Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет48/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Гемодинамикасы: үш жармалы қақпақша қызметі жетіспеушілігінде систола кезінде қан оң қарыншадан оң жүрекшеге кері ағады, осы кезде оң жүрекшеге жоғары қуыс веналардан қалыпты мөлшердегі қан келеді. Қанның көлемі көбейгенінен оң қарынша қалыңдап, керіледі. Диастола кезінде оң қарыншаға қан көп көлемде түседі, бұл оң қарыншаның кеңеюіне және қалыңдауына әкеліп соғады.
Клиникалық көрінісі - үлкен қан айналым шеңберіндегі веналық іркілу, үш жармалы қақпақшаның ақауында жылдам ісіктің, шеменнің, бауырдың ұлғаюына әкеліп соғады. Қарап тексергенде- терінің түсі көгеріп, кей кезде сарғыштанады, мойын көк тамырлары ісініп, оң веналық пульс және бауырдың тербелісі пайда болады. Пальпацияда - жүрек ұшы түрткісі сезілмейді,себебі сол жақ қарынша қалыңдаған оң жақ қарыншамен артқа қарай ығыстырылған. Перкуссияда - жүрек шекарасы оңға қарай ауытқиды, ол оң қарыншаның, жүрекшенің қалыңдауынан және кеңеюінен болады. Аускультацияда - семсер тәрізді өсінді негізінде 1 тон бәсең, систолалық шу естіледі. Ол шуыл демді шығармай дем алудың ең биік сатысында жақсы естіледі. Рентгенологиялық зерттеуде -жүректің оңға қарай қалыңдағанын көруге болады. ЭХОКГ- да үш жармалы қақпақшаның анықталуы қиындау. жүрекше аралықтарында оң қарыншаға түскен күштің әсерінен парадоксалды қозғалыстар пайда болады
Эндокардит, миокардит,перикардит
Эндокардит(инфекциялық) - жиі инфекциялық сипатта жүректің дәнекер тінді

қабатының(ішкі) қабынуымен сипатталатын ауру.




Инфекциялық эндокардит келесі жағдайлардан дамиды: транзиторлы бактериемия, тамырлардың және олардың эндотелилерінің зақымдануында, иммунитет бұзылыстарында. Бактериемия созылмалы инфекциялық ошақтан немесе инвазивті медициналық дағдылардан кейін дамуы да мүмкін. Жеделдеу инфекциялық эндокардиттің дамуына әсер ететін негізгі себептеріне - стрептококк, алтын түсті стафилакокк, пневмакокк, ішек таяқшалары жатады. Грамм теріс және анаэробты микроорганизмдермен саңырауқұлақты инфекциялармен шақырылған эндокардиттер ауыр ағымда өтеді және антибактериалды терапияға қиындықпен беріледі.
Сонымен қатар эндокардит дамуына жалпы және жергілікті факторлар да әсер етеді. Жалпы факторларға: иммунитеттің қатты төмендеуі, нашақорлармен, ішімдікке берілген адамдарда және егде жастағы адамдар жатады. Жергілікті факторларға: жүрек қақпақшаларының(клапан) туа және жүре пайда болған анатомиялық зақымданулары, жүрек ақауларында кездесетін жүрекішілік гемодинамикалық бұзылыстар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет