Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет184/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

B12 жетіспеушілік анемия


Пернициозды анемия (латperniciosus – қауіпті) немесе В12- жетіспеушілік анемия немесе мегалобластты анемия немесе Аддисон-Бирмер ауруы – ағзада В 12 витамин жетіспеушілігінен болатын қан жасау жүйесінің бұзылысынан болатын ауру. Әсіресе В12 жетіспеушілігіне сүйек кемігі және нерв жүйесі сезімтал болып келеді.
B12-жетіспеушілік анемия себептері:
Әртүрлі этиологиялық факторлар цианкобаламин немесе фолий қышқылының жетіспеушілігінен (сирек жағдайда екеуінің де жетіспеушілігі) болатын мегалобластты анемия себептері.
цианкобаламин жетіспеушілігіне келесі себептер әсер етеді: 

  • вегетариандылық;

  • төмен абсорбция;

  • ішкі фактор жетіспеушілігі;

  • пернициозды анемия;

  • гастрэктомия;

  • асқазан эпителиінің химиялық заттармен зақымдалуы;

  • асқазанның инфильтративті өзгерістері (лимфома немесе карцинома);

  • Крон ауруы;

  • целиакия;

  • тоқ ішек резекциясы;

  • асқазан және ішектегі атрофиялық процесс;

  • В12 витаминінің асқазандағы бактериямен жойылуы;

  • асқазан – ішектік анастамоздан кейінгі жағдай;

  • тоқ ішек дивертикулы;

  • ішектік стаз немесе обструкция;

  • глисттыинвазия;

  • абсорбтаушы аймақтың патологиясы;

  • мықын ішек туберкулезы;

  • жіңішке ішек лимфомасы;

  • спру;

  • регионарлы энтерит;

  • транскобаламин 2 (сирек) туа пайда болған жетіспеушілігі

  • сіңірілу бұзылысы

фолат жетіспеушілігінің себептері: 
1. Аз көлемде түсуі

  • шектелген рацион;

  • алкоголизм;

  • нервті-психикалықанорексия;

  • парентеральды тамақтану;

  • қарт адамдардағы балансты емес тамақтану

2. Сіңірілу бұзылысы

  • мальабсорбция

  • ішектің шырышты қабатының өзгерістері

  • целиакия және спру

  • Крон ауруы

  • регионарлыилеит

  • ішек лимфомасы

  • тоқ ішек резекциясынан соң болатын реабсорбциялаушы аймақтың азаюы

  • антиконвульсант пайдалану

3. Қажеттіліктің жоғарылауы

  • жүктілік

  • гемолитикалық анемия

  • эксфолиативтідерматит және псориаз

4. Утилизация бұзылысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет