Асқынуы:септикалық шок, жүрек, ми эмболиясы, жедел жүрек жеткіліксіздігі.
Диагностикасы: нақты диагнозды анықтау үшін инструмендалды және лабораторлы зерттеулер жүргізіледі.
Жалпы қан анализінде: айқын байқалатын лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды. Ең негізгі диагностикалық маңызды зерттеу ол - қанның бактериологиялық себіндісі (бакпосев крови). Бұл зерттеуді жоғары қызба кезінде жүргізу нәтижелі болып табылады.Биохимиялық қан анализінде: белоктық спектрлерде өзгерістер болады альфа-1 және 2 глобулиндер жоғарылайды.
ЭХОКГ зерттеуден жүрек қақпақшаларынан көлемі 5мм ге дейінгі вегетацияны анықтауға болады(ол инфекциялық эндокардиттің ең негізгі диагностикасы). Және осы зерттеулерден мәлімет алу аз болып жатса, МРТ тағайындалады.
Емі: Инфекциялық эндокардит емі міндетті түрде ауруханада жүргізіледі, науқастың жағдайы жақсарғанша төсектік режимде болады. Ең негізгі жүргізілетін ем ол антибактериалдық терапия. Ол бактериалдық себінді нәтижесі анықтала салысымен, қоздырғышты анықтап жүргізіледі. Көбінесе кең спекторлі антибиотиктер тағайындалады.
Сонымен қатар медикаментозды емес емдерде жүргізіледі оларға, плазмоферез жатады. Қосымша симптомдар дамығанда, миокардит, полиартит, нефрит - қабынуға қарсы стероидты емес препараттар тағайындалады( диклофенак, инфометациян, ксефокам). Егер медикаментозды ем нәтижесіз болса, онда хирургиялық ем жүргізіледі.
Болжамы: Инфекциялық эндокардит жүрек -қан тамыр ауруларының ішіндегі ауыр түрі. Инфекциялық эндокардиттің бірнеше факторларына, қақпақшалардың зақымдануына, адекватты емнің жүргізілуіне байланысты. Жедел формасы ем жүргізілмесе 1-1,5 айда өліммен аяқталады.
МИОКАРДИТ
Миокардит – жүректің бұлшықетті қабатының қабынуымен жүретін ауру түрі, нәтижесінде оның басты қызметтері: қозғыштық, өткізгіштік, жиырылғыштық қасиеті төмендейді.Миокардиттердің абсолютты кездесу жиілігі белгісіз, тек кейбір аурулар кезінде кездесу жиілігіне байланысты бағдарлауға болады. Дифтерия кезінде миокардит 20-30% науқастарда, а летальдылық 50-60% жетеді. Жедел респираторлы вирусты аурулары бар науқастарда миокардит 1-15% жағдайда кездеседі. Тұмау эпидемиясы кезінде миокардттің клиникалық және инструментальды көрінстері 1-5% науқастарда дамиды, ал энтеровирустар - 5-15% жағдайда зақымдайды.