Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Зертханалық зерттеулерге материал алу ерекшеліктері



бет58/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Зертханалық зерттеулерге материал алу ерекшеліктері.
Лабораторлы зерттеулер – науқасты зерттеу әдістерінің ішіндегі ең маңыздысы. Бұл зерттеу қорытындысы, науқастың жағдайына, диагноз қоюға, динамикада бақылауына, емнің нәтижесін бағалауға көмектеседі.

  1. Микробиологиялық зерттеулерге зерттеу материалын алу әдістері:

  • Науқас адамдардан зерттеу материалын алу кезінде белгілі ережелерді сақтау керек:

  • Аурулардың көп түрінде микробтар адам организмінде қан арқылы таралуына сәйкес көбінесе қан зерттеледі. Қосымша зәр, нәжіс, қақырық, асқазан сөлі, бронхы жуындысы, жұлын сұйықтығы, шырышты қабықшалардан алынған жұғынды зерттеледі. Заттарды алу және зерттеу тағайындалған тәртіпке сәйкес болу керек.

  • Зерттеу материалын антибиотиктарды немесе басқа химиотерапевтикалық препараттарды қолданғанға дейін алу керек.

  • Материалды жеткілікті көлемде алып және оған қоршаған орта микроорганизмдерін жұқтырмас үшін асептика ережелерін сақтау қажет. Стерильді материальды (қан) алуды оны микроорганизмдермен- адам организмінің қалыпты микрофлорасының өкілдерімен ластап алмай жүргізеді.

  • Зерттелетін материал мүмкін болса қысқа мерзімде бактериологиялық, вирусологиялық, микологиялық немесе серологиялық лабораторияға жеткізу қажет. Оны жеткізу лабораторлық ыдыста немесе материалдың алғашқы температурасын сақтайтын немесе салқындататын, құрғақ мұзбен қатыратын арнайы контейнерде жеткізіледі. Лабораторияға бағытталған кез келген материал сәйкес бағыттамамен жеткізіліп, онда науқастың аты-жөні, материал түрі және оны алған күні, аурудың алғашқы клиникалық диагнозы көрсетілуі керек.

Іріңді перикардиттің емі. Антибактериалды терапия, пункция кезінде іріңді сорып алып, перикард қуысына тиісті антибиотиктер енгізу. Перикардқа іріңді экссудат жиналуына байланысты 3-5 күнде пункцияны қайталау қажет. 3-4 пункциялардан кейін нәтиже болмаса, перикардты жергілікті жансыздандыру немесе наркоз беру арқылы тіліп ашып, санациялайды. Перикардиотомияны төстің семсер тәріздес өсіндісінің бойымен тіліп, диафрагма үстінен жасайды. Іріңді перикардит сырқатына шалдыққан науқастардың тағдырын болжау қиын, бұл науқастарда көбінесе, ауыр жүрек-тамыр жетіспеушілігі орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет