Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Ауруханадан тыс дамыған пневмония



бет10/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

1.Ауруханадан тыс дамыған пневмония


Бұлардың ішінде ең жиі кездесетін түрі пневмококтік пневмониялар. Ауру екі клиникалық түрде байқалады: крупты және ошақты.

1.1Крупты пневмония - деп өкпенің барлық бөлігінің немесе сегменттерінің қабынуын айтады.


Этиологиясы:
1. Пневмококк қоздырғыштары, гемофильді таяқша, микоплазма, бактериялық флоралар,көгілдір іріңді таяқшалар, стрептококктар, стафилакокктар.
2.Тұмау вируысы, аденовирустар, цитомегаловирустар.
3.Клиаттық өзгерістар(ауа райының салқындауы.
4. Кәсіби зияндықтар(химиялық, физикалық)
Морфогенезі мен патологиялық анатомиясы. Жүз жылдан астам мерзімде қалыптасқан ұғым бойынша, крупты пневмония өзінің даму барысында төрт кезеңнен өтеді: 1) қан толу кезеңі; 2) қызыл бауырлану (опеченение); 3) боз бауырлану және 4) аяқталу кезеңдері. Бұл төрт кезең 9—10 тәулікті қамтиды.
Қан толу кезеңінің мерзімі бір тәулік қана. Өкпенің бөлігіне күрт қан толып, ісінеді. Оған жиналған сұйықтықта бактериялар өте көп болады. Капиллярлардың өткізгіштігі артып, альвеолаларға диапедездік жолмен эритроциттер шығады. Кан кернеп, өкпе қатаяды.
Қызыл бауырлану кезеңі аурудың 2-ші тәулігіне сєйкес келеді. Толыққанды, әрі микробтардың әсерінен ісінген альвеолаларға диапедездік жолмен эритроциттер жиналады. Эритроциттерге араласқан нейтрофилдердің арасына фибрин жиналады. Альвеолалардағы экссудатқа араласқан пневмокококтарды нейтрофилдер сіңіреді (фагоцитоз). Аралық тканьдегі лимфалық тамырларға лимфа жиналып, кеңейеді. Өкпенің ткані бауырға ұқсап, қоңыр-қызыл реңденіп, қатаяды. Сондықтан аурудың бұл кезеңі өкпенің қызыл бауырлануы деп аталады. Өкпенің зақымдалған бөлігіндегі лимфаны єкететін түйіндерді де қан кернеп, олар да ұлғаяды.
Сұр бауырлану кезеңі 4—6-шы тәулікті қамтиды. Альвеолаларға фибрин мен нейтрофилдер жиналады. Нейтрофилдер мен макрофагтар ыдыраған пневмококтарды сіңіреді. Кей жерлерден фибрин талшықтарының бір альвеоладан екіншісіне альвеолааралық поралар арқылы өтетінін аңғаруға болады. Эритроцитердің гемолизі кеміп, толыққандылық бәсеңдейді. Электронды микроскоппен фибринге жанасқан нейтрофилдердің лизосомалары жанданып, фибринді ерітетіні және лейкоциттердегі лизосомалардың азайғаны байқалады. Сөйтіп, бұл кезеңде нейтрофилдердің фибринді ерітетін әсері басталады да, кейін бұл процесс үдей түседі. Боз бауырлану кезеңінде өкпенің зақымдалған бөлігі ұлғайып, қатаяды, оның салмағы өсіп, сірі қабығында фибрин қабыршықтары пайда болады. Өкпенің боз түсті, ұсақ түйіршікті кесінідісінің бетінен лайсаңдау сұйықтық сорғалайды. Аралық тканьдегі лимфалық тамырларға ыдыраған лейкоциттер жиналып, фибрин жіпшелері араласады. Өкпенің түбіріндегі лимфалық түйіндерден жедел ағымды қабынудың гистологиялық бейнесі байқалады; олар ұлғайып, реңі ақшыл қызғылт түсті болады.
Аяқталу кезеңіне тән өзгерістер аурудың 9—11 тәуліктерінде өрістейді. Нейтрофилдер мен макрофагтардағы протеолиздік ферменттер фибринді экссудатты ыдыратып, таратады. Экссудат лимфалық дренаждар арқылы және қақырықпен шығарылып, өкпе біртіндеп фибрин мен пневмококтардан тазарады.
Сірі қабықтағы фибринді қабыршықтар да ыдырап, тарайды. Дененің қызуы басылып, қалтыраудың клиникалық белгісі жойылғаннан кейін де, аяқталу кезеңі бірнеше күнге созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет