Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары


тұрады. Атом құрылысы күн жүйесіне ұқсас: ядро күн тәрізді атомның қақ ортасында



Pdf көрінісі
бет10/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71
лекции химия

тұрады. Атом құрылысы күн жүйесіне ұқсас: ядро күн тәрізді атомның қақ ортасында 
орналасқан, өте аз көлемді алады. Атомның массасы ядроның массасына тең.
Электрондар планеталар тәрізді ядродан алшақта айналып жүреді.” 
1920 ж Резерфордтың шәкірті Чэдвик 

-бөлшектердің траекториясының әртүрлі 
элементтердің ядроларымен соқтығысуы нәтижесінде өзгеруін зерттеу арқылы ядроның 
заряды элементтің периодтық жүйедегі реттік номеріне тең екендігін анықтады. Ядроның 
заряды протондардың санымен және элементтің реттік номерімен мынадай байланыста: 
ядро заряды

протондар саны

элементтің реттік номері 
Ядро оң зарядталған протондардан және нейтрал бөлшек – нейтрондардан тұрады. 
Протонның массасы нейтронның массасына тең: 
m (протон) = m (нейтрон) 
Ядродағы протондар мен нейтрондардың массаларының қосындысы элемент 
атомының массасына тең: 
m (атом)

m (ядро)


m (протондар + нейтрондар) 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
Атомның массасына электрондар үлес қоспайды, себебі электронның массасы өте аз 
шама: 
m (электрон) = 
1836
1
m (протон); m (электрон) = 
1836
1
m (нейтрон) 
Атом электронейтрал бөлшек, себебі - ядро заряды электрондар санына тең: 
протондар = ядро = электрондар = элементтің реттік
саны заряды саны номері 
  
Атом құрылысының кванттық теориясының негіздері. Атомның орбитальдық 
моделін Дания ғалымы Нильс Бор 1913 ж ұсынды. Бор Резерфордтың планетарлық 
моделіне, Эйнштейннің жарық кванттары жөніндегі іліміне (1905), Планктың сәулеленудің
кванттық теориясына (1900) сүйенді. Планктың теориясы бойынша заттар электромагниттік 
сәуле энергиясын жеке порциялар – кванттар түрінде сіңіреді немесе бөледі. Бор өзінің 
теориясын постулаттар күйінде түйіндеді: 
1. Электрон ядроны белгілі бір шеңберлі тұрақты (стационар) орбита арқылы ғана 
қозғала алады.
2. Электрон стационар орбита бойынша қозғалғанда энергия бөлінбейді.
3. Электрон стационар орбитадан басқа орбитаға өткенде энергия сіңіріледі.
4. Электрон басқа орбитадан стационар орбитаға қайта келгенде энергия бөлінеді. 
Электрон стационар орбитада болғанда атом қалыпты жағдайда болады. Қалыпты 
жағдайда атом өте ұзақ бола алады. Электрон басқа орбитаға көшкенде атом активтелген 
(қозған) жағдайға көшеді. Активтелген жағдайда атом ұзақ уақыт бола алмайды. Атомның 
активтелген жағдайда өмір сүру уақыты 10
-5
с шамасынан аспайды.
1924 ж француз ғалымы Луи де Броиль толқындық-корпускалалық қасиет тек жарық 
фотондарына ғана емес барлық микробөлшектерге тән деген идеяны ұсынды. Де Броиль 
бойынша микробөлшектердің қозғалуын толқындық процесс деп қарастыру керек. Көптеген 
ғалымдардың (Шреденгер, Гейзенберг) ғылыми ізденістері бұл гипотезаның дұрыстығын 
дәлелдеп электронның толқындық және бөлшектік қасиеттерге ие екендігін көрсетті. Бұл 
ұлы ғалымдардың ғылыми ізденістері атом құрылысының кванттық теориясын онан әрі 
дамытты. Атомда электрондар энергетикалық деңгейлерге орналасады, әрбір деңгейлер 
деңгейшелерге бөлінеді, ал әрбір деңгейшелерде орбитальдар (ұяшықтар) болатындығы 
жөнінде көзқарас қалыптасты. Электрондардың қозғалу орбитасы шеңберлі емес эллипсті
деген тұжырым жасалды.
Атом құрамындағы электронның жағдайын сипаттау үшін төрт кванттық сан 
ұсынылды: басты квант саны (n), орбиталь квант саны (l), магнит квант саны (m
l
) және спин 
квант саны (m
s
). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет