Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар



бет90/175
Дата19.10.2023
өлшемі2.79 Mb.
#481135
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   175
lektsii po filosofii

Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар:
1. Немiс классикалық философиясындағы көрнектi тұлғаларды есiңiзге түсiрiңiз.
2. И.Кант “сынға дейiнгi² өмiр кезеңiнде қандай гипотеза ұсынды?
3. И.Канттың танымдағы жасаған “коперникандық төңкерiсiнiң² мәнi неде?
4. “Категориялдық императивтiң² негiзгi талабын көрсетiңiз.
5. И.Канттың “диалектикалық антиномияларын² есiңiзге түсiрiңiз.
6. И.Фихтенiң философиясының негiзгi iргетасты қағидаларын атаңыз.
7. Г.Гегельдiң философиялық жүйесi.
8. Диалектиканың негiзгi заңдарын атаңыз.
9. Г.Гегельдiң рух саласындағы 3 сатысы.
10. Философия рухтың қай саласына жатады?
11. Л.Фейербахтың философиясының негiзгi қағидалары.
12. Л.Фейербах дiннiң әлеуметтiк, танымдық, психологиялық түп-тамырлары жөнiнде.
13. Л.Фейербахтың “сүйiспеншiлiк² iлiмi.
Ұсынылатын негізгі оқулық әдебиеттер.
1.Кішібеков, Сыдықов Философия. Алматы 1994 ж.
2.С.К.Мырзалы Философия әлеміне саяхат. Қостанай. 2001 ж.
3.Ақназаров Философия тарихы бойынша дәрістер курсы. А.
4.Әбiшев К. Философия., Алматы, 2002.
5.Антология мировой философии в 4-х томах, т.3., М.,1968
6.Дж. Реале и Д.Антисери. Западная философия от истоков и до наших дней., т.3.,
7.И.Кант. Критика практического разума. М.,1996
8.Абдильдин.Ж. И.Кант. Алма-Ата.,1978
9.Гегель. Феноменология духа.Соч..т.4,ч.1.м.1959
10.Гулыга А. Немецкая классическая философия., М..1986
11..Быховский Э. Людвиг Фейербах.,М.,1972
12..Ф.Энгельс. Л.Фейербах и конец немецкой классической философии. М.,1979
9 тақырып. Маркстiк философия
Маркстiк философиямен, жалпы алғанда, жан-жақты философиялық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси iлiм ретiндегi марксизммен ТМД елдерiнiң халықтарының ХХ ғасырдағы өмiрi мен тағдыры өте тығыз байланысты. Дүниежүзiлiк тарихта алғашқы рет Кеңес Одағында марксизмнiң негiзiнде коммунистiк қоғам орнатуға бағытталған орасан-зор әлеуметтiк батыл да қайғылы эксперимент 70 жылдан артық уақытқа созылды. Сол “жаңа қоғамды² орнату жолында миллиондаған адамдар осы әлеуметтiк эксперименттiң құрбаны болды. Ендi мiне, бүгiнгi өтпелi дәуiрде өмiр сүрiп жатқан адамдар сол заманға әртүрлi баға беруде. Бiреулер Кеңес Одағын кахарлы тоталитаризмнiң дүниеге келуiмен теңеп, ол қоғамды “қайыршылықтың теңдiгi² орнаған қауым деп есептесе, екiншiлер өткен тарихқа өкiне қарап, ондағы адамдық қатынастардың тазалығына, бiлiм беру, денсаулық сақтаудың ақысыз болғанына, жасөспiрiм балалар мен әлсiз қалған кәрiлерге деген мемлекеттiң көмегiне жылы шыраймен қарайды. Жалпы алғанда, бұрынғы Кеңес Одағынан тарихи алшақтаған сайын, оған қайта баға берiлiп, сол қоғамның көп жақсы жақтарын қайта жаңартып, өмiрге еңгiзуiмiз керек деген пiкiрлер бүгiнгi таңда аз емес.
Ал ендi тiкелей өзiмiз оқып отырған философия пәнiне келер болсақ, жақын тарихымызда “маркстiк философия - дүниежүзiлiк 2,5 мың жылғы тарихы бар философияның ең биiк шыңы² деген пiкiрде болғанбыз. Содан кейiн, өтпелi қоғамның шеңберiнде, оған қарама-қарсы, маркстiк философияның жетiстiктерiн жоққа шығаруға бағытталған “уақыттың талабына сай² өзгерiп отыратын адамдардың пiкiрлерi де көптеп пайда болды.
Әңгiменiң шынына келсек, маркстiк философия - адамзаттың рухани iзденiсiнiң көп шыңдарының бiреуi, оны асыра да, кемiте де бағалауға болмайды. әсiресе, оның гуманистiк, рухани жақтары осы уақытқа дейiн миллиондаған адамдардың жүрегiнде ұялаған. Сондықтан, жас дос, сiз бұл iлiмнiң негiзгi қағидаларын зерттеп, оны басқа iлiмдермен салыстырып және бүгiнгi адамзаттың алдында тұрған көп мәселермен байланыстыра өз бағаңызды берерсiз деген ойдамыз.
Маркстiк философияның негiзiн қалаған екi немiс ойшылдары Карл Маркс (1818-1883 ж.ж.) пен Фридрих Энгельс (1820-1895 ж.ж.)
болды. Егер К.Маркстiң әкесi - сол кездегi iрi заңгерлердiң бiрi болса, Ф.Энгельс өзiнiң жеке меншiктегi фабрикасы бар iскердiң жан-ұясында дүниеге келедi. Сондықтан, олардың екеуi де өз заманындағы үлкен жоғарғы оқу орындарда оқып, бiлiм алады. Студенттiк жас кездерiнде олар “жас гегельшiлердiң² қатарында болғанымен, сол кездегi әлеуметтiк-саяси ақуал оларды буржуазиялық либерализмнен гөрi революциалық демократизм жолына қарай итермелейдi. Олардың шынайы революциалық көзқарастарының қалыптасуына, әсiресе, 1848 ж. Батыс Европа елдерiнде өте шиеленген қайшылықтардың негiзiнде пайда болған революциялар өзiнiң зор әсерiн тигiздi. Дәл осы кезде олардың философиялық көзқарастары өзiнiң кемелiне келiп, айрықша жүйе ретiнде қалыптасты. Оның негiзгi өзегi - дүниенi түсiнiп қана қоймай, оны қайта құру, өзгерту қажеттiгi, ал философияға келер болсақ, ол осы мақсатты рухани тұрғыдан негiздеуi қажет. әрине, мұндай мақсат билiк басындағылардың үрейiн туғызды. Осы айтылған себептердiң негiзiнде К.Маркс қуғындауға ұшырап, Лондон қаласында қалған өмiрiн өткiзуге мәжбүр болды. Ф.Энгельс жан жолдасын материалдық жағынан оның өмiрiнiң аяғына дейiн қолдағанмен, К.Маркс кедейлiктiң, аурудың, кейбiр балаларының өлiмiн т.с.с. ауыртпалықтарды басынан өткiзiп, соған қарамастан өмiрiнiң аяғына дейiн өзiнiң ғылыми еңбектерiн жазып, жұмысшылар қозғалысына белсендi қатысып, өз iлiмiнiң жарқын болашағына сендi.
Ендi, әңгiменi нақтылай келiп, маркстiк философиядағы жаңалықтарға келер болсақ, онда қоғамды материалистiк тұрғыдан түсiну қағидасына ең бiрiншi тоқтауға тура келедi. Мұның өзi материализм бағытындағы негiзгi кемшiлiктi - табиғатты материалистiк тұрғыдан түсiнгенмен, қоғам өмiрiне келгенде идеалистiк жолдан шыға алмауын - жойып, дүниеге деген толыққанды материалистiк көзқарасты тудырды. Әңгiменiң мәнi мынада: қоғам өмiрiн талдауда ойшылдар қоғам өмiрiнiң iргетасты ерекшелiгiнiң шеңберiнен шыға алмады - ол адам ойының оның жасайтын iс-әрекетiнiң алдында әрқашанда жүрiп отыруы. Яғни, ең алдымен идеалдық жоспар жасалынады да, содан кейiн ғана ол iске асады. Сондықтан, ойшылдар тарихтың тағдыры корольдер мен ұлы қолбасшылар, ғалымдар мен заңгерлердiң т.с.с. ойлары мен еркiнде деген пiкiрден шыға алмаған болатын. Олар тарихты қалай бұрғысы келсе, солай жасай алады. Олай болса, олардың жүргiзiп отырған саясатына кiм шешушi ықпал жасай алады? Әрине, сұлу бикештер, тарихтың мәселелерi, көбiнесе, мемлекет басшыларының көңiл-күйiне байланысты... Шамасы, осындай көзқарастардың негiзiнде француздардың “cherchez la femme² - әйелдi iздеңдер - деген нақыл сөздерi пайда болса керек. Француз жазушылары Дюмалардың (әкесi мен баласы) “20 жылдан кейiн², “10 жылдан кейiн², “Виконт де Бражелон² т.с.с. романдарында француздардың тарихы осындай көзқарастардың негiзiнде көрсетiлген. Сол заманда өмiр сүрген философ Монтескьенiң өзi де осындай көзқараста болған - оның ойынша, тарихтың дамуы көбiнесе жақсы заңдардың шығарылуымен байланысты. Ал, заңдарды жасайтын адамдардың өзi-ақ емеспе - олар заңгерлердiң рухани шығармашылығының туындысы ғана.
Күнi бүгiнге дейiн қарапайым сананың шеңберiнде бiз осындай көзқарастың әлде де болса өмiр сүрiп жатқанын байқаймыз. “Кеңес Одағы неге құрдымға кеттi?,- деген сұрақты талдағанда, қарапайым адамдар оны Горбачевтiң, ия болмаса, Ельциннiң, Кравчуктың т.с.с. сол кездегi өкiмет басындағы адамдардың iс-әрекеттерiмен байланыстырады. Тiптi кейбiреулер оның себебiн Раиса Максимовнаның (Горбачевтың әйелi) мемлекеттiк саясатқа ықпал еткенiнен көредi. Ақырында, бiз “әйелдi iздеңдерге² тағы да келемiз. Ал, әңгiменiң шынына келсек, Кеңес Одағының өмiрден кетуi - оның заман талабына сай жауап бере алмағанында, өндiргiш күштердiң даму қарқыны төмендеп кетiп, соған байланысты орасан-зор қайшылықтардың пайда болуында т.с.с.
Әрине, маркстiк философия тарихтағы адамдардың сана туындыларының рөлiн шетке шығармайды. Олардың ойынша, “адамдар өз драмаларының авторлары мен актерлерi². Бiрақ, олар мәселенi тереңдете қарайды - сол белгiлi бiр уақытта өмiр сүрiп жатқан қоғамдағы өзектi идеялардың түп-тамыры қайда кетедi? Неге уақыт өткен сайын бiр идеялардың орнына екiншi идеялар келедi? Осы сұрақтарға жауап бере келiп, К.Маркс адамдардың сана-сезiмiнiң өзi олардың өмiр сүру жағдайларымен тығыз байланысты, соларға тәуелдi екенiн ашады. “Болмысты анықтайтын олардың санасы емес, керiсiнше, қоғамдық болмыс олардың санасын анықтайды², - деген тұжырымға келедi. Әрине, қоғам өмiрiнде миллиондаған адамдар өмiр сүредi, олардың әр-бiреуi өзiнiң алдына өмiрлiк мақсаттар қойып, соларды iске асыруға тырысады. Көбiнесе, сол мақсат-мұраттар мен ұмтылыстар бiр-бiрiне қайшы келiп, бiр-бiрiн тежеп теңестiрiп жатады. Сол күштердiң параллелограмы тарихи процестi тудырады. Жалпы алғанда, қоғамның дамуы - табиғи-тарихи процесс, ол өзiнiң белгiлi бiр қажеттi сатыларынан аттап өте алмайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Кеңес Одағының құруының тағы да бiр себебi - Лениннiң әлi капиталистiк сатыға толық жетпеген, соның шеңберiнде дамып кемелiне келмеген қоғамға, сол сатыдан аттап өтiп, социалистiк қоғамды озбырлық жолмен таңуында болса керек. Нәтижесiнде, неше-түрлi трагедиялардан өтiп, бiз социализмнiң дүниеге ерте уақытсыз келген әлсiз бұрмаланған түрiн орнаттық. Оған жету жолында миллиондаған адамдардың өмiрiн құрбан еттiк. Ендi, мiне, “ұлы мәртебелi Тарих² бiздiң жағамыздан ұстап, “сендер қайда кеттiңдер?!² деп, бiздi аттап өткен сатымызға қайта оралтып жатыр.
Бүгiнгi таңдағы қиындықтардың түп-тамыры, мiне, тарихтағы солшыл саясатқа барып тiреледi, оған Маркс кiнәлi емес. Қоғам өмiрiндегi саяси, құқтық, моральдық, дiни т.с.с көзқарастардың рөлi қаншалықты үлкен болғанымен, олардың өзi белгiлi бiр сатыдағы өндiрiс тәсiлiнiң нәтижесi ретiнде қаралуы керек.
Маркстiк философияда гносеологиялық (танымдық) мәселелерге де жаңа сипат берiледi. Бұрынғы материализмге келер болсақ, олар танымды түйсiктер арқылы бейнеленетiн аңлау ретiнде түсiндi - сыртқы дүние бiздiң сезiмдiк мүшелерiмiзге өзiнiң ықпалын тигiзiп, адамның дүниенi қабылдауын туғызады -яғни адам енжар келетiн қабылдаушы ғана, ал белсендiлiк сыртқы дүниедегi заттар мен құбылыстардан шығады. Ал Маркстiң ойлауына қарағанда, қайсыбiр дүниетаным субъект (адам) пен объекттiң (сыртқы дүниедегi танылатын зат) өзара байланысы мен iс-әрекетiнен тұрады. Адамның назарына, iс-әрекетiне түспеген таза объект - ол табиғаттың шикi заты ғана. Ф.Энгельстiң айтуына қарағанда, “жаратылыстану мен философияда осы уақытқа дейiн адамның ойлауына тигiзетiн iс-әрекеттiң ықпалын зерттеудi есепке алмады. Олар, бiр жағынан, табиғатты ғана, екiншi жағынан ойлауды ғана бiлдi. Бiрақ, адамның ойлауының ең жақын да мәндi негiзi тек сол жаңғыз табиғаттың өзiнде ғана емес, сол табиғатты адамның өзгертуiнде - тек сол өзгерiстерге сәйкес адамның ақыл-ойы әрi қарай дамыйды². Тек адамның белсендiлiгi арқылы зат танылып, оның iс-әрекетi арқылы қайта құрылып, оның қажеттiктерiн өтейдi. Сонымен, танымды ескiше аңлау ретiнде түсiну - шынына келгенде барлықта жоқ абстракция ғана. Шынайы өмiрдегi таным - ол затты белсендi түрде субъектiнiң игеруiмен тең.
Маркс танымның негiзгi мәселелерiнiң бiрi - ақиқат жөнiнде де тың ойларды ұсынады. Өмiрден, практикадан сырт қалған ақиқат жөнiндегi даудамалар - бiтпейтiн схоластикалық мәселеге айналады. Ақиқат, яғни ойлаудың шындығы мен күшi шынайы өмiрде өзiн көрсетуi керек. “...философтар тек қана әртүрлi жолдармен дүниенi түсiнуге тырысты, ал шынайы мақсат - оны өзгертудiң керектiгiнде² , - деп қорытады ұлы ойшыл.
Маркстiк философияның келесi ерекшелiгi - осындай толыққанды материалистiк көзқарасты диалектикамен ұштастыруында. Егер, Гегельдiң ойынша, “ай астындағы дүниеде² тек бұрынғы өткен сатыларды қайталау ғана, шынайы даму тек қана рух саласында болса, ал оның өзi абсолюттiк идеяның өзiн-өзi тану жолындағы адамзатты құрал ретiнде пайдалануында болса, Маркс дамудың қайнар көзiн сол материалдық дүниенiң iшкi қайшылығынан көредi - заттың iшкi қайшылығы оны бүгiнгi болмыс шеңберiнен шығарып, басқа затқа айналуына әкелiп соғады. Олай болса, қоғам өмiрiнiң де негiзгi қайшылығы - материалдық өндiрiстегi өндiргiш күштер мен өндiрiс қатынастарының арасында жатыр.
Маркс пен Энгельс өз уақытындағы қоғам өмiрiндегi капиталистiк қатынастардың аса қатiгездiгiн көрдi. Энгельс “Англиядағы жұмысшы табының жағдайы² деген зерттеуiнде қарапайым жұмысшылардың өмiрiнiң асқан қиыншылықтарын ашық та айқын көрсетiп, сол кездегi қоғамдық пiкiрге зор әсерiн тигiздi. Олардың ойынша, мұндай жағдай iшкi терең қайшылықтардың негiзiнде өзгеруге тиiс. Егер Гегель қоғамдағы диалектикалық өзгерiстiң бәрiн ұлттық iс-қимылдан көрсе, Маркс оны әлеуметтiк таптан көредi. Х1Х ғасырдағы көп ойшылдар сияқты олар қоғамның прогрессивтiк өрлеуiне кәмiл сенедi - ал ол жарқын болашаққа жеткiзетiн негiзгi күш - пролетариат, жұмысшы табы. Өйткенi, олар қоғамға керек негiзгi материалдық қажеттiктердi өндiредi, сандық жағынан алып қарағанда әлеуметтiк топтардың ең көлемдiсi, сонымен қатар, олар жеке меншiктiң шырмауына байланбаған әлеуметтiк әдiлеттiлiктi жақтайтын таза тап. Егер мыңдаған жылдар бойы созылған цивилизацияның қозғаушы күшiн ойшылдар шығармашылық аз топ - ой еңбегiмен айналысатын интеллигенциядан көрсе, Маркстiң жоғарыда келтiрiлген пiкiрi өзiнiң кенеттiгiмен сол кездегi қоғамды дүр сiлкiндiрдi. Жаңбырдан кейiнгi саңырауқұлақтар сияқты, көптеген жұмысшылар қозғалысы пайда бола бастады. Бiрақ, осы кезде өмiр сүрген революцияшыл орыс ойшылы М.А.Бакунин Маркстiң идеяларына қарсы шығып, олар өмiрге енсе, онда дүниеге қандыбалақ тоталитаризмнiң келетiнiн болжаған болатын. Тарих соңғы болжамның растығын дәлелдедi.
Бұл оқулық құралда бiз марксизмнiң әлеуметтiк-саяси көзқарастарына, социализм және коммунизм мәселелерiне толығынан тоқталып, талдамаймыз. Алайда, айтып кететiн бiр нәрсе - ол қазiргi дамыған елдердiң көбiндегi әлеуметтiлiктiң жыл өткен сайын алатын орнының өсуiнде. Ал социализм ұғымының ең жалпы алғандағы мағнасы - әлеуметтiлiк. Дамыған елдерде жұмыссыздықты жоюға, ақысыз бiлiм беруге, ден-саулықты сақтауға, мүгедектерге көмектесуге т.с.с. арнаулы әлеуметтiк бағдарламалар жасалып, iске қосылуда. Ал бұлардың өзi Маркстiң жасаған болжамын дәлелдегендей. Бiрақ олар таптық күрес, революцияның, озбырлықтың, қантөгiстiң негiзiнде емес, сол қоғамның iштей эволюциялық жолмен бiрте-бiрте өзгеруi арқылы iске асып отыр.
Ал, коммунизм идеясына келер болсақ, онда оны сынға алуға тура келедi, өйткенi, ол жер бетiнде жұмақ орнатқанмен тең. Жалпы алғанда, бұл идеяны Батыс Еуропалық 2 мың жылға созылған ой толғауының логикалық түрдегi соңғы нүктесi деп айтуға әбден болады. Сонау көне Грек дәуiрiнен бастап Протагордың айтқан “адам - барлық нәрсенiң өлшемi² деген идеясы ғасырлар бойы дамып, ақырында коммунизм идеясын тудырған болатын. Маркс утопистердiң көзқарастарын сынағанмен, өзiнiң ғылыми жұмыстарында одан толығынан арыла алмады. “әрбiр адамнан - қабiлетiне қарай, әрбiр адамға - қажеттiгiне қарай² деген принциптiң өзiнде утопиялық қиял жатқан жоқпа?! Егер барлық адамдардың қажеттiктерi толығынан өтелсе, онда қоғам сол сәтте iрiп-шiри бастар едi, өйткенi тек толығынан өтелмеген қажеттiктер адамдардың соларды өтеуге бағытталған шығармашылық iс-әрекеттерiн тудырады, ал өтелген қажеттiктер сол сәтте жаңа бұрынғыдан да биiк қажеттiктердi тудырады...
Маркс Фейербахтың “адам-толығынан биологиялық-табиғи туынды² деген пiкiрiн қатты сынға алғанмен, оған қарама-қарсы бiржақты “әлеуметтiлiк² тұжырымға өтiп кеткенiн аңғара алмай қалған болатын. Сол себептi, Маркстiң ойынша, болашақ коммунистiк қоғамда жаңарған әлеуметтiк ақуалға сай “жаңа адам² дүниеге келiп, қылмыстық, озбырлық, дүниеге қызығушылық т.с.с. адамдардың кемшiлiктерi толығынан жойылып, құқтық мекемелер, тiптi мемлекеттiң өзi керек болмай қалады деген ойларын да қиялға жатқызуымызға әбден болады. Жаңада ғана дүниеден өткен Кеңес қоғамында қаншалықты “жаңа адамды² тудыруға бағытталған сан-алуан тәрбие жұмыстары жүргiзiлсе де, бiз бүгiнгi таңда оның бәрiнiң сәтсiздiкке ұшырағанын көрiп отырмыз. Адам - биологиялық, я болмаса - әлеуметтiк пәнде емес, ол - био-әлеуметтiк, тек осы жолда ғана оны терең түсiнуге болады.
Әрине, Маркс пен Энгельс - өз заманының тұлғалары. Маркстiң өзi уақытында “ешқандай адами нәрсе маған жат емес² деп айтқан болатын. Мiне, осы тұрғыдан бағалай келе, бiз олардың ғылыми жетiстiктерi мен адасуларын таразыға сала келе, оларды өз заманының ғажап ұлы тұлғаларына жатқызуымызға әбден болады. Маркстiк философиямен Батыс Еуропа топырағында пайда болған ақыл-ойға негiзделген (рационалдық) философияға қанағаттанбаушылық, оның орнына неше-түрлi бейклассикалық ой-пiкiрлердi дүниеге әкеледi. Ендi соларды талдауға көшейiк.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет