Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет7/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Перкуссияда: Өкпеден қораптық дыбыс естіледі. Өкпенің төменгі шекаралары төмендеп, ал өкпе қырларының жылжымалылығы шектеледі.
Аускультацияда: салыстырмалы түрде өкпені тыңдағанда, әлсіз везикулярлы тыныс, әр түрлі калибрлі ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі.
Асқынуы: ұстама ұзаққа созылып, басылмаған жағдайда аурудың асқынуы "астматикалық статус" дамиды. Бұл жағдайда алғашқы көмек шұғыл жағдайда дұрыс көрсетілмесе науқастар комаға ұшырап қайтыс болады. Сонымен қатар, бронхиалды демікпемен ұзақ уақыт ауыратын науқастарда, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, өкпе текті жүрек, жүрек жеткіліксіздігі сияқты асқынулар дамуы мүмкін.
"Асматикалық статус"- тұншығу ұстамасы бірнеше сағатқа немесе бірнеше күндерге созылуының нітижесінде дамитын асқыну. Астматикалық статус 3 сатыдан тұрады:
I сатысында - аздаған әлсіздік, ентігу, көгеру(цианоз) байқалады. аускультацияда, әлсіз везикулярлы тыныс, құрғақ сырылдар естіледі. Жүректің жиі соғуы(тахикардия) байқалады. АҚҚ өзгермейді. Қақырық бөлінуі қиындайды.
II сатысында- бұл сатыны мылқау өкпе сатысы деп те, атайды. Бұл сатыда бронхтар шырышты қақырықтармен бітеліп, өкпеде сырылдар азаяды. Науқастың есі анық, қозғыш болады. Науқасты экспираторлы ентігу мазалайды. Қарап тексергенде, тыныс алу актісіне қосымша бұлшық еттер қатысады. Мойын веналары ісініп, диффузды цианоз байқалады. Аускультацияда тыныс естілмей қалады( мылқау өкпе). Науқастың жағдайы ауырлайды, АҚҚ тұрақсыз болады, бірде көтеріліп, бірде төмендеп отырады.
III сатысында- науқастын тынысы беткей және әлсіз болады. Тұншығу күшейіп, тахикардия, жүрек ырғағы бұзылып, науқас есін біртіндеп жоғалта бастайды. Тыныс алу орталығының салдануынан, науқас қайтыс болады.
Диагностикасы:
Негізгі лабораторлы диагностикалық зерттеулері:

  • Жалпы қан анализі- лейкоцитоз,лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы,эозинофилия тән.

  • Жалпы зәр анализінде қатты өзгерістер байқалмайды

  • Жалпы қақырық анализінде - Крушман спиралдары, Шарко- Лейден кристалдары анықталады. Сонымен қатар, эозинофильдер көп мөлшерде кездеседі.

  • Аллерготесттер- қанды тағамдарға, тәттілерге, жастық жүндеріне тексеруге алады.

Инструменталды зерттеулеріне:

  • Сыртқы тыныс алу функциясын анықтау үшін, спирография(пикфлоуметрия) зерттеулерімен тексереді. Ол тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының төмендеуін анықтау үшін қолданылады.Пикфлоуметрді пайдалану кезінде, демікпе жайлы ойлауға болады, егер: ТШШЖ тез әсер ететін агонистер жұтқаннан соң, 15-20 минуттан кейін 15%-дан аса жоғарласа немесе бронходилятаторлар қабылдайтын науқастарда кешке өлшенген ТШШЖ мәнінен 20% және бронходилятатор қабылдамайтын науқастарда 10%-ға ерекшеленсенемесе ТШШЖ үздіксіз жүгірген науқастарда 15%-ға төмендесе бронхилды демікпенің дамығандығы анықталады.

  • Кеуде клеткасының рентгенографиясы

Ал, қосымша тексерулерге:

  • Пульмонолог кеңесі

  • Стоматолог, оториноларинголог кеңестері

  • тері сынамалары

  • қақырық цитологиясы

  • микробтардың антибиотикке сезімтелдығын талдау жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет