Еңбек сараптамасы. Созылмалы миелолейкозбен ауыратындар, негізінен өмір бақи 2-ші топ мүгедегі болып анықталады.
Диспансерлеу. Созылмалы миелолейкозбен ауыратындарды дәрігер 14-30 күн сайын қарап, қанды тексеріп отыруы керек, айына бір рет гематолог кеңесі беріледі.
Санаторийлық-курорттық ем қолдануға болмайды.
Болжамы: жайлы емес. Ауру адам орташа есеппен 5-7 жыл өмір сүреді.
ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ВАСКУЛИТТЕР
Геморрагиялық васкулит (Шенлейн — Ге́нох, ауруы пурпурасы) – микротамырлардың қабырғасының асептикалық қабынуымен және микротромбтардың түзілуімен сипатталатын, тамыр және ішкі ағзалардың зақымдалуымен ерекшеленетін жүйелік васкулиттер тобының ауруы.
Эндогенді себептері:
вирусты (герпес, грипп, ЖРВИ);
бактериалды (стрептококк, стафилококк, туберкулез микобактериясы, микоплазма);
паразитарлы (трихомониаз, глисттi инвазия);
iшек токсикоинфекциялары коздыргышы.
Тұқым қуалаушылық
Экзогенді себептер:
Дәрі-дәрмек қабылдау
Жоғары немесе төмен температура
Вакцинация
Алиментарлы аллергия
Геморрагиялық васкулит патогенезі
Патогенезі келесідей сатылы түрде өтетін процесс.
Тудырушы фактор
Иммунды жүйе активациясы
иммунды комплекстер
Кіші тамыр арнасының қабырғасына беку
Тамыр өткізгіштігінің жоғарлауы
микротамырлардың асептикалық зақымдалуы
Қанда иммунды комплекстер гомеостаздың төмендегі –өзгерістеріне әкеледі:
Тромбоциттер активациясы
Айқын гиперкоагуляция
Кездейсоқ агрегаттардың қандағы ағымы
тромбопения және антитромбин III қан плазмасында төмендеуі
Фибринолиз депрессиясы
Виллебранд факторының деңгейінің жоғарлауы.
Достарыңызбен бөлісу: |