рыноктық тестілеу негізінде жасалады;
НИОКР тұтынушылар мүдделерімен анықталады;
өзіндік құнның төмендеуі қызмет сапасының төмендеуімен байланыстырылмайды;
баға сұаныс пен ұсыныстың арақатынасының негізінде қалыптасады;
маркетингті қаржыландыру басымы болып келеді;
қызметтер сатылуының ролі күрт өседі.
Кәсіпорындағы маркетинг енгізу үшін тек сәйкес қызметті ұйымдастыру жеткіліксіз, бұл қызметке шешуші мән беретін белгілі мәртебе беру керек. Маркетинг қызметі қызметтерінің соңғы тұтынушыларымен байланысты барлық проблемаларды шешуге тиіс, ал кәсіпорының басқы бөлімшелері тек түрлі жеке міндеттерді орындауы тиіс. Осыған байланысты бұл қызметтің барлық әрекеттерді байланыстырушы функциясы бар. Қызметтерді ұсынуда ол алдыңғы қатарлы болу үшін оның мәртебесін қалған барлық бөлімшелер арасында жоғарылату қажет. Тек осы кәсіпорының ғана маркетингтік бейімделуінің басты кепілі болып табылады.
Маркетинг қызметін ұйымдастыруға келесі принциптердің бірі негіз болып салынуы мүмкін: функционалды, тауарлы, рыноктық, георафиялық, тауарлы- рыноктық.
Кәсіпорында маркетингті ұйымдастыру формасын таңдау түрлі факторларға байланысты. Олардың анықтаушысы болып: кәсіпорынның мақсаты, ұйымдастыру оңтайлылығы, ресурстардың болуы, көрсетілген қызметтер мен рыноктардың ерекшелігі, маркетиг ортасы және қалыптасқан басқару құрылымы болып табылады.
Халықты тұрмыстық және сервистік қажетін өтеуін дамыту. Халықты тұрмыстық және сервистік қажетін өтеу бұл – адамның жеке дара қажеттіліктерін қанағатандыруына бағыталған тұрмыстық және сервистік қызмет көрсетуі бойынша ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің қызметі болып табылады. Тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету дамуының деңгейі қоғам мен мемлекет алдында тұрған талаптарды орындауда халықтың өз ресурстарын (материалдық, қаржылық, еңбектік және басқа) нәтижелі пайдалану мүмкіндіктерін айырықша көлемде белгілейді.
Нарықтық экономикаға өтуіне байланысты коммерциялық және жекешелендіру процесстері тұрмыс қызметінің көптеген кәсіпорындарының жұмысының ауыстыруы мен жабылуына әкелді. Осымен бірге бұл жағдайлар кәсіпкерлік қызметтің дамуына ықпал етті, өйткені атаулы осы сала көпшілік кіші кәсіпкерлік үшін қарымды сәйкес келетін сала болып табылады: бұл жерде қысқа өндірістік цикл және тиісінше капитал айналымның жоғары жылдамдығы. Тұрмыстық қызмет көрсетуде жеке тұлғалардың рөлі күннен күнге мәнді болып қалыптасып отыр. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, тұрмыстық қызмет көрсету саласының орнықты дамуы үшін мемлекеттік қолдау қажет болып отыр. Оған қоса осындай қолдауды кәсіпорындарға олардың мамандарының есебіне, көрсетілетін қызметтің түрлеріне, жергілікті ерекшеліктеріне және ұйымдастырушылық-құқықтық түрлеріне қарай көрсету керек.
Халықтың тұрмыстық және сервистік қажетін өтейтін кәсіпорындардың қызметін дамыту және тұрақтандыру, нарықты алуан түрлі тұрмыстық және сервистік қызметімен қанықтықтыруын қамтамасыз ету, және бірінші кезекте әлеуметтік-басымды, олардың сапасын арттыру. Көрсетілген мақсатқа жету, келесі талаптардың орындалуын қажет етеді:
- халықтың тұрмыстық және сервистік қажетін өтеу саласының орнықты дамуына құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар құру;
- тұрмыстық пен сервистік қызметтердің жұмысы үшін қолайлы жағдай жасау, олардың әлеуметтік әріптестері мен тұрмыстық және сервистік қызметтерінің тұтынушылары арасында қарым-қатынастарды тәртіптеу үшін кәсіпкерлік қызметтің өркениеттік нарықтық механизмдерді құру;
-тұрмыстық және сервистік қызмет көрсететін кәсіпкерлік құрылымдарды құрылуына және қолдауына ықпал ету;
-тұрмыстық және сервистік қызмет көрсеті саласындағы мемлекеттік және қоғамдық қолдаудың инфрақұрлымын қалытастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |