Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Игіліктің баспалдақтығы арқылы дәлелдеу



бет47/175
Дата19.10.2023
өлшемі2.79 Mb.
#481135
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   175
lektsii po filosofii

4. Игіліктің баспалдақтығы арқылы дәлелдеу.
Біз заттардың ішінен әртүрлі сатыдағы кемеліне, игілігіне, сулулығына келгендерді көреміз. Дүниедегі заттарды біз бір-бірімен салыстыру арқылы бағалаймыз, бірақ мұның өзі ең кемеліне келген, сұлу, игінің қажет екенін талап етеді. Сұлулықтың, Ақиқаттың, Игіліктің соңғы себебі - ол Құдай.

  1. Табиғаттағы тәртіп арқылы дәлелдеу.

Табиғаттағы ақыл-ойы жоқ заттардың болмысы белгілі бір мақсатқа лайықтылыққа бағытталған. Ал олардың санасы жоқ болса, олар белгілі-бір сананың еріктің басшылығымен өмір сүреді деген ойға келеміз. Ол атылған оқты еске түсіреді, бірақ ол оқты жіберген садақшыны естен шығармауымыз керек. Олай болса бүкіл Дүниеге мақсат берген саналының бар екенін мойындауымыз керек. Ол - Құдай.
Онтологиялық (болмыс) мәселелері.
Фома Аквинскийдің болмыстық ілімінің қайнар көзі Аристотельдің “потенция² және “акт² деген ұғымдарына кетеді. Потенция (мүмкіндік) дегеніміз ол болуы да болмауыда мүмкін, шайқалған, тұрақталынбаған, өзгеруге ашық, аяқталынбаған, кемеліне келмеген. “Таза потенциалдық²- ол материя, болмыстың ең әлсіз түрі. Ол тек өзгертіледі, сыртқы әсерлер қабылдайды. Актуальдықты (шындық) алатын болсақ - ол іске асқандық, өмірге кіргендік, аяқталғандық, кемеліне келгендік. Актуальдық - ол форма (бітім) - сол арқылы заттар өзінің болмыстық дәрежесіне көтеріледі. Абсолютті актуальды - Құдай, қайсыбір бітімнің қайнар-көзі. Олай болса, Құдай - болмыстың өзі де, ал Дүние - болмысқа ие ғана. Тек Құдайда болмыс пен мән-мағна бір-біріне сәйкес келеді, сондықтан, ол таза акт (шындық), өзіне-өзі жеткілікті болмыс. Ал Дүниедегі жаратылғандардың бәрі өмір сүруге бағытталған ғана. Дүниедегі заттар бұл Дүниеде болуы да, болмауы да мүмкін, ол қажетті емес. Олардың өмір сүруімен мән-мағынасы толығынан бір-біріне сәйкес келмегеннен кейін, оны бүкіл жаратылған дүниеге таратып, ол болуы да, болмауы да мүмкін еді, онда бұл Дүние мүмкіндік пен кездейсоқтықтан пайда болды,- деген пікір айтады. Фома Аквинскийдің бұл ұлы ойларын талай ғасырлар өткеннен кейін ХХ ғасырда ғалымдар растады. Қазіргі Дүние жөніндегі түсініктер бойынша Дүние - өзінің ішінде орасан зор потенцияны (мүмкіндікті) сақтайды, соның кішкентай ғана бөлігі кездейсоқтық арқылы іске асады (актуальділікке айналады) потенция-шындықтың толқыны, қай-толқын дүниеге айналады - ол кездейсоқпен байланысты. Толық болмыс тек Құдайда ғана болса, жаратылған дүние болмыстыққа қатысады. Сондықтан болмысқа келген заттардың өзінің мән-мағынасын ашудағы, шындыққа айналдырудағы мүмкіндігі зор - олай болса Фома Аквинскийдің философиясы - оптимистік философия. Өйткені, біз бұл Дүниеге келуіміз де, келмеуіміз де мүмкін еді. Бірақ біз бағасы жоқ қымбатты сыйға - өмірге ие болып көз алдымыздағы болмыстағы таңғажайып құбылыстарға шаттанып караймыз, өзіміздің ішкі мүмкіндіктерімізді табиғи дарындарымызды өмірге өткізуге, іске асыруға тырысамыз.
Адам ақыл-ой иесі болып жаратылғаннан кейін, ол әр заттың ішкі мақсатын, не үшін жаратылғанын біле алады. Сондықтан адамның іс-әрекетінің алдында не істейтінін түсіну жатыр. Жердегі заттар мен адамдар жаратылған Дүниеге жатқаннан кейін (жаратушы біреу ғана, ол - Құдай) олар әр түрлі сатылық деңгейде болады, ал ақыл-ойға келер болсақ, оның әртүрлі құндылықтарының ішінен өзіне керектерін таңдап алуына мүмкіншілігі бар. Ақыл-ойдың осы еріктігінде зұлымдықтың түп-тамыры жатыр, - дейді Фома Аквинский.
Әрине, адам Құдайды, Дүниеде не істеу керектігін, бәрін біледі. Ерікті адам белгілі бір мақсатқа жету үшін өзін-өзі жетектейді. Ол садақшының жіберген оғы, адамдардың ойнайтын әуен құралы емес.
Бірақ, Дүниені түсіну мен соған сәйкес іс-әрекет ету - екі түрлі нәрсе. Адам күнәға батқанда, сол өзіне тән еріктіктің негізінде ақиқаттан алшақтап кетуі, тіпті оны ұмытып кетуі мүмкін.
Фома Аквинский Дүниеде үш түрлі заңдар бар дейді. Олар:

  1. мәңгілік заң (lex aеterna)

  2. табиғи заң (lex naturalіs)

  3. адамдардың қабылдайтын заңдары (lex humana)

  4. Бұлардан оқшау тұрған Құдайдың аяны бар (lex dіvіna).

Мәңгілік заң - ол Құдайдың ойынан шыққан жоспар, жаратылған Дүниедегі заттардың тәртібі, әрбір зат пен құбылыстың ішкі мақсаты (Аристотельдің тілімен айтқанда – энтелехиясы). Бұл заң тек Құдай мен әулиелерге мәлім. Адам да, әрине, саналы пәнде ретінде болмыстың мәнгілік өміріне жартылай қатысты болуы мүмкін.
Табиғи заң - адамның ақыл-ойдың иесі ретіндегі жақсылық пен жамандықты айыруынан шығады. “Жақсылыққа ұмтыл, зұлымдықтан аулақ бол²,- деген қағида - ол табиғаттан шығатын заң. Табиғаттың ең биік құндылығы- ол өмір. Олай болса, адам өз өмірін сақтау керек, - ол табиғи заңға жатады. Табиғи заңға еркек пен әйелдің қосылуы, балаларды тәрбиелеу, басқа адамдармен бірге өмір сүру, өзара адамдардың бір-біріне көмектесуі, істеген нәрселерімен алмасуы- бәрі де табиғи, адамның ақыл-ойынан шығатын нәрселер.
Адамдардың қабылдаған заңдарына келер болсақ, олар қылмысқа, зұлымдықтың қайсыбір түріне қарсы бағытталған заңдар. Олар - адамның ақыл-ойының туындылары. Заңда қандай мақсатқа жетіп, оған жету жолында қандай құралдарды пайдалану керектігі көрсетіледі. Егер Августин заңдардың керектігін адамзаттың алғашқы тектік күнәсінен шығарса, Фома Аквинский оны табиғи қажеттіктен шығарады. Адамдардың шығаратын заңдары табиғи заңдардан өзінің қайнар-көзін бастап, соларға сәйкес келуі керек. Ой арқылы табиғи заңдардан адамдардың құқы құрастырылады. Ал соңғыдан оны нақтылау арқылы азаматтық құқ пайда болады. Мысалы, табиғи заң - өмірдің құндылығы, оны сақтау керектігі. Одан “Өлтірме² деген адам құқы пайда болады. Ал азаматтық құқта нақтылы түрде адам арам пиғылдың негізінде өлтірілді ме, әлде кездейсоқтың жағдайда қаза болды ма, әлде мас адамның іс-әрекетінен өлді ме - зертелу негізінде әртүрлі жағы қолданылады.
Қайсыбір заң залымдық жолына тосқауыл қойып, оны бұзушыларға күш жұмсау, қамау арқылы, қалған адамдардың бейбіт өмірін сақтайды. Сонымен, табиғаты бұзылған адамдар заңның күші арқылы, алғашқы уақытта сырттай оның талаптарына көнеді, жүре келе ол әдетке айналады. Мүмкін, олар соңында ізгі адамдарға айналуы да ғажап емес. Олай болса, қайсыбір заң тек қана қоғамды зұлымдықтан қорғау ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік қызмет атқарады.
Адам - міні көп, кемеліне келмеген пәнде. Заңның керектігі осы іргетасты қағидадан шығады. Адамның барлық кемшіліктерін есептеп оны заң арқылы тежеу мүмкін емес. Ал, бірақ, бүкіл қоғамға, басқа адамдарға кеселін тигізетіндерін заң арқылы тежеу керек. Мысалы, адам өлтіру, ұрлық жасау - ол бүкіл қоғамның өміріне қауып туғызады. Оларға заңдық тосқауыл қойылуы қажет.
Аса көңіл аударатын нәрсе - егер адамдардың шығарған заңы табиғи заңға қайшы келсе, - ол заңдық мәртебесін жояды. Қайсыбір заңның негізінде әділеттік жатуы керек, басқаша жағдайда, біз түгел шарпыған жемқорлыққа келеміз. Мүмкін, бүгінгі кең етек жайып кеткен жемқорлықтың себептерінің ішінде осы да болса керек. Фома Аквинскийдің осы ойлары бізді моральдық, адамгершілік мәселеріне әкеліп тірейді. Заңның моральдық құндылығы табиғи заң мен байланысты. Әділетсіз заң - зорлық-зомбылыққа жеткізеді.
Адам заңы егер Құдай заңына қайшы келсе, одан үзілді-кесілді бас тарту керек. Тиранияға қарсы көтерлісті де ақтау керек, өйткені одан артық зұлымдық қоғамда жоқ.
Фома Аквинскийдің айтуына қарағанда, монархиядан артық билік формасы жоқ - ол тәртіп пен мемлекет бірлігінің кепілі. Ең жаман билік формасы- ол тирания, өйткені, ол - зорлық-зомбылыққа, заңсыздыққа негізделген, қоғамға зұлымдық әкеледі. Бұл билік күшейген сайын оның зұлымдығы да арта түседі.
Мемлекет адамдарды игілік жолына бағыттап, бұзылған адамдарды тәрбиелеп, ізгілікке сілтейді. Адамдардың жасаған заңдары арқылы қоғам өмірінде тәртіп орнап, адамдар бір-бірімен әртүрлі қарым-қатынасқа түседі.
Бірақ, мемлекет адамдардың барлық рухани ұмтылысын мақсаттарын өтей алмайды. Табиғи заңдар да, адамдардың жасаған заңдары да оған жеткіліксіз. Сондықтан, Құдай адамдарды сүйіп, оларға аянмен берілген заңдарды ұсынды (lex dіvіna). Сондықтан, адамның басшылыққа алатын заңдарын әрқашанда Библиядағы заңдармен толықтырып отыруымыз керек,- деп қорытады Фома Аквинский.
Фома Аквинский философия тарихында өзінің ерекше ізін қалдырды. Оның сәулелі ойы, мөлдір логикасы, Құдайға деген шын ниеті, адамды сүюі -осы күнгі заманға дейін үлгі болып, қазіргі адамзат рухани өміріне әсерін тигізуінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет