Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Қарыншалық пароксизмдік тахикардияның емі



бет82/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Қарыншалық пароксизмдік тахикардияның емі
Бұл жағдайда рефлекторлық шаралар көмектеспейді, кейде төс аймағын жұдырықпен қатты ұрып жіберіп ұстаманы тоқтатуға болады. Қарыншалық пароксизмдік тахикардия емінің бірінші қатардағы дәрмегі - лидокаин, оның 4-6 мл 2% ерітіндісін физиологиялық ерітіндінің 10 мл қосып вена ішіне ағызып енгізеді және 50 мл физиологиялық ерітіндінің 500 мл қосып венаға минутына 10 тамшы жылдақпен тамшылатады. Басылған ұстама қайталанбауы үшін лвдокаиннің 10% ерітіндісін 300-400-600 мг бұлшықетке 3-4 сағат сайын енгізіп отырады. Лидокаин әсер етпесе, екінші қатардағы дәрмек — новокаинамидті қолданады (10% ерітіндісінің 10 мл, 10 мл физиологиялық ерітіндіге қосып венаға баяу енгізеді).Новокаинамидтің орнына дизопирамидті (ритмилен) 150 мг,этмозинді 150 мг аймалинді 50 мг қолданады Бұлардан көмек болмағанда үшінші қатардағы дәрмек - кордарон 300 • мг вена ішіне енгізіледі. Қан қысымы төмендеп кетсе вазопрессорларды вена ішіне тамшылатып салады. Қолданған ем әсер етпесе -: жүрекшеішілік электрокардиостимуляция немесе электрлік дефибрилляция жасалынуы тиіс. Дәрмектік емге берілмейтін және жиі қайталанатын пароксизмдік тахикардияның ұстамаларында хирургиялық ем (циркулярлық эндокардиальдік вентрикулотомия, эндокардиальдік; резекция, электрофулгурация) жасалынады. Пароксизмдік тахикардияның алдын алуға берілетін дәрмектер: кордарон, ритмилен, хинигі дин, аймалин, т.б. Бүлардың дозасын ЖСС караи мөлшерлейді.
Жүрекшелер дірілі мен жыбыры.
Жүрекшелер дірілі - өткізу жүйесі автоматмзмінін күшеюінен немесе re-entrey механизміне байланысты жүрекшелердін минугына 250-400 жиілікпен жиырылуы. Оның ырғақты және ырғақсыз түрлерін айырады. Функциялық АВ блокқа байланысты жүрекшелерден шыққан импульстің әр екіншісі, үшіншісі, төртіншісі немесе бесіншісі ғана қарыншаларға өткізіледі. ЭКГ-лық көрінісі 
Изосызықта минутына 200-400 жиіліктегі ірі Ғ толқындар болады. Қарыншалық комплекстер қалыпты, олардың аралықтары ырғақты түрінде бірдей, ал ырғақсыз түрінде - әртүрлі.
Жүрекшвлер жыбыры немесе жыбыр аритмияэктопиялық ошақтардың көптігінен жүрекшелік бұлшыкет талшықтарының әр тобы өз бетінше хаосты қозып жиырылуы, яғни жүрекшелердің бір уакытта тұтас қозуы мен жиырылуы болмайды (жиырылудың орнына жүрекшелердің беті жыбырлап тұрады). 
Түзілген импульстердің саны минутына 300-700 шамасында. Оларң кейбіреулері ғана қарыншаларға өте алады. Сондықтан қарыншлардың жиырылуы минутына 90-200 аспайды, көбіне 90-140 және ырғақсыз. Жүрек соғу санына қарай жыбыр аритмияны нормосистолялық тахисистолиялық және брадисистолиялық түрлеріне айырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет