Ұйқы безін қанмен қамтамасыз ететін тамырлар:
А Gastroduodenalis, a. Hepatica communis
А.Pancreatoduodenalis inferior, a. mesenterica superior
A. Lienalis – көбінесе бездің денесімен құйрық жағын қамтамасыз етеді
Панкреатикалық шырынның құрамы:
Амилаза – активті жағдайда бөлінеді, көмірсуларды ыдыратады, крахмальды гидролиздейді және оны мальтозаға айналдырады.
Липаза – жартылай активті түрде шығады, оны активтендіретін өт қышқылдары мен кальций тұздары – майларды және май қышқылдарын, глицеринді қорытады.
Протеаза – белоктарды аминқышқылдарына дейін ыдырататын фермент. Және протеолизге қатысатын ферменттер –трипсиноген, карбопептидаза, коллагеназа, дезнуклеаза т.б.
Жедел панкреатиттің этиологиясы әр түрлі себептерден болуы мүмкін:
Өт қабы және өт шығару жолдарының аурулары: Холецистит, өт тас ауруы, холедохтың қабынуы, т.б.
Асқазан және ұлтабар аурулары: Созылмалы гастрит, ойық жара аурулары т.б.
Алкогольдың жедел панкреатитке әкелусебебі. Этанол асқазанға барғаннан кейін оның секрециясын көбейтеді және ұлтабардың секретин деген ферментінің көбеюіне әсер етеді, ал секретин ұйқы безінің панкреатикалық сөлін көп шығуына мәжбүр етеді.
Артық ішкен тағам және заталмасудың бұзылуы: И.П.Павловтың жұмыстарымен дәлелденген - әсіресе ащы, майлы тағам ішкеннен панкреатикалық сөл көп бөлінеді. Кейбір адамдарда май алмасуының бұзылуынан қан тамырында патологиялық өзгерістер (атеросклероз) және қан тамырының қысымының жоғарлауы, іш қуысы ағзаларында қанның көбеюі ұйқы безінің қан айналысын және паренхимасын бұзады
Ұйқы безіндегі қан айналысының бұзылуы
Аллергиялық реакциялар әсерінен
Жарақаттардан соң: nVIII. Жүктілік және босанғаннан кейінгі уақыт: Жатырдың ұлғайғандығынан іш қуысындағы қысым жоғарлайды, соның салдарынан өт және ұйқы безінің өзектері қысылып панкреатикалық сөлдің ұлтабарға құюлуы бұзылады және гормональді өзгерістер салдарынан.
Достарыңызбен бөлісу: |