Жедел жәрдемді қажет ететін ырғақ пен өткізгіштіктің түрлері:
пароксизмдік суправентрикулярлы тахикардия;
жүрекшелердің 1:1, 2:1 қатынастарындағы пароксизмдік жыпылықтауы не тыпырлауы;
қарыншалық тахикардия;
миокард инфарктының жіті кезеңіндегі политопты не жұптасқан қарыншалық экстрасистолия;
Моргань – Адамс – Стокс ұстамасының дамуымен жүретін брадиаритмия;
толық АВ-блокада
Негізгі клиникалық белгілеріне жүрек қағуы не жүректің қатты қағуы сезімдері жатады. Сонымен қатар, аритмиялар бас айналуы не есінен тану белгілерімен де байқалуы мүмкін. Аримиялардағы есінен тану белгісін Моргань–Адамс–Стокс ұстамасы деп атайды.
Тахиаритмиялар ЖИА науқас адамдарда стенокардияның ұстамасын тудыруы мүмкін, ал жүректің сүлелі жетіспеушілігі бар адамдарда пароксизмдік тахикардия кезінде ентігуі күшейе түседі, демігу ұстамасы болуы мүмкін, тіпті өкпе шемені де дамуы ықтимал.
Аритмия кезінде гемодинамиканың айқын бұзылыс-тарында «аритмогенді» шоктың, қарыншалардың фибрилляциясының дамулары мен кенеттен қаза болуы да мүмкін.
Пароксизмдік суправентрикулярлық тахикардия:
Диагностикасы
Жедел жәрдем
верапамил 0,25% – 2-4 мл венаға баяу егу, қажеті болса 10-15 минуттан соң АҚ қадағалау арқылы қайталау;
АТФ 1% 0,6 мл (6 мг) венаға 3-5 сек жылдамдықта егу, көмек болмаса 2–5 минуттан соң 12 мг қайталау;
новокаинамид 10% 5–10 мл (1000 мг) венаға минутына 50-100 мг жылдамдықта егу;
коргликон 0,06% – 1 мл венаға баяу егу 10–20 мл 5% глюкоза не 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде егу. Миокардтың жіті инфарктында қолдануға болмайды!!!
обзидан 0,1% 5 мл венаға 10–20 мл 5% глюкоза не 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде егу;
магния сульфат 25% 5 –10 мл венаға 10–20 мл 5% глюкоза не 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде егу;
осы емдер тиімсіз болса (реципрокты жүрекшелік не АВ-тахикардияны тойтару үшін) – өңештік электрокардиостимуляция жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |