Дәрістемелер кешені дәріс Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласы


Дәріс 6. Өндірістік қуаттылықты орналастыру және қалыптастыру



бет13/24
Дата20.02.2023
өлшемі160.97 Kb.
#469796
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
ДӘРІСТЕМЕЛЕР КЕШЕНІ

Дәріс 6. Өндірістік қуаттылықты орналастыру және қалыптастыру
6.1 Мекемелерді орналастыру мәні
6.2 Мекемелердің дамуы және оларды тиімді орналастыру қағидалары
6.3 Тұрмыстық қызмет көрсету жүйесі


1 Мекемелерді орналастыру мәні
Тұтынушыларды жоғары деңгейде қанағаттандырған қызмет көрсету фирмасы- бұл нәтижелі ұйым ретінде саналады. Тиімді ұйымдастырылған ұйым- бұл өнімді минимальды ресурстарды қолдана отырып шығаратын ұйым. Дегенмен тиімділік пен нәтижелік қатар болу керек. Тиімсіз, тек қимыл нәтижелік коммерциялық ұйымды банкротқа ұшыратады немесе пайда қалыпты деңгейден төмен болады, егер ұйым өзінің кеткен шығындарын жаба алмаса. Ал тиімділік нәтижесізде ұйым банкротқа ұшырайды, өйткені олар клиенттерін жоғалтуы мүмкін. Әрине, мемлекеттік және коммерциялық емес фирмалар басқа ережемен жұмыс істейді, бірақта жалпы алғанда: тиімділік пен нәтижелілік – бұлар барлық қызмет көрсету фирмаларының менеджерлері ұмтылатын негізгі мақсат болып есептеледі.
Тиімділік пен өндірістің бағасы жұмыс орындаудағы басқа аспектілер - өндіріс көлемін өсіру, американдықтардың айтуы бойынша «Не өлшенеді, сол басқаралады». Жоғарыда аталғандай, тиімділік пен нәтижелілік бір-бірімен ұқсас ұғымдар болғанымен, өзгешеліктері болады. Бұл қатынастардың нәтижесінің өзгеруі өндірістің өзгергенін көрсетеді. Бірақ, егер мақсат фирманың бөлімдерін салыстыру болса, мәселен, бір банктің филиалдарын , онда бұл қатынастар қажетті ақпарат бере алмауы да мүмкін.
Дегенмен кейде басқарушыларды фирма бөлімшелерінің абсолюттік көрсеткіштері ғана қызықтырмайды, сонымен қатар бір-біріне қатысты нәтижелер де және бір фирма жұмыскерлерінің нәтижесі екінші фирмамен салыстырмалы түрде анықталады. Мұндай жағдайда өндірістегі еңбек өнімділігін анықтау қиын себебі, барлық өндіріс бөлімшелері еңбек өнімділігінің бір ғана коэффициентін қолданады және алынған мәліметтері бойынша талқылайды.Ұйымның ұқсас қызметтер атқаратын бөлімшелернің қызметтерін өзара салыстыруға болады немесе басқа ұқсас фирмалардың қызметтерімен салыстыру арқылы тиімділікті бағалауды жүзеге асыру керек. Қызмет көрсетуші фирмалардың техникалық тиімділігін салыстырмалы бағалаудың қуатты құралы ретінде және менеджерлерге өз ұйымдарындағы тиімсіз әсерлердің саны мен пайда болу көздерін анықтауға көмектесетін әдіске қысқаша шолу жасалынды (DEA).
DEA әдісін Чарнес (Charnes), Купер (Cooper) және Родесіндер (Rodes) коммерциялық емес ұйымдардың тиімділігін бағалау қажеттіліктеріне жауап беру үшін ойлап тапқан. Коммерциялық емес ұйымдарда тұтынылатын ресурстар мен қызметтердің нәтижесін ақшамен бағалау мүмкін емес, сонымен қатар «тәжірбиелік нәтижелі» фирма жұмысының сапасын бағалау мүмкін емес. Алғашқыда DEA әдісі тек қана білім саласында ғана қолданылған, ал одан кейін мемлекеттік коммерциялық секторларда тез қарқынмен етек жайды.
Экономикада тиімділіктің әралуан концепциялары бар, мәселен, техникалық эффект өндіріс масштабының өсу тиімділігі мен ресурстарды бөлудегі тиімділікті көрсетеді. Техникалық тиімділік- егер оның тұтынатын ресурстарының бірін жақсартқанда басқа ресурстарға жағымсыз әсер туғызатын элементтің жағдайын төмендетпегенде пайда болады. Өндіріс масштабындағы өсу тиімділігі- өндіріс күшінің аумағымен түсіндірледі. Егреде фирма қолданатын ресурстарды өсірсе, онда шығаратын өнім көлемі де сол жаққа қарай өседі, яғни фирма пайдасын көбейтеді және керісінше. Егер қосымша ресурстарды өсіргенде шығаратын өнім өзгермесе, онда эффект өзгеріссіз қалады. Ресурстарды қолданудағы эффект қолданатын ресурстарды өнім өндіруді дұрыс таңдай білуді талап етеді.
Басқа филиалдары, емхана, мектеп сияқты әлеуметтік объектілер ресурстарды енгізу мен оның нәтижесіне өте жауапкер болады. Экономикалық әдебиеттерде DEA әдісі - шешім қабылдаудағы жауапкершілікке негізделген бірліктер деп аталады (DMU- decision- making unit).Экономикалық объектілердің басшылары DMU- ресурстарды тарату, оларды пайдалану бойынша шешімдерге жауап береді. Әрбір түр мен эффектті бағалауда DEA моделінің әр алуан түрлері қолданылады. DMU-дің эффектілік объектілері эффектіліктің эмпирикалық шекті деңгейін анықтайды. Кейбір DEA –ң модельдерінде база деңгей болып- сызықтық функцияны көрсетеді, ал нүктелер арасындағы сегменттері DMU-тиімділік объектілерін көрсетеді және жұмыс тиімділігі үшін нәтижелер мен шығында комбинациясының баламаларын көрсетеді. DEA моделі- бұл эмпирикалық әдіс. Ол DMU- объектілерінің жұмысы нәтижесін табиғи көрсеткіштері бойынша өлшейді, бұл жерде құндық түрде көрсетудің қажеті жоқ. Себебі, олар өндірістің өнімділік қатынастары түрінде беріледі. Барлық ресурстардың нәтижелері өздерінің табиғи бірліктерімен көрсетіледі.
Өндірістің құрылуы әр уақытта кәсіпорындарда қызмет істейтін адамдармен тікелей байланысты. «Жұмыс күші» - бұл адамның дене және ой қабілеттілігінің жиынтығы, оның жұмысқа деген алғырлығы. Нарықтық қатынастар жағдайында «еңбекке қабілеттілігі» жұмыс күшін тауарға айналдырады.
Әрбір өнеркәсіпте кадр саясаты әзірленіп, ол іске жырылуы қажет. Сөйтіп, мына төмендегі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған жөн:

  • жұмысқа қабілетті және кінәратсыз ұжым құру;

  • кәсіпорынның білікті қызметкерлерінің деңгейін арттыру;

  • жынысы және жасының құрамына қарай оңтайлы еңбек ұжымын құру;

  • қолынан іс келетін, өзгеретін мән-жайға оралымды әсер тигізетін, сезінетін, жаңа, алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді өндіріске еңгізу және істің есебін білетін жоғары кәсіптік басшылық етуші буынды құру.

Өндірістік процесске қатысуына байланысты өнеркәсіптің жеке құрамы екі санатқа бөлінеді: өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер және бейөнеркәсіптік.
Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерге жататындар: тікелей өндіріспен және оған қызмет көрсетушілер.
Бейөнеркәсіптік қызметкерлерге - өндіріспен және оған қызмет көрсетуге тікелей айналыспайтындар жатады. Негізінен олар: кәсіпорынның қарамағындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың , балалар және дәрігерлік-санитарлық мекемелердің қызметкерлері.
Өз негізінде өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер олардың орындайтын бернелеріне байланысты мына төмендегі санаттарға топтастырылады: жұмысшылар, басшылар, мамандар, қызметкерлер.
Жұмысшыларға жататындар: кәсіпорындарда тікелей материалдық құндылық немесе өндірістік және көлік қызметін көрсетумен айналысатындар. Жұмысшылар, негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгісіне жататындар: тікелей өнімді шығарумен айналысатын жұмысшылар, көмекші өндіріске қызмет көрсететіндер.
Мамандарға жататындар: бухгалтерлер, экономисттер, техниктер, механиктер, психологтар, социологтар, суретшілер, тауар мамандары, технологтар және т.б.
Қызметкерлерге жататындар: жабдықтау агенттері, машинисткалар, хатшы-машинисталар, кассирлер, іс-қағаздарын жүргізушілер, экспедиторлар, тізімдеушілер және т.б.
Басшылар – бұл кәсіпорындарда басшы қызмет атқаратын қызметкерлер (директорлар, бас мамандар және т.б.)
Жұмыспен қамтылу – бұл еңбекақы алу (еңбек табысы) негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты қанғаттандыруға байланысты адамдардың іс-әрекеттері. Еңбек нарығының мөлшері қалай еңбек ресурстары, солай өндіріс күшінің даму ауқымы арқылы анықталады.
Жұмыс күші нарығы инерциялық және қағида бойынша ол өндіріс сияқтанған жылдамдықпен қайта құруға қабілетсіз. Кәсіпкерлік құрылымы, сыныптаманың деңгейі және еңбек нарығының басқа да сипаттамасы біршама баяу өзгереді, өндірістің қажеттілігінен артта қалады. Осының нәтижесінде институтционалдық жұмыссыздықтың ерекше алуан түрлілігі байқалады. Институтционалдық бос жұмыс орындары жөнінде жетілдірілмеген ақпараттың болуынан пайда болған жұмыссыздықты айтуға болады.
Еңбек нарқы кез келген тауарлы нарық сияқты сұраныс пен ұсынысқа негізделген. Сұраныс – бұл жағдайда қажеттілік нысаны ретінде бос жұмыс орындары мен жұмыстың орындалуында бой көтереді, ал ұсыныс қамтылмаған жұмыс күшінің немесе жұмыс орнын өзгерту тілектерінің болуы.
Жұмыссыздық проблемасы, дер кезінде еңбекақыны төлеу және тағы басқалар өте шиеленіскен жағдайда болып отыр. Міне, сондықтан да еңбек нарқы жөніндегі мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді қажет етеді.
Еңбек нақының негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын жұмыспан тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлеккеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси-экономикалық және әлеуметтік қатынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы жұмыссыздық мынадай сипатқа ие. Біріншіден, болып жатқан технологиялық жағдайлар мен компьютерлендіру жұмысшы күші мен жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға, жұмыс орны ғана емес, жұмыс күшінде лайфқты, орынды пайдаланып, қолдануға мүмкіндік береді. Екіншіден, жұмыссыздық экономикалық өркендеу мен халықты жұмыспен қамтудың арасындағы тікелей байланыссыз-ақ өсуді көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет