3Сапаны көтерудің негізгі жолдары
Әртүрлі құндылықтарына байланысты жоғарыда келтірілген сапа анықтамаларына қарамастан, сервистік ұйым менеджерлері, қызмет сапасын түсінуде көптеген қиындықтарды сезінеді. Профессор Дэвид Гарвин қарастырылып отырған концепцияны нақты қарастыру үшін сапаны өлшеудің сегіз түрін анықтады:
Көрсеткіштер. Өнім сапасын өлшеудегі сипаттамаларды қарастыру керек. Мысалы: сағатына 60 миль жылдамдыққа жету үшін, автомобильге қажет, секунд саны, бұл автомобильдің сапасын өзгертуге әсер етеді.
Ерекшеліктер. Бұл -өнімнің қосымша көрсеткіштері. Мысалы: стандарттар пакеті, CD-плеер типі жатқызылады.
Сенімділік. Сенімділік- бұл өнімнің техникалық кітапшасында көрсетілген уақытқа дейін қалтықсыз өз функциясын орындауының ықтималдылығы. Мысалы, станок техникалық кітапшасында көрсетілген 6 жыл ішінде жөндеу жұмыстарын талап етпеуі керек.
Сәйкестігі. Сәйкестілік- бұл өнімнің жобалау ерекшеліктеріне дәлдік дәрежесін сипаттайды.
Жұмыс істеу уақытының созылуы. Жұмыс ісеу уақыты- бұл станоктың жарамыз болу уақытына дейін пайдалану мерзімі.
Жөндеуге қолайлылық- жөндеу жұмыстарының жылдамдығы және қарапайымдылығы жөндеуге қолайлылық критерииімен анықталады.
Эстетика. Бұл анықтамада өнімнің сыртқы бейнесі, оның дыбысы, иісі, дәмі сияқты субъективті қасиеттерді қарастырады.
Қабылданатын сапа. Қабылданушылық сапа – бұл жарнамалық әсерлерден, сауда маркасынан, ауызша ақпарат пен өзіндік тәжірбиенің нәтижесінде тұтынушының санасында қалыптасқан өзіндік әсерлер немесе қабылдану деңгейі.
Сапаны көтерудің негізгі жолдары:
Қызмет түрлерін кеңейту
Қызмет, жұмыс және өнім өндірісіні сапасын жоғарлату
Қызмет көрсету уақытының жетілдірілуі
Тұрмыстық қызмет түрлерін жетілдіру
Тұрмыстық қызмет жарнамасын дамыту
Қызмет түрлері мен халықтар арасындағы байланысты дамыту.
Қызмет көрсетудің бірыңғай ережесі 5 бөлімнен тұрады:
Жалпы ереже
Тапсырысты қабылдау және әзірлеу
Тапсырысты орындау және беру
Тапсырыс берушімен есеп айырысу
Кепілдік.
Бақылау сұрақтары:
1. Тұрмыстық қызмет сапасы дегеніміз не?
2. Сапа көрсеткіштері
3. Стандарттан стандарттаудың ерекшелігі неде?
4. Сапаны көтерудің негізгі жолдары
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. И.М. Шатаев. Основы организации бытового обслуживания населения. Учебник для вузов:- М.: Легкая индустрия, 1980
2. Бытовое обслуживание населения: Управление эффективностью отрасли / Л.Л. Постников, В.Я Дубра , В.В Синицын — Рига: Лат НИИНТИ
Достарыңызбен бөлісу: |