3 Тұрмыстық қызмет өндірудің экономикалық-ұйымдық ерекшеліктері
Жалпы алғанда нарықтық сұранысқа бағдарланған, ұқсас тұтыну заттарының өнеркәсіптік өндірісінен ерекшелігінде, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары қызметінің негізінде тапсырысты қабылдау және ресімдеу кезінде келістірілген, оның талғамдарына және жеке сұраныстарына сәйкес, нақты тапсырушыға қызметтер көрсету жатады.
Қызмет көрсетуге тапсырыс – келісімнің бір түрі, оған сәйкес тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорны тұлғасындағы орындаушы - барлық қажетті жұмыстарды керекті сапа деңгейімен және белгіленген мерзімде орындау, ал тапсырушы оларды қабылдау және төлеу міндеттемелерін өзіне алады.
Қызмет көрсете отырып, сала жұмыскерлерінің өзара байланысқан екі қызметті орындауына тура келеді: жұмыс жасау және тапсырушыларға қызмет көрсету, сондай-ақ бұйымдарды тасымалдаудың делдалдық қызметі. Бұл кезде шешілетін міндеттердің қосарлылығы шаруашылық қызметтің екі қарама-қарсы жақтарының бар болуын себептейді. Бір жағынан, олар тұтынушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға, ал екінші жағынан қызметтер жасау тиімділігін арттыруға қол жеткізуі керек.
Қызмет көрсетуді жақсарту көрсетілетін қызметтер түрлерін кеңейту және көлемдерін ұлғайту, жұмыстарды орындау сапасын арттыру, тапсырушылардың кәсіпорындарға баруға жұмсайтын уақыт шығындарын қысқарту, келушілерге қызмет көрсету мәдениетін жоғарылату жолымен тұрғындардың қажеттіліктерін аса толық қанағаттандыруды болжайды.
Жұмыстарды орындау тиімділігін жоғарылату қолда бар ресурстарды пайдаланудың аса жоғары деңгейіне қол жеткізуді көздейді және оған өндірісті шоғырландыру мен мамандандыруды, жүйе ішінде кооперациялауды дамыту, жаңа техника мен технологияны ендіру, өндіріс пен еңбек етуді прогрессивті ұйымдастыру, басқарушы аппаратты қысқару негізінде қол жеткізіледі.
Аталған заңдылықтардың бірлескен әрекеті және әрбір нақты жағдайда шаруашылық қызметтің әр түрлі жақтары үйлесінің ұтымды нұсқасын табу қажеттілігі кәсіпорындарды ұйымдастыруда ерекше қиындықтар тудырады. Аса жалпы түрде бұл қызметтер жасаудың және тұтынушыларға қызмет көрсетудің кейбір тең әрекет ететін факторларын табуға келтіріледі, бұл кезде тұрғындардың, кәсіпорынның және сала жұмыскерлерінің мүдделері оңтайлы үйлеседі.
Тұрғындардың мүдделері барлық қажетті, сапалы және салыстырмалы түрде қымбат емес қызметтерді алудан тұрады. Тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындардың мүдделері максимум пайдалы қызметтердің көп санын көрсетуден тұрады. Тұрғындар мен тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындар мүдделерінің аса толық үйлесуі көрсетілетін қызметтердің аса үлкен әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне қол жеткізу мақсатында олардың арасындағы өзара қатынастарды реттеу бойынша жүйелі мақсатқа бағытталған қызметті талап етеді. Кәсіпорындарда бұл қызмет тұрғындарға қызмет көрсетуді ұйымдастыруда өзін нақты білдіреді.
Тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру – адамдардың тұрмыстағы қажеттіліктерін еңбек пен құралдардың аз шығындарымен аса толық қанағаттандыруға бағытталған, шаралар жүйесі.
Кез-келген басқа еңбек қызметіне сияқты, тұрмыстық қызмет көрсетуге ұйымдастырудың белгілі принциптері тән:
төлем қабілетті тұрғындардың қызметтерге сұранысын аса толық қанағаттандыру;
қызметтерді тұтынушыға максимум жақындату;
тапсырушыға, оның жеке талаптарына, талғамдары мен сұраныстарына назарды арттыру;
қызметтерді пайдалану кезінде тапсырушы үшін ең жақсы жайлылық пен қолайлы жағдайлар жасау;
- қызметтерді тұтынушыға аз шығындармен жеткізу.
Тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсетуді дамыту мен жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыру қосымша ресурстар мен инвестицияларды жұмылдырумен де, сондай-ақ кәсіпорындардың өндіріс ішіндегі резервтерін іздестірумен де байланысқан.
Тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың екі аспектісі бар – уақыттық және кеңістіктік. Уақыттық аспект – тапсырушының қызмет көрсету процесін қарастыруды, ал кеңістіктік аспект аймақтағы тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындардың құрылымын болжайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Сервистің қызмет көрсетуден айырмашылығы
2. Сервистік қызмет көрсетудің қандай түрлері бар?
3. Сервистік ұйымның жіктелуі
4. Сервистік мәдениетке түсініктеме беріңіз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Сфера услуг: новая концепция развития / В.М.Рутгайзер и др. - М.: Экономика, 1990
2. Симонов Ю. Техническое регулирование в сфере услуг / Стандарты и качество .- М., 2004Шур Д.Л. Основы торговли. Розничная торговля. Настольная книга руководителя- М: ДиС,1999 г.
Достарыңызбен бөлісу: |