Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары



Pdf көрінісі
бет45/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71
лекции химия

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
болды. Олар өз зерттеулерін екі бағытта жүргізді: жаңа органик. заттар синтездеу және 
Қазақстан өсімдіктерінің хим. құрамын зерттеу. Зерттеулердің мақсаты синтез жолымен 
және өсімдіктер дүниесі негізінде дәрілік, биол. белсенді заттар алу. Қазақстанның органик 
ғалымдары гетероциклді және ацетилен қосылыстары негізінде нәзік органик. синтезді 
жүзеге асырып, дәрілік препараттар “Рихлокаин”, “Алмакаин”, “Цефедрин”, “Пирикаин”, 
“Просидол”, өсімдік тектес препараттар “Алхидин”, “Рамон”, “Сүттіген”, т.б. синтездеп, 
өндіріске енгізді. О. х. басқа пәндермен (биохимия, агрохимия, медицина, т.б.) тығыз 
байланысты. Ол тірі организмдердегі биохим. процестерді анықтап, көптеген ауруларды 
емдеудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді. О. х-ның жетістіктері қазіргі кездегі 
өндірісте (өсімдік өсуін реттеуіштер, бояу, жасанды каучук, жанармай өндіру) кеңінен 
қолданылады. 
 
Химиялық құрылыс теориясы
 
XIX ғасырдың бірінші жартысында қарқындап дамып келе жатқан өнеркәсіпке қажет 
көптеген органикалық заттар (әр түрлі бояулар, дәрі-дәрмек, жарылғыш заттар, т.б.) алынып, 
зерттеле бастады. Сондықтан жинақталған тәжірибелікматериалдарды жүйелеп түсіндіретін 
ілім қажет болды. Сол кезде көптеген мәселелер түсініксіз болды. Мысалы, "Екі ғана элемент 
— көміртек пен сутектен тұратын қосылыстардың саны неге өте көп (СН
4
, С
2
Н
2
, С
2
Н
4
, С
2
Н
6

С
6
Н
6
және т.б.)?", "Бұл қосылыстардағы көміртек атомдарының валенттіктерін қалай 
түсіндіруге болады?", "Құрамдары (формулалары) бірдей кейбір заттар (С
6
Н
12
О
6
— глюкоза 
мен фруктоза, С
2
Н
6
О — этил спирті мен диметил эфирі) неліктен әр түрлі қасиет көрсетеді?" 
деген сияқты сансыз көп сұрақтар туды. 
Неміс ғалымдары А. Кекуле мен А. Кольбенің зерттеулері нәтижесінде (1857 жылдары) 
көміртек атомының валенттіктері төртке тең екені және басқа көміртек атомдарымен тізбек 
түзе байланыса алатындығы белгілі болды. Сол кезден бастап көміртек атомы оның 
валенттіктерін бейнелейтін төрт сызықша арқылы байланысқан "С" таңбасы арқылы 
белгіленді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет