Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Темір сіңірілуінің бұзылысына әкелетін жағдайлар



бет181/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Темір сіңірілуінің бұзылысына әкелетін жағдайлар:

  • асқорыту жолының аурулары (жіңішке ішектің резекциясысозылмалы энтерит, Крон ауруы, ішек амилоидозы, өзге себептерден болатын мальабсорбция);

  • қою шайға әуесқойлық (шәйдің құрамындағы танин темірдің
    сіңірілуін бөгейді);

  • гипотиреоз.

Темірдің көп мөлшерде жұмсалуына әкелетін жағдайлар:

  • улануға әкелетін аурулар (бүйректің, бауырдың шамасыздығы);

  • Қатерлі ісіктің барлық түрлері;

  • жүктілік және лактация;

  • организмнің тез өсуі.

Темірдің туа біткен тапшылығы:

  • көп балалы, темір тапшылығы бар анадан туылу.

Темірдің тамақпен аз түсуі:

  • ет тағамдарын тұтынбау (вегетариаңдықтар, дұрыс тамақтануға материалдық жағдайы келмейтіндер, тісі жоқ қариялар).

Темір тапшылық анемияның клиникалық көрінісі


Әлсіздік, бас айналуы, көз алдында щыбын-шіркейлерді көрі. Талмалар болуы мүмкін, ентікпе, шаштары сынғыш, түседі және тырнақтын сынғыштығы (кейді қасық тәрізді ішке ойылуы). Тәбеттің бұрмалануы, кейде науқастар жерді, шикі ет, қамыр, мұзды жейді. Иіс сезу бұрмалануы: керасин, зәр, ацетон. Түңгі диурез болуы мүмкін. Обьективті : тері сары – бозғылт. Температура субфебрильді, жүрек шекарасы сол жаққа ығысуы. Кейде тілдің шырышты қабатының атрофиясы байқалады және кариес дамуы ықтимал. Сидеропениялық синдром: шаш түсуі, тырнақ сынғыштығы, тері құрғақтығы
Зертханалық көрсеткіштердің өзгерістері.

  • Теміртапшылықты анемияның дамуында, шарты түрде, екі сатыны айырады. Біріншісінде, темір қорының азая бастауынан жасырын және айқын сидеропенияның белгілері пайда болады; екінші сатыда, ауырлай түскен сидеропенияның көрінісіне теміртапшылықты анемияның көріністері қосылады.

  • Қанның сарысуындағы темірдің мөлшері. Қалыпты көрсеткіші 12,5-30,4 мкмоль; темірдің тапшылығында 1,8-5,4 мкмоль/л дейін төмендеуі мүмкін.

  • Плазманың темірді жалпы байланыстыру қасиеті  (немесе сарысудың жалпы трансферрині). Қалыпты көрсеткіші 30,6-84,6 мкмоль/л; теміртапшылықты анемияда бұл көрсеткіш жоғарылайды;

  • Ферритиннің мөлшері. Қан сарысуындағы ферритиннің мөлшерінен организмдегі темірдің қорын бағалайды. Оның қалыпты көрсеткіші еркектерде 106 ± 21,5 мкг/л, әйелдерде 65 ± 18,6 мкг/л. Теміртапшылықты анемияда ферритиннің мөлшері 10 мкг/л төмен болуы мүмкін.

  • Десферал сынамасымен  темір қорының мөлшерін бағалау. Десферал — темірмен байланысып, зәрмен бөлінетін зат. Сау адамдарда 500мг десфералды енгізгеннен кейін, тәулігіне 0,8-1,3мг темір бөлінеді, ал теміртапшылықты анемияда бөлінетінтемірдің мөлшері 0,4 мг кем.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет