Кон-фу-цзы ілімі - қытайдың моральдық философиясы.
Кон-фу-цзы (551-479 б.ғ.д.) - Қытай халқының ұлы ойшысы, саяси қайраткері, тәрбиешісі, осы уақытқа дейін өзінің ықпалын тигізіп келе жатқан философиялық ағымның негізін қалаушы. Негізігі еңбегі “Лунь-уй² (әңгімелер мен пікірлер).
Кон-фу-цзы философиясында қойылған онтологиялық (болмыс) мәселелерге келер болсақ, ойшы өзінің болмысқа, дүниеге деген жалпы көзқарасында сол кездегі қалыптасқан ой-өрісінің шеңберінде болған. Аспандағы дао заңдылықтарына табынып, тағдырға сенген. Мысалы, Лунь-уй кітабында ол кісі былай дейді: “Аспан жөнінде не айтуға болады? Жылдың төрт маусымының ауысуы, болмыстың дүниеге келуі. Басқа не айтуға болады Егер кімде-кім тағдырды мойындамаса, оны нағыз ерге жатқызуға болмайды, - дейді ұлы ойшыл.
Моральдық мәселелер.
Кон-фу-цзыдың адамзат тарихында ұлы ойшыл ретінде осы күнге дейін сақталуы – оның моральдық-этикалық көзқарастарында. Оның әлеуметтік-саяси көзқарастарының өзі осы моральдың тиістілік шеңберінде қаралады.
Кон-фу-цзы еңбектерінен біз “бес тұрақтылықты² (у-чан) табамыз. Олар адамгершілік, адамды сүю (жень), әділеттілік (и), әдеттілік (ли), даналық, ақыл-оймен тоқулық (чжи), сенімділік (сань). Осы бес тұрақтылық арқылы адам дао жолына шыға алады.
Кон-фу-цзы моральдың “алтын ережесін² алғаш көрсеткен деген пікір әдебиетте бар. Оқушы бұл кісіге: “Бір сөйлеммен сіздің моральдық ілміңізді бізге жеткізе аласыз ба , - деген сұрақ қойыпты. Оған ол “Өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама²,- деген екен.
Кон-фу-цзы өзінің моральдық ілімінде “адамдардың өзаралықтығына² “алтын ортаңғылыққа², әке-шеше мен аға-апаны сыйлауға, адамдарды сүюге шақырады. Ол кісі жақсылықтың жақсылық болып қайта оралуына сенген.
Біздің баса көрсеткіміз келетін “тұрақтылық² – ол ²ли² (әдеттілік). Кон-фу-цзыдың айтуына қарағанда, халық өзінің ғасырлар тарихында қалыптасқан әдет-ғұрыптарын сақтап, сыйлау керек. Әдет-ғұрпынан айырылған халық тарап кетеді,- деген ой айтады.
Расында да, қазақ халқы бодан болған өзінің тарихында, әдет-ғұрпынан толықтай айырылып қала жаздады. Әсіресе, кеңес заманында әдет-ғұрпын сыйлаған адамдарға “ұлтшылдық² таңба тағылып, қудаланған болатын. Сондықтан халықтың “мәңгүрттенуі² де көбінесе, осыған байланысты болды.
Бүгінгі таңдағы жаңару үстінде біз өз мәдениетіміздің көп жағымен “қайтадан танысып² халықтық дәрежемізді көтерудеміз.
Кон-фу-цзыдың айтуына қарағанда, адамдарды екі түрге бөлуге болады. Олар “ізгі адам² (цзюн-цзы) және “ұсақ адам² (сяо-жень).
“ізгі адам² өз алдына үлкен талаптар қояды, ал “ұсақ адам² талапты басқалардың алдына қояды.
Үлкен адамға үлкен істерді тапсыруға болады, ұсақ адамға сенуге болмайды. үлкен адам басқа адамдармен тіл тауып, бірақ өмірде өз жолын іздейді. ұсақ адам басқа адамдармен бірге болғанымен ұрыс керіс тудырады. үлкен адам адамгершілік жолында өзінің өмірін қиюға дайын, ұсақ адам өзінің өмірін ит сияқты орда бітіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |