Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Іштің жоғарғы бөлігіндегі



бет118/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Іштің жоғарғы бөлігіндегі белдеуленген ауырсыну

Жедел панкретиттің диагностикасында дененің әртүрлі сұйықтықтарында ұйқы безі ферменттерінің белсенділігі (активность) маңызды роль атқарады. Әсіресе жиі болатын қандағы амилазаның жоғарлауы (90%), сирек зәр амилазасы (75%) болады. Бірақта безде некроз болғанда амилазаның мөлшері әдеттегі қалпына дейін төмендейді.
Амилазаның Каралея әдісі бойынша нормасы:

  • қанда 3,3-8,9 мг/сек/л.

  • Зәрде - 44мг/сек/л.-ға дейін

Диференциальді диагностикасы


  • Іш қуысының аурулары (перфоративті жара, жедел холецистит, жедел ішек өтімсіздігі, жедел аппендицит)

  • Іш астар арты аурулары (бүйрек патологиясы, паранефрит, флегмона)

  • Кеуде клеткасының аурулары (миокард инфарктісі, плеврит, пневмония)

  • Инфекциялық аурулар – іш сүзегі

  • Қан аурулары – Шенлейн-Генох ауруы.

Емі:


  • Ауырсыну синдромын жою, ұйқы безі өзегі және өт жолдары гипертензиясын жою: к/т-ға глюкоза-новокаин қоспасын жіберу, новокаин блокадасы, спазмолитиктер енгізу;

  • Функциональдық тыныштық және ұйқы безінің секреторлы-ферментті белсенділігін тежеу (аштық, жергілікті гипотермия, антацидті заттар, Н2-рецепторларының блокаторлары (циметидин 1таб х3рет немесе 2мл х 4рет к/т), протез ингибиторлары (контрикал 100-200 мг/тәулігіне №7-10 күн), цитостатиктер (5-фторурацил 5% 5мл күн ара №3 рет.

  • Панкреатикалық ферменттерді инактивациялау: протеаз ингибиторлары (контрикал, цалол, гордокс т.б.) тәуліктік дозасын жіберу.

  • Су-электролиттік және сілтілі-қышқылды тепе-теңдіктің бұзылысытарын жою, белок және заталмасу процесін түзету: натрий гидрокарбонаты, плазма, альбумин және т.б.

  • Интро және экстракорпаральді детоксикация: диурезді жылдамдату, лапороскопиялы перитональді диализ, плазмоферез.

  • Аурудың іріңді асқынуларының алдын алу:

  • кең спекторлі антибиотиктерді қолдану (цефалоспориндер, макролиттер пенициллин қатырының преператтары және т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет