Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Госпитализацияға көрсеткіштер



бет167/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Госпитализацияға көрсеткіштер

  • Қант диабетінің дебюті (инсулинді терапияны тағайындауға және науқасты қан плазмасындағы глюкоза деңгейін бақылауға, тамақтануға үйрету)

  • Диабетикалық кетоацидоз

  • Прекома және кома (кетоацидоздық және гипогликемиялық)

  • Тамырлық асқынулардың өршуі

  • Ургентті жағдай (инфекциялар, интоксикациялар, оперативті кірісулер)

Емі:
Мақсаты: өмірді сақтау, ауру симптомдарын жою, жедел және созылмалы асқынулардың профилактикасы, өлімді төмендету, қосалқы ауруларын емдеу және өмір сапасын жақсарту.
Қант диабетінің I және II типі кезіндегі терапевтік есептер.


Қант диабеті I типінің кешенді еміне кіреді:

  • Инсулинотерапия

  • Диета

  • Шектелген физикалық жүктеме

  • Науқасты үйрету, плазма глюкозасын өзіндік бақылау

  • Кеш асқынуларының алдын алу және емдеу

Қант диабетінің I типіндемедикаментозды емес емнің түрін монотерапия ретінде қолданбайды. Бірақ инсулинотерапиямен қоса арнайы диета және физикалық жүктемелер режимін сақтау керек.
Инсулинотерапия. Бұл инсулиннің абсолютті жеткіліксіздік жағдайында қант диабетінің I типінің емінің жалғыз әдісі. Ресейде тек гендік-инженерлік инсулин және адам инсулинінің аналогы қолданылады.
Рационалды тамақтану. Мақсаты: дене массасын қалыпқа келтіру және қан плазмасында глюкозаның қалыпты деңгейін сақтап тұру. Оған тағамның калориясын төмендету, рафинирленгенкөмірсуларды шектеу және тұрақты түрде тағам қабылдауды реттеу арқылы қол жеткізуге болады.Қант диабетінің I типі кезінде тәуліктік рационда негізгі ингредиенттердің қатынасы физиологиялықтан айырмашылығы болмауы керек.
Ары қарай жүргізу
Тамырлық асқынулар болмаған жағдайда стандартты тексеруді мына кесте бойынша жүргізеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет