Клиникалық көрінісі: ауру күрт басталады, науқас өзінің сырқатын нақты қай уақыттан басталғанын айтып, сырқаттың мерзімі анықталынады. Дене қызуы 39 – 400 С дейін көтеріліп, науқас қатты дірілдеп, қалшылдайды. Кеудесі ауырсынып жөтелгенде және қатты дем алғанда ауырсыну күшейе түседі. Бұл сырқатта ентігу тез басталады, дем алу жиілігі 30 - 40 дейін барады. Сырқаттың бастапқы кезеңіңде жөтел құрғақ болып келеді. Ал 1-3 күннен кейін қақырық бөлініп шығады. Сырқаттың бастапқы кезеңіңде қақырықтың құрамы қан аралас болып келеді. («тотты қақырық»). Бұл сырқаттың қызыл бауырлану кезеңіңде байқалатын көрініс. Содан соң қақырық шырышты түріне ауысады. Бұл сырқаттың сұр бауырлану кезеңі. Сырқаттың қабынған өкпе жағындағы бетінің ұшы қызарып, науқастың ауыз маңайының ұшына ұшық шығады. Науқастың дем алуы жиіленіп, кеудесінің зақымданған жағы өкпе бөлігінің сау жағынан тыныс алғанда қалыптан тыс кеміп отырады. Осының салдарынан өкпенің қозғалыс белсенділігінің кемуі байқалады. Тықылдатқанда қысқарған дыбыс естіледі. Науқасты тыңдағанда әлсіз везикулярлық дем байқалып, дымқыл сырылдар естіледі, бастапқы кезінде сықылдау айқындалынады (демді ішке жұтқанда). Егер үрдіс өкпе қапқа(плевраға) жайылса, плевра аралығының үйкеліс шуылы естіледі. Орталық жүйке жүйесі бұзылғандықтан уыттану белгілері дамиды: бастың ауруы, қозу, тамаққа тәбетінің төмендеуі, үлкен дәретінің кідіріп қалуы. Кейде ас қорыту ағзаларының уыттанулық зақымдануынан терісі сарғыш болуы мүмкін. Бұл жағдайларда науқас сандырақтайды. Науқас ыңғайлы жағдай іздейді, кеуденің ауырған жағына жатады. Рентген тексерісін жүргізгенде өкпенің қарайып тұрғаны білінеді (бір бөлігінің немесе сегментінің). Кейіннен айығу кезеңінде сырылдар азайып, везикулярлық демге айналады. Уыттану белгілері азаяды, науқастың жағдайы жақсарады.
Асқынулары: іріңді плеврит, өкпе абсцессі, перикардит, миокардит,менингит,нефрит.
Диагностикасы:
ЖҚА- лейкоцитоз-15-30мыңға дейін көбейеді, эритроциттердің тұну жылдамдығы-50-60мм\сағ жоғарылайды.
БХА -С-реактивті белок, сиал қышқылы, гаммаглобулиндер жоғарылайды.
Қақырық анализінде - белок, эритроциттер, лейкоциттер көбейеді.
Рентгенологиялық зерттеуде - ауру процессінің дәрежесіне қарай өзгереді.Бастапқыда өкпе суреті күшейеді, қабыну процессі жайылғаннан кейін 1-2 күн өткенсон өкпенің бір бөлігі толық қараяды.
Емі:
Төсек режимі және күтім
Жедел сатысында көп мөлшерде 2-3литр сұйықтық беру
Бөлмені желдетіп тұру
Антибактериалды терапия: аминопенициллиндер(ампициллин) 0,5-1гр 6 сағ сайын, эриторомицин 500мг күніне 6 сағ сайын, цефалоспориндердің 2-3 ұрпағын.
Ауыр жағдайларды дезинтоксикациялық терапия жүргізіледі.
Қан қысымы төмендесе, кордиамин беруге болады тері астына, оксигенотерапия
Физиоемдеу-УФО,УВЧ,электрофорез, антибиотиктермен ингаляция жасау
Коллапс дамыған жағдайда- тері асына кордиамин, мезатон немесе кофеин енгізу, адреналин 0,1%-0,5мл тері астына, гормондар(преднизолон), көк тамырңа реополиглюкин- норадреналин тағайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |