Дәрістемелер кешені дәріс Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласы


Ұжымдарды әлеуметтік дамытуды жоспарлау тәжірибесі



бет20/24
Дата20.02.2023
өлшемі160.97 Kb.
#469796
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
ДӘРІСТЕМЕЛЕР КЕШЕНІ

3 Ұжымдарды әлеуметтік дамытуды жоспарлау тәжірибесі
Соңғы уақытта бизнес жоспар маңызды орынға ие болуда. Бизнес-жоспар ұсынылып отырған бизнес (келісім) туралы қысқа, дәл, мүмкін және түсінікті сипаттама береді. Ол ұсынылатын әртүрлі жағдайлардың алдынғы қатарлы шешімдері мен оны орындауға мүмкіндік туғызады.
Бизнес-жоспарды дайындау келесідей принциптерге негізделеді:

  1. икемділік, ол жоспардың ортаға икемділуіне мүмкіндік жасайды;

  2. үздіксіздік;

  3. коммуникативтілік, жоспардың есептерінде өзара байланыстың болуы;

  4. интеративтіклік, жоспардың дұрыстығына творчествалық түрде қарастыру;

  5. көп вариантттылық, алға қойған мақсаттардан ең мүмкін болатындығын таңдау;

  6. қатысушылық, жоспарлауға кәсіпорындағы барлық жұмысшылардың қатысуы.

Бизнес-жоспар негізгі құжат ретінде инвесторлардың, кәсіпкерлердің талаптарын ескере отырып рәсімделеді. Оны құрастыруда нарық туралы толық мағлұматтар, технологиялық құралдардың ақпараттары болу керек.
Бизнес-жоспарда кәсіпорынның мақсаты, оған жету жолдары, құралдары мен нәтижелі қаржылық көрсеткіштері көрсетіледі. Бизнес-жоспардың мақсаты - кәсіпорынның шаруашылық қызметін қысқа және жеке кезеңдер бойынша жоспарлау болып табылады.
Бизнес-жоспаркәсіпкерге келесі сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді:

  1. кәсіпорынның нақты бағытын, нарықтағы орнын анықтау;

  2. ұзақ және қысқа мерзімдегі стратегиямен тактиканы реттеу және жүйелеу;

  3. тауарлар мен қызметтердің құрамын анықтау, дайындау мен өткізуге кеткен шығындарды бағалау;

  4. кадрлардың талапқа сай болуы және олардың еңбегін ынталандыру жағдайы;

  5. кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға және олардың қолда бар ресурстармен салыстырмалы болуы;

  6. жоспардың жүзеге асуына кедергі келтіретін қиындықтарды алдын-ала қарастыру.

Бизнес-жоспарды дайындауға экономист, менеджер, басшылар, консалтингтік ұйымдардың мамандары және т.с.с. қатысады.
Бизнес-жоспар келесідей бөлімдерден тұрады:

  1. Алғашқы бет

  2. Кіріспе (резюме)

  3. Саладағы жағдайларды таңдау

  4. Жобаның мазмұны

  5. Маркетингтік жоспар

  6. Өндірістік жоспар

  7. Ұйымдастырушылық жоспар

  8. Тәуекелділікті бағалау

  9. Қаржылық жоспар

  10. Қосымша

Бизнес-жоспардың құрылымы нақты мақсаттарға, мәселелер мен объектілерге байланысты өзгеруі мүмкін.
Жоғарыдағы бөлімдерге толығымен сипаттама келесі түрде болады:

  1. Алғашқы бет. Мақсаты - жоба туралы мағлұмат беру. Оның негізінде қажетті тұлғалар жобаның қажеттілігін бірден анықтауға мүмкіндігі бар. Әдетте онда келесідей мәліметтер көрсетіледі:

    • кәсіпорынның толық атауы;

    • иелері немесе серіктестіктері туралы ақпарат;

    • ұсынылып отырған жобаның негізі туралы қысқаша ақпарат;

    • жобаның жалпы құны, сыртқы қаржыландыру көздеріне қажеттілік;

    • құпиялылық болу талаптары.

  1. Кіріспе (резюме). Бөлімнің мақсаты - іскерлік жағдай туралы қысқаша (1-4 бет) мағғлұматтар көрсету. Мұнда жобаның маңыздылығы, күтілетін қаржылық нәтиже, жоспарланған сату көлемі, өндіріс шығындары және жобаның өтелу мерзімі ақпараттар қарастырылады.

  2. Саладағы жағдайларды таңдау бөлімінде кешенді маркетингтік зерттеулер негізінде жобаның жоғары мүмкіндігі сипатталады:

  • өткен уақыттар бойнша сату динамикасы мен болжамдық өсу қарқыны;

  • бағаның қалыптасу жағдайы (баға деңгейі, бағаны қалыптастыру фақторлары, бағаның өзгеруіне тұтынушылық көз қарасы);

  • бәсекелестер туралы мағлұматтар;

  • нарықтың мүмкіншіліктерін анықтау.

  1. Бұл бөлімде жобаның басты идеясы көрсетіледі. Инвестор бұл бөліммен танысқаннан кейін нақты мақсатармен жобаның жүзеге асыру туралы толық хабардар болу қажет. Бөлімде келесілер көрсетіледі:

  • кәсіпкердің басты мақсаттары (жаңа істі бастауы, жаңа нарыққа тауарды шығару, ондағы үлес көлемін кеңейту);

  • нақты қажеттіліктіліктерді анықтау және сипаттау, шешуші нәтижелерді белгілеу;

  • бұйымның толық сипаттамасы, таңдап алынған нарықтық бөліміне тура болуы;

  • дайындау кезеңдері, тауарларды қорғау;

  • кәсіпорынның сипаттамасы;

  • жобаның толық құны, алғашқы шығындар және басқаруда ұйымдастыру.

  1. Маркетингтік жоспарда тауардың түрі және нарыққа ену тәсілдері, баға және өткізу стратегиясы, тауар саясаты толығымен сипатталады. Ол маркетингтік бағдарлама негізінде жасалады және жылда түзетулерден өтуді қарастырады.

  2. Бөлім өндірістік кәсіпкерлік тұсындағы мәселелермен және оны шешу жолдары бойынша қызмет атқарады. Оны дайындауда келесілер қарастырылады:

  1. өндіріс қуаты;

  2. барлық технологиялық процесс (кәсіпорын атауы, мекен-жайы, әріптестік шарттары);

  3. өнім және сату көлемі;

  4. құрал-жабдықтар;

  5. шикізат пен материалдар;

  6. еңбекақыны төлеу құралдарының есебі;

  7. өндірістік аудан;

  8. өндірілетін өнім шығындары мен өзіндік құнының есебі.

  1. Бөлім кәсіпорын және менеджмент туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етеді:

  • кәсіпорынның құқықтық жағдайы;

  • акцияны иеленушілер, жарғылық капиталдың көлемі, жай және артықшылығы бар акциялар саны;

  • директорлар кеңесіне мүшелердің аты-жөні, менкен-жайы, қызметтік деңгейі және жұмыс өтелімі туралы ақпараттар;

  • менеджерлердің резюмесі, әрбір басшымен қызметкерлердің міндеті, олардың еңбекақы және сыйақы көлемдері сипатталады;

  • кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы, әрбір бөлімшелердің қызметтері, бақылау тәсілдері, басқару деңгейі;

  • кәсіпорынның кадр саясаты.

  1. Нарық жағдайында бұл бөлім өте маңызды. Алға қойған мақсатқа жетудегі тәуекелділіктердің көлемін азайту басты мәселе. Әдетте, ол бәсекелестер, сыртқы ортаның өзгеруі, басқару құрылымының ұйымдасу деңгейіне байланысты. Сондай-ақ, несиені мақсатсыз жұмсау, жоспарланған бюджетті сақтамау, өнімді графигінің үзілуі, негізгі жеткізушілердің тұрақсаздығы да ықпал етеді. Осы тәуекелділіктерді алдын-ала анықтау және түзеті бизнес-жоспардың үздіксіз орындалуына ықпал етеді.

  2. Қаржылық жоспардың мақсаты - ұсынылып отырған жобаның тиімділігін анықтау. Ол жалпы жобаның шығындарды өтеу, рентабельділік және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталады. Ол келесі бөлімдерден тұрады:

  • пайда және шығындар туралы есеп;

  • ақшалай түсімдер мен шығындар балансы;

  • активтер мен пассивтер балансына болжау;

  • шығынсыздық талдауы;

  • қаржыландыру стратегиясы;

  • өз міндеттерін қалай орындайды.



Бақылау сұрақтары:
1. Жоспар анықатмасы.Оның бағыттары
2. Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерін дамытудың ерекшелігі неде?
3. Кәсіпорынның қызметін сипаттайтын негізгі жоспары?
4. Бизнес-жоспардың принципі неде?


Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. И.М. Шатаев. Основы организации бытового обслуживания населения. Учебник для вузов:- М.: Легкая индустрия, 1980
2. Бытовое обслуживание населения: Управление эффективностью отрасли / Л.Л. Постников, В.Я Дубра , В.В Синицын — Рига: Лат НИИНТИ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет