Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Даосизмдегі гносеологиялық (дүниетанымдық) мәселелер



бет14/175
Дата19.10.2023
өлшемі2.79 Mb.
#481135
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   175
lektsii po filosofii

Даосизмдегі гносеологиялық (дүниетанымдық) мәселелер.
Даоны тану жолында сезімдік, іңкәрлік бізді оған ешқашанда жеткізбейді. Адам сезімдік жолымен тек қана шектелген нақты заттарды ғана тани алады. Сондықтан, адам іңкәрліктен арылып, тыныштық жағдайға келгенде ғана Дүниеге тереңдей алады.
“Дүние әртүрлі заттардан тұрғанмен, олардың бәрі де гүлдейді де соңынан тамырына қайтып оралады. Оны біз тыныштық дейміз, ол бізді мән-мағнаға жеткізеді, мән-мағна тұрақтылыққа әкеледі. Тұрақтылықты білген адам жетілудің шыңына жетеді. Жетілген адам – іңкәрліктен айырылады. қңкәрліктен айырылған адам даоға жетеді. Даоға жеткен адам – мәңгілік. Даоны түсінген адам қауіптен құтылады².
Дүниетану жолындағы жасалған үғымдарды сараптап олардың біртекті мән-мағнасын анықтау қажеттігін даосизм асыра көрсетті. “Тәртіпті орнатқан кезде аттар қойылды. Заттардың аттары пайда болғаннан кейін, оларды шектеу қажет. Ол қателіктерден құтылдырады².
Өзіңді танысаң басқаларды да білесің. Бір жан-ұядан басқалардың бәрін де тануға болады. Бір елді танып білсең, бүкіл жер-бетіндегі елдерді білгенің, - дейді даосизм.
Әсіресе, жастарға ой салатын мынандай нақыл сөзбен аяқтайық “Дана адам білімі бола тұра, оны көрсетпейді, надан адам білмесе де, білімді сияқты болып көрінгісі келеді².
Даосизмнің моральдық, әлеуметтік-саяси көзқарастары.
Даосизмнің моральдық ілімі Кон-фу-Цзы іліміне қарама-қарсы. Кон-фу-Цидің адамдарың бір-біріне жақсылық жасау керектігі қағидасын сынға алып, олар оны “мен – саған, сен – мағанға² теңеп, оның ешқандай моральдық мәні жоқ, тек қана пайда табушылыққа итереді,- деген ойды айтады.
Даосизмнің этикалық идеалы – жақсылық жасауға ұмтылмау. Сондықтан ондай адам – ізгі адам. Мұндай идеяға оларды итерген өмірде көп кездесетін жақсылықтың жамандық болып оралуы болса керек. Сондықтан, даостардың ізгі адамы ешнәрсе жасамай жеңіске жетеді. “Күреспей-ақ жеңіске жетеді² – дейді даостар.
Даосизмнің әлеуметтік-саяси көзқарастарына келетін болсақ, қоғам өмірінде адамдардың тәтті тамағы, жылы киімі, тұрақты үйі болса, онда олардың өмірі қуанышты. Сонда ғана көрші мемлекеттер бір-біріне алыстан қарап, бір-бірінің әтештерінің шақыруын, иттерінің үруін тыңдап өздерінің кәртайып өлгендеріне шейін бір-біріне тимейтіндігін айтады.
Даосизм ілімі адамдарға білім беруге, оларды ағартуға қарсы, ал білімді адамдардың өзін іс-әрекет жасауға жібермеу керек,- деген пікір айтады. Өйткені, әрекет жасамау, барлық заттардың өзінің мақсатына лайықты өзгеруіне, өзіне-өзі жеткілікті болуына әкеледі.
Ал енді басқару мәселесіне келетін болсақ, онда олардың пікірінше “ең жақсы ел басын тек оның бар екенін ғана халық біледі. Ал халық сүйетін және көтеретін ел басы – екінші дәрежеде. Содан кейін халықты қорқытып ұстайтын ел басы келеді. Егер халық ел басынан жиіркенсе – онда ол ең жаманы².
Даосизм ел әділеттік арқылы басқарылады, соғыс қулық арқылы жүреді,- дейді. Елді басқару дәрежесіне көтерілу ешнәрсе жасамау арқылы болмақ. (У-.Вей – заттың табиғи қалыптасуына тежеу жасамау)
Егер елбасы ешнәрсеге килікпесе, онда қоғам өмірінде тыныштық, барлығы да өз орнымен келе береді. Егер үкімет тыныш болса, онда халықтың көңілі де жайлы. Бірақ, үкімет неше-түрлі іс-әрекетте болса, онда халық бақытсыздыққа ұшырайды.
Даостар үкімет басындағы адамдарды байлыққа, қымбат заттарға қызықпауға шақырады. Әсіресе тәкәппарлықтың зияндылығын аса көрсетеді. “Ең бақытсыздық - өз іңкәрінің шегін білмеуде, ең қауіптілік – асқан байлыққа жетуге ұмтылуда².
Даостар – соғысқа қарсы. Соғыста болған жеңісті мадақтау – адамдарды өлтіргенмен тең. Сондықтан ізгі басшы көршілермен тату тұруға, егер қайшылықтар пайда болса, оны бейбіт түрде жол беру арқылы шешу керектігін айтады. Сондықтан, қашанда соғысты бірінші болып ашудан бас тартқан жөн деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет