Дәріс 7. Ауылдық жерлерде сервисті және тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру ерекшеліктері
7.1 Тұрғылықты тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсетуді дамытудың интенсивті алғышарттары
7.2 Ауылдық тұрғындарға қызметтік хаттар бойынша қызмет көрсету және оларды ұйымдастыру
1 Тұрғылықты тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсетуді дамытудың интенсивті алғышарттары
Ағылшын тілінен аударғанда, сервис бірнеше мағына береді: қызмет, қызмет көрсету,міндетті болуы. Сервис түсінігі кең мағынада қызмет және қызмет көрсетуді білдіреді. Қызмет көрсету – тұтынушылардың күрделі бұйымдарды: машина, құрал жабдық, тұрмыстық техника, көлік құралдары, өткізу және пайдаланумен байланысты қызметтердің кешені. Қызмет көрсету - негізгі қызметтерді жүзеге асырудың құралы ретінде: қонақ үй кешенінде қызмет көрсету, мейрамхана бизнесте қызмет көрсету және ақпарат бизнес көрсету, тұрмыстық қызмет көрсету деген салаларға бөлінеді.
Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы, балық аулау, балық өсіру, өнеркәсіп тау-кен саласы, электр энергиясын, газ және суды өндіру және бөлу, автомобиль, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдалану бұйымдарын жөндеу, қонақ үйлер мен мейрамханалар, көлік және байланыс, жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға алу және тұтынушыларға қызмет көрсету, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерді ұсыну, коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтерді ұсыну сияқты қызмет түрлерімен сапалы қызмет жасайды. Міне, осы салаларда біздің еліміз үлкен жетістіктерге жетіп, шағын кәсіпкерлікті ерекше дамытуда. Сапалы қызмет көрсету тек экономикалық ахуалды өркендетіп қана қоймай, халықтың әлеуметтік жағдайын дамытуға да ерекше әсер ететіндігі айқын. Сол себепті қызмет түрлерін тек молайтып , өркендетіп қана қоймай, сапасын да жоғары деңгейге көтеру қажет.
Бизнес жүйесінің интегративтік сапалары. Іскерлік қатынастың кез келген табиғатын, өндірістің ғылыми жүйелері сияқты өзіне тән бизнестік жүйелік қасиеттері болады. Әдетте, бизнестің осы қасиеттерін бизнес жүйесінің интегративтік сапалары дейміз. Өзіне тән қасиетіне байланысты осы сапа аталған жүйенің біртүтас құрамы болып қалыптасады. Бизнес жүйесінің негізгі интегративтік жүйелеріне төмендегілер жатады:
– бизнес жүйесінде атқаратын функционалдық қызметіне қарамай-ақ барлық субъектілердің әлеуметтік-экономикалық тәуелсіздігі сақталады;
– іскерлік қатыс барлық субъектілер ықыластарының консенсусы болып табылады.
Бизнестегі қатыс барлық субъектілердің бір-бірінен тәуелсіз болулары шартты жағдай. Бұл қағиданы сақтау кәсіпкерлерден, жалдамалы қызметкерлерден, тұтынушылардан, мемлекет мекемелерінен келісімнің жаңа түрін іздеуде, өз қимыл-әрекеттерін іске асыру жолында, керек болса, өздерінің мүлкімен заң алдында жауап беруді талап етеді. Бұл субъектілер бір-бірінің мүддесіне карама-қарсы келмеулері керек.
Іскерлік қатыс субъектілерінің тәуелсіздіктерін бір мағынада түсінуге болмайды. Экономикалық субъектінің бостандығы керісінше — өз серіктестерінің мүдделерімен санаспай, өз бетінше әрекет жүргізу принципі. Бұл принцип экономиканың талаптарына сай келмейді. Себебі, рыноктың толық іске асуы үшін кәсіпкерлердің шығаратын өнімдері тұтынушыларды толық қанағаттандырулары керек. Жалдамалы қызметкерлер де, егер өз жұмысшы күшінің бағасы, жұмыс орнының саны мен сапасы, қажетті мамандарының саны мен сапасы, тағы басқалары жайынан ақпараттары болмаса, кәсіпкерлерге тең құқықты жағдайда жалдана алмайды.
Іскерлік қатыстар субъектілерінің тәуелсіздігі дел келісім жүргізген кезде олардың бір-біріне ықыласымен, саналы қатыстардың шарттарының толык сақталуымен қоса, субъектілер іс-әрекеттерін үкімет орындары мен оның басқару буындарының қорғауында болуы айтылады.
Бизнес жүйесінде өзара байланыстары бар субъектілер қашан болса да жаңа шешім қабылдағанда, барлық қажетін қанағаттандыратын әлеуметтік-экономикалық мүдденің консенсусына көңіл аударулары тиіс. Мүдденің консенсусы дегеніміз — осы ықыласқа барлық жақтың іскерлікке қатысты уәделеріне берік болып, өз контрагентінің тәуелсіздігін бұзбау.
Бизнестің жүйесі экономиканың ұзақ эволюциялық жолмен дамуының нәтижесі.
Іскерлік қатыстар субъектілерінің тәуелсіздігі мен олардың арасындағы мүдделерінің консенсусы бірін-бірі қамтамасыз етеді. "Іскерлік" адамдардың өзара қатынастарындағы қайшылықтар қоғамдық консенсустың шегінен шықпауы керек және жалпы мемлекеттік мәселеге айиалып шешілмесе, тұйыққа тірелмеуі керек.
Бизнес өзін-өзі реттеуші жүйе. Бірақ та іскерлік қатыстардың заң шығарушылық және бағдарлаушылық реттеушілері бар. Заң шығарушылық — реттеуші заңды және заңсыз бизнестерді бірінен бірі ажыратып, заңды бизнесті қолдап, көлеңке бизнеске тыйым салады. Сонымен қатар, бизнеске қатысушылардың бір-бірінің алдында жауапкершілігінің заңдылық жағын анықтайды. Бизнестің мөлшерін бағдарлаушы, реттеуші, көтермелеуші сияқты экономикалық тетіктер заңды бизнесті кепілдікке алу, қолдау және қорғау жолдарын анықтайды.
Бүгінгі Қазақстан экономикасында бизнестің жүйелі түрі қалыптасуда. Бұрынғы Совет Одағында жеке кәсіпкершілікке ресми түрде тыйым салынды, тіпті, ол әрекет заң алдында жауап беретін іс болды. Жоспарлы экономикада қосымша шаруашылыққада еңбек ететін және ұсақ қолөнер кәсіпкершілігімен шұғылданатын адамдар тысқары қалды. "Бизнесті" айтпағанда, "кәсіпкер", "кәсіпкершілік" деген сөздер қолданбақ түгілі, ол аталмаушы еді.
Кәсіпкерлік фирмалардың түрлері. Кәсіпкерлік фирма дегеніміз — азаматтардың және ұйымдардың заңды кәсіпкерлік қызметінің түрі. "Кәсіпкерлік фирма" — заңды экономикалық термин. Қазақстан Республикасындағы барлық кәсіпкерлік фирмалар қызметтерінің іс жүйесін Қазақстан Республикасының заңы реттейді.
Қазақстан Республикасы бекіткен ереже бойынша жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын ұжымдар жеке еңбек әрекеті, ал жалдамалы еңбекті пайдалану арқылы жүргізілетін кәсіпкерлік әрекет өнеркәсіп ұжымы болып тіркеледі.
2 Ауылдық тұрғындарға қызметтік хаттар бойынша қызмет көрсету және оларды ұйымдастыру
Кәсіпкерлік фирма — жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерліктің бір түрі. Рыноктық экономика дамыған елдердің бәрінде де саны және сапасы жағынан әртүрлі кәсіпкерлік фирмалар бар.
Фирмалардың әр түрлі болуы олардың меншік түріне тікелей байланысты. Сонымен қоса кәсіпкерлік фирмалар өнім ассортименттерінің әртүрлілігімен, одақтарға кіру тәсілімен, бәсеке жүргізу жағдайы және бәсекелестік жолы жағынан ажыратылады.
Сапалық көрсеткіштер негізіне меншік түрлері жатады. Олардың ішіндегі жиі кездесетін түрлерін атап өтелік:
- жеке меншіктегі фирмалар;
- жауапкершілігі шектелген ұжымдық кәсіпорындар;
- мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар (Батыс елдеріне бұған мемлекеттік ұжымдық не мемлекеттік және меншіктік аралас меншіктегі капиталдары бар өнеркәсіптер де жатқызылады);
- фирмалардың филиалдары мен өкілдіктері.
Сонымен қоса фирмалардың сапалық және сандық сипаттамалары бар. Кәсіпкерлік фирмалар сапалық жағынан меншік түрлеріне байланысты болса, сандық жағын жұмыскерлер саны мен капиталдың жылдық айналым мөлшеріне қарай ажыратуға болады.
Өнеркәсіптердің сандық параметрі кызметкерлердің санына сәйкес мына төмендегідей бөлінеді (мысалы АКД):
- ең шағын өнеркәсіптер (қызметкерлер саны оннан аспайды);
- өте ұсақ өнеркәсіптер (қызметкерлер саны 20-дан аспайды);
- ұсақ өнеркәсіптер (қызметкерлер саны 99-дан аспайды);
- ірі өнеркәсіптер (қызметкерлер саны 500-ден астам).
Басқа елдердегі кәсіпкерлік фирмалардың түрлерін ажырату сандық параметрлері жағынан осыған ұқсас.
Өнеркәсіптер капиталдың жылдық айналым мөлшеріне сай мына төмендегідей бөлінеді (Германия):
- ұсақ өнеркәсіптер (капиталдың жылдық айналымы 25 мың маркадан аспайды),
- орта және ірі өнеркәсіптер (25 мың маркадан жоғары). Фирманың сандық параметріне қарай олардың жауапкершілігі де өзгереді. Мысалы: ұсак және өте ұсақ өнеркәсіптер, жауапкершіліктері шектелмеген жеке меншіктегі фирмалар немесе ұжымдық кәсіпорындары тобын айтуға болады. Орта және ірі фирмаларға көбіне жауапкершілігі шектелген акционерлік қоғамдар жатады.
Рынок экономикасы дамыған елдердің бәрінде де кәсіпкерлік фирмалардың әрекеттерін заң қорғайды және олардың өнімдері қоғам үшін аса қажетті деп саналады.
Қазақстан Республикасы экономикасындағы кәсіпкершілік фирмалардың қалыптасуы төмендегідей өтуде: жеке меншіктегі жауапкершіліктері шектелген ұжымдар, кәсіпорындар азаматтардың мемлекеттік, муниципалдық және басқадай меншіктегі кәсіпорындарды сатып алу арқылы немесе жаңа кәсіпорындар ұйымдастыру арқылы пайда болуда.
Әрбір меншік иесі фирманың барлық алған міндеттемелері үшін толық жауап береді. Ол фирманың капиталын алған, алынған кірістен немесе пайдадан, табыстардан не болмаса меншік иесінің жеке жарнасынан пайда болады.
Рыноктық экономика қалыптасқан елдерде меншік классикалық жеке меншік емес, яғни бір-ақ адамның меншігі сирек кездеседі. Мұнда меншіктер көбіне ұсақ кәсіпкершілік түрінде болады. Мысалы, Американың ауылшаруашылық секторында орта жылдық кірістері 50 мың долларға жететін 11 миллион дербес фирмалар бар.
Бақылау сұрақтары:
1. Сервис түсінігі
2. Ауылдық жердегі тұрмыстық қызметке жататындар
3. Кәсіпкерлік. Оның түрлері
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. И.М. Шатаев. Основы организации бытового обслуживания населения. Учебник для вузов:- М.: Легкая индустрия, 1980
2. Булатова З.Г. Технико-экономический анализ хозяйственной деятельности предприятий бытового обслуживания: Учебник для вузов М.: Легпромбытиздат,1991
Достарыңызбен бөлісу: |