Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет166/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Диагностикасы
Аурудың клиникалық көрінісі және қан плазмасында глюкозаның көбею деңгейі тәуліктің кез-келген уақытында 11,1 ммоль/л болса қант диабетін диагностикалауға мүмкіндік береді. 1999ж ДЖДСҰ эксперттерімен ұсынылған қант диабетінің диагностикасы.
Ашқарынға глюкоза - 8-14 сағаттық түнгі ашығудан кейінгі қан плазмасындағы глюкоза мөлшері.
Кездейсоқ глюкозаны анықтау - соңғы асты қабылдағанды есептемей тәуліктің кез келген уақытында қан плазмасындағы глюкоза мөлшері.
Эпидемиологиялық немесе скринингілік мақсатта аш қарында немесе ГТТ тан 2 сағаттан кейін қандағы глюкоза мөлшерін бір реттік өлшеу жеткілікті.
Қант диабеті компенсациялық дәрежесін бағалауға міндетті түрде қажетті лабораториялық зерттеулер:

  • 3 айдағы көмірсу алмасуының жағдайын бағалау үшін гликозирленген гемоглобинді анықтау

  • аш қарында және тамақ ішкеннен 2 сағаттан соң қан плазмасынан глюкоза концентрациясын анықтау

  • қан мен зәрдің жалпы клиникалық анализі (көрсеткіштер бойынша)

  • тәуліктік зәрдегі кетон денелері және глюкоза деңгейі

  • биохимиялық зерттеу, соның ішінде билирубин, холестерин, Х-ТТЛП, Х-ТЖЛП, үшглицерид , жалпы ақуыз, кетон денелері, АЛТ, АСТ, К, Са, Р, NA, мочевина және креатининді анықтау.

  • микроальбуминурияны анықтау (Реберг сынамасы немесе зәр анализін Нечипоренко көрсеткіштері бойынша, шумақшалы фильтрация мөлшері)

Күрделі жағдайларда диагнозды қою үшін иммунологиялық және генетикалық қант диабетінің 1 типі мен С-пептидті маркерлердің құрамын анықтайды.
Міндетті инструменталды зерттеулер:

Дифференциалды диагностика
Қант диабетін 1ші және 2ші типтерінің ортақ клиникалық көріністері және сонымен бірге елеулі айырмашылықтары бар.
Қант диабетінің 1ші және 2ші типтерінің басты дифференциалды диагностикалық көріністері.

Белгілері

ҚД 1тип

ҚД 2тип

Тұқымқуалауға бейімдік

Тән емес

Тән

Дене салмағы

Жиі төмен

Үнемі жоғары

Аурудың басталу белгісі

Әдетте симптомың тез дамуы

Әдетте симптомың баяу дамуы

Ауру манифестациясы кезіндегі науқас жасы

Үнемі балалық шақта немесе 15-24 жаста

Үнемі 40жас

Симптоматика

Айқын көрініс

Айқын емес көріну

Инсулин көлемі/қандағы С пептид

Төмен/болмайды

Бастапқыда жоғары

В клеткасының антигеніне қарсы аутоантидене

Анықталады

Анықталмайды

Кетоацидоз қауіпі

Жоғары

Төмен

Инсулинрезистенттілігі

Жоқ

Бар

Пероральды қант төмендететін препараттармен терапияға жауап

Анықталмайды

Жиі кездеседі

Инсулинге қажеттілік

Өмір бойы

Бастапқыда анықталмайды, кейіннен дамиды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет