Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Аль-Кинди - араб философиясын бастаушы ұлы тұлға



бет50/175
Дата19.10.2023
өлшемі2.79 Mb.
#481135
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   175
lektsii po filosofii

Аль-Кинди - араб философиясын бастаушы ұлы тұлға.
Аль-Кинди (800ж.-879ж.) ақ-сүйектер жан-үясында дүниеге келеді. Багдад қаласында білім алып, өзінің пісіп-жетілген уақытын осы қалада өткізген.
Аль-Кинди өз заманының жан-жақты дамыған ғалымы болды, ол айналыспаған ғылам саласын табу қиын. Ол 200-ден артық кітап жазған, бірақ көбі осы уақытқы шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері “Аристотельдің кітаптарының саны және философияны ұғу үшін не керек², “Бірінші философия жөнінде², “Бес мән-мағына жөніндегі кітап² т.с.с.
Аль-Киндинің онтологиялық көзқарастары.
Аль-Кинди болмыс мәселелеріне тоқталған кезде екі субстанция жөнінде айтады. Бірінші субстанция - ол сезімдік заттар, оларды сан мен сапалық жақтарын зерттеу арқылы білуге болады. Субстанцияның сандық жақтарын сан жөніндегі ғылым зерттейді; екінші ғылым - сапалық үйлесімдіктерді, заттардың мөлшерлік қатынастарын салыстырады.
Заттардың сапалық жағын - геометрия және астрономия ғылымдары зерттейді. Бұл ғылымдарды біз математика саласына жатқызамыз. Оларды игермей адам субстанцияны білмейді. Соңғыны білмеген адам философияны білмейді. Философияны білмеген адамға екінші субстанцияға жетуге жол жабық. Өйткені, ол-тұрақты және өзгермейді…
Аль-Кинди адамзат өнерінің ішіндегі ең ғажабы - философия дейді. Оның мақсаты заттардың шынайы табиғатын ашу, соның негізінде өзіміздің жүріс-тұрысымызды, іс-әрекетімізді анықтауымыз, сәйкестеуіміз керек.
Ақиқатты ашу үшін себебін табу керек. қайсы бір затты танудың себебі-ақиқатқа жету, өйткені болмыстағы бардың ақиқаты да бар. Ақиқат қажетті танылады. Ең ізгі нәрсе - бірінші ақиқат - Алла-тағала жөніндегі ғылым. Бір денені табу үшін ең алдымен 4 сұраққа жауап беру керек дейді ойшыл.
Ол бар ма?
Ол не?
Ол қандай?
Себебі неде?
Аль-Кинди жағалай қоршаған болмысты Ай астындағы Дүние дейді. Ал айдың әржағында әлемде ешқандай қозғалыс - Дүниеге келу, кету, құру жоқ. Ол тек қана жер бетіндегі болмысқа тән нәрселер. Бізді қоршаған болмыс 4 элементтен тұрады: от, ауа, жер, су, олар өзгермейді - тек солардан тұратын заттардың элементтері ғана азайып, көбеюі мүмкін.
Адам дүниетанымының екі түрі бар. Біріншісі бізге жақын, бірақ, мән-мағнадан алыста. Ол - сезімдік тану. Ол үне бойы өзгерісте, тұрақты емес, уақытша ғана өмір сүретін заттарды танумен байланысты. Оның сан жағы тұрақты емес - үлкейеді, кішірейеді, теңеледі, теңсізденеді. Оның сапасы жағы да өзгерісте - ол өзіне ұқсайды, ұқсамайды, күшіне енеді, әлсізденеді… Осы өзгеріп жатқан Дүниедегі заттардың бітімі қабылданады да оны адам есіне, ақыл-ойына жеткізеді.
Екінші таным түрі мән-мағнаға жақын болғанымен бізден алыс - ол ақыл-ой танымы. Жеке материалдық заттар сезімдік қабылдауда ғана болады. Қос тұрақты мен текті алатын болсақ, оларды түйсіктер арқылы қабылдай алмаймыз, бірақ оларды ақыл-ойдың елегінен өткізе алуға болады. Қорыта келе, Аль-Кинди адамның дүниетану мүмкіншілігін мойындап, жағалай ортаны зерттеп ғылымды дамытуға шақырады.
Аль-Киндидің философиялық көзқарастарын әрі-қарай дамытып, Аристотельдің еңбектерін араб тілінде аударып, оған көлемді түсініктер жасап және өзінің ерекше философиядағы ойларымен тарихта қалып, философия тарихында “Екінші мұғалім² атағын алған Аль-Фараби болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет