Дәріс 5. Тұрмыстық қызметті ұйымдастыруды жоспарлау
5.1 Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
5.2 Тұрмыстық қызметті дамытудың кешенді жоспары
5.3 Жаңа тұрмыстық қызмет түрлерін дамытуды жоспарлау
5.4 Тұрмыстық қызмет орындарының шараларды ұйымдастыруы және жоспарлауы
1 Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
Қызмет көрсету саласындағы жоспарлаудың өндірістегі жоспарлаудан бірден-бір ерекшелігі мынада: азғантай сипаты бар фирмалардың санының көптігі. Мысал ретінде жеке саудадағы дүкендерді, жөндеу қызметтерін, жеке қызметтер көрсететін фирмаларды,жылжымайтын мүлік агенттіктерін келтіруге болады. Фирма қызметкерлері кәсібилілігі жоғары, мысалы, заңгерлер, қаржылық аналитиктер, жүйелік аналитиктер, сақтандыру агенттері, дәрігерлер, немесе аудиторлар болса, онда әр жұмыскерді жоғалту айтарлықтай қиындықтар әкеледі, ал орнын алмастыру жөніндегі ізденістер көпке созылуы мүмкін. Сондықтан, менеджерлер қажетті кәсібиліктегі, маманданған қызметкерлерді қайдан табу жөніндегі керекті ақпарат пен қамтамасыз болуы қажет. Фирма жоғары оқу орындарымен және өздерінің мамандығына сәйкес жұмыс күші нарығының шегіндегі жоғары кәсіби кадрлар іріктеліп алынған арнайы орындармен әрқашан тығыз қарым-қатынасты орнатуы керек.
Көптеген сервистік фирмалар кәсібилігі төмен жұмыскерлерді жалға алады. Кәсібилігі төмен жұмыскерлерді өзара алмастыру үлкен қиындыққа түспейтіндігіне қарамастан, олардың жоғары жылдамдықтағы ағымдылығы алаңдатарлықтай себеп бола алады. Сонымен оны жоғалту, мысалы, мейрамханалық бизнесте бірден жұмыстың орындалу үдерісі мен мерзімділігіне әсер етеді .Адам ресурстарын жоспарлау негізінен керек кезінде тез, әрі жеңіл жалға алуға болатын көптеген потенциалды қызметкерлерден тұрады. Дәстүрлі түрде жас қызметкерлерді қажет ететін тез тамақтанатын мейрамханалар мен туризм салалары 15-18 жас аралығындағы жігіттер мен бойжеткендердің санының азаюына байланысты өз тәжірибелерінде жұмыс күшінің жетіспеушілігін сезінді. Көптеген компаниялар еңбекақы деңгейін жоғарлату және орта жастағы адамдардың арасынан кадрларды іздеу арқылы ортақ шешімге келді .Еңбек ресурстарын басқаруда менеджерлер қызметкерлерді тиімді пайдалану жөніндегі қиындықтармен кезігеді. Жақсы, әрі дұрыс басқару қызметкерлердің мүмкіндіктерін білуді және жұмыс күшінің арнайы стандарттарын сақтауды ұйғарады. Мұндай стандарттар төмендегілерді анықтаулары қажет:
орындалған қызметтердің көп еңбекті қажет етушілігін (жұмыс күшінің құны);
ұйым ішіндегі штаттық міндеттерін (тұтынушылардың қажеттіліктерін орындауға қажетті адамдардың санына қарай);
қызметтерді орындауға дейінгі кеткен шығындар мен уақыттың есебін (әртүрлі шешімдерді қабылдаудағы көмек);
күтілетін өнімділікті (басшылармен қоса қызметкерлер де толық күндік өнімділік мөлшерін және оған не кіретінін білуі қажет);
еңбекақының сыйақылық жүйесінің жоспарлаудың мөлшерін (сыйақы нені қамтамасыз етеді);
қызметкерлердің тиімділігі (стандарттар тиімділіктің қандай болу керектігін анықтайды);
2 Тұрмыстық қызметті дамытудың кешенді жоспары
Әлеуметтік – тұрмыстық қызметтің даму көрсеткіштердің бірі халыққа қызмет көрсету болып табылады. Оның көлемін анықтауда негізгі материалдардың құны енгізілмейді. Қызметтің жоспарлау және бағалау тәсілдері бәріне бірдей болу керек.
Қызмет көрсету мекемелерінде негізгі екі кешенді жоспар болу керек:
Кәсіпорынның жылдық даму жоспары
Ұйымдастыру технологиясының жоспары
Кәсіпорын даму жоспарының негізгі бөлімдері:
Жоспарланатын жылғы кәсіпорынның өндірістік –шаруашылық қызметтерінің негізгі көрсеткіштері
өндіріс және қызмет көрсету жоспары
өндіріс тиімділігін жоғарлату жоспары
технико-экономикалық нормативтер мен нормалар жоспары
материалды –техникалық қызмет көрсету жоспары
еңбек және еңбекақы бойынша жоспар
қызметтің өзіндік құнының жоспары
экономикалық ынталандырудың жүзеге асыру жоспары
табыстар мен шығындар балансы
ұйымдастыру –техникалық шаралар жоспары.
Бұл кәсіпорын даму жоспарының негізгі бөлімі болып табылады. Барлық шаралар техникалық, ұйымдастыру, экономикалық бағыттары бойынша келесі бөлімдерге бөлінеді:
1.Материалды – техникалық базаның дамуы – кәсіпорында реконструкциялау
2.Өндірістік қуатты қолдануды жоғарлату
3.қызмет көрсету мәдениетін жоғарлату
4.басқару құрылымын ұйымдастыру және тәсілдерін жетілдіру
5.кадрларды дайындау және қайта дайындау
3.Рационалды жоспарлау, қызмет түрлерін даму принциптері.
Әлеуметті- тұрмыстық қызмет көрсетудің негізгі талаптары:
1.Әртүрлі тұрмыстық қызмет түрлеріне толық жағдай жасау
2. Максималды ыңғайлық жасау
3.Әлеуметтік – тұрмыстық қызмет мекемелеріне тиімділікті қамтамасыз ету.
Қызмет ерекшеліктерін ескере отырып өндіріс қуатын үш негізгі бағыттан құралады:
тұрмыстық қызмет бойынша тапсырыс қабылдау және жіберу
тапсырыс берушілерге қызмет көрсету
орталық тапсырыспен жұмыс атқаратын мекемелер
Достарыңызбен бөлісу: |