B12 жетіспеушілік анемия
Пернициозды анемия (латperniciosus – қауіпті) немесе В12- жетіспеушілік анемия немесе мегалобластты анемия немесе Аддисон-Бирмер ауруы – ағзада В 12 витамин жетіспеушілігінен болатын қан жасау жүйесінің бұзылысынан болатын ауру. Әсіресе В12 жетіспеушілігіне сүйек кемігі және нерв жүйесі сезімтал болып келеді.
B12-жетіспеушілік анемия себептері:
Әртүрлі этиологиялық факторлар цианкобаламин немесе фолий қышқылының жетіспеушілігінен (сирек жағдайда екеуінің де жетіспеушілігі) болатын мегалобластты анемия себептері.
цианкобаламин жетіспеушілігіне келесі себептер әсер етеді:
вегетариандылық;
төмен абсорбция;
ішкі фактор жетіспеушілігі;
пернициозды анемия;
гастрэктомия;
асқазан эпителиінің химиялық заттармен зақымдалуы;
асқазанның инфильтративті өзгерістері (лимфома немесе карцинома);
Крон ауруы;
целиакия;
тоқ ішек резекциясы;
асқазан және ішектегі атрофиялық процесс;
В12 витаминінің асқазандағы бактериямен жойылуы;
асқазан – ішектік анастамоздан кейінгі жағдай;
тоқ ішек дивертикулы;
ішектік стаз немесе обструкция;
глисттыинвазия;
абсорбтаушы аймақтың патологиясы;
мықын ішек туберкулезы;
жіңішке ішек лимфомасы;
спру;
регионарлы энтерит;
транскобаламин 2 (сирек) туа пайда болған жетіспеушілігі
сіңірілу бұзылысы
фолат жетіспеушілігінің себептері:
1. Аз көлемде түсуі
шектелген рацион;
алкоголизм;
нервті-психикалықанорексия;
парентеральды тамақтану;
қарт адамдардағы балансты емес тамақтану
2. Сіңірілу бұзылысы
мальабсорбция
ішектің шырышты қабатының өзгерістері
целиакия және спру
Крон ауруы
регионарлыилеит
ішек лимфомасы
тоқ ішек резекциясынан соң болатын реабсорбциялаушы аймақтың азаюы
антиконвульсант пайдалану
3. Қажеттіліктің жоғарылауы
жүктілік
гемолитикалық анемия
эксфолиативтідерматит және псориаз
4. Утилизация бұзылысы
алкоголизм;
фолат антагонисттері: триметоприм және метотрексат;
фолаттардың туа пайда болған метаболизм бұзылыстары
Достарыңызбен бөлісу: |